"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 қазандағы N 155, N 2021 бойынша тіркелген бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2485

Қолданыстағы

      "Әділет органдары" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 2021 болып тіркелген) 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2, 3 тармақтарда:
      "Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мен жинақтау басқармасына" деген сөздер "Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне" деген сөздермен ауыстырылсын";
      5 тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Әділет вице-Министрі Р.Ш. Шамсутдиновке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулыққа:
      3-тармақтың екінші абзацында:
      "Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мен жинақтау басқармасына (бұдан әрі - Басқарма)" деген сөздер "Заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментіне (бұдан әрі - Департамент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 11, 13, 14-тармақтарда:
      "Басқарма", "Басқармада" деген сөздер "Департамент", "Департаментте" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтіндерін кейіннен жариялауға құқық беру туралы шешім жетекшілік ететін вице-министр қорытындыны бекіткеннен кейін тиісті мөртаңба (2-қосымшаға сәйкес) қою арқылы ресімделеді";
      бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мөртаңбаны Ішкі әкімшілік департаментінің директоры қояды";
      екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мөртаңба Ішкі әкімшілік департаментінде сақталады".
      15-тармақта:
      "Қосымшаға" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
      17 тармақта:
      "Басқарма бастығы" деген сөздер "Департамент директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Нұсқаулыққа қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің      
2003 жылғы 5 қыркүйектегі  
N 182 бұйрығына       
Қосымша           

Қазақстан Республикасы    
нормативтік құқықтық     
актілерінің ресми мәтіндерін
кейіннен жариялауға     
сараптама өткізу және    
құқық беру жөніндегі    
Нұсқаулығына       
2-қосымша        

РЕСМИ МӘТІН
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі