"Кредиттік серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
23-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені бекіту жөнінде" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 256
қаулысының
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 894 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 13-26 қыркүйекте жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 435
қаулысының
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1047 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір - 7 мамырда жарияланған);
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 391
қаулысының
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1289 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша-3 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының "Кредиттік
серіктестіктерге арналған
пруденциалдық нормативтер туралы
ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы
4 шілдедегі N 223 қаулысымен
бекітілген
Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық
нормативтер туралы ереже
Осы Ереже "Кредиттік серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді белгілейді.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) кредиттік серіктестіктерге арналған мынадай пруденциалдық нормативтерді белгілейді:
жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін;
меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін;
жеткілікті меншікті қаражатының коэффициентін;
бір қатысушыға тәуекел коэффициентін;
өтімділік коэффициентін.
2. Қазақстан Республикасы үкіметінің "Аграрлық секторды кредиттеу мәселелері туралы" 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысын іске асыру шеңберінде құрылған кредиттік серіктестіктер осы Пруденциалдық нормативтер ережесінде көзделген "Аграрлық кредиттік корпорация" жабық акционерлік қоғамынан алынған кредиттер бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ аталған кредиттік серіктестіктердің "Аграрлық кредиттік корпорация" жабық акционерлік қоғамының жоғарыда аталған кредиттері есебінен өзінің қатысушыларына берген кредиттер бойынша талаптарды есепке алмайды.
2-тарау. Пруденциалдық нормативтер
3. Кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 10 миллион теңге болады.
Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген кредиттік серіктестіктердің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 3 миллион теңге болады.
4. Кредиттік серіктестіктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 8 миллион теңге болады.
Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген кредиттік серіктестіктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 1 миллион теңге болады.
5. Меншікті капитал:
төленген жарғылық капитал (кредиттік серіктестік қатысушыларының міндетті жарналары шегінде);
кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналары;
қосымша капитал;
өткен жылғы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптасқан қорлардың, резервтердің);
ағымдағы жылғы кірістің ағымдағы жылдың шығыстарынан асып түсу;
қайта бағалау бойынша резервтер сомасы ретінде есептеледі;
мыналарды шегере отырып:
материалдық емес активтерді;
өткен жылғы шығындарды;
ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылдың кірістерінен асып түсуі.
6. Жеткілікті меншікті қаражат коэффициенті кредиттік серіктестіктің меншікті капиталының кредиттік серіктестік міндеттемелерінің және шартты әрі ықтимал міндеттемелерінің сомалық көлемі ретінде есептеледі.
Жеткілікті меншікті қаражат коэффициентінің мағынасы 1-ден кем емес болуы тиіс.
7. Кредиттік серіктестіктің бір қатысушысына тәуекел коэффициенті кредиттік серіктестіктің қатысушыға қоятын талаптар сомасының (оның ішінде берілген заем, ұсынылған лизинг бойынша), сондай-ақ кредиттік серіктестік қатысушысының ақшалай міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын, оның ішінде кредиттік серіктестіктің банк шоттарындағы сомаларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, кепілдіктерді және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын, сауда-саттықты ұйымдастырушының ең жоғары санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды, кредиттік серіктестікке сейфтік сақтауға берілген аффинирленген қымбат металдарды шегергенде кредиттік серіктестіктің қатысушысы алдындағы шартты міндеттемелер сомасының (оның ішінде банк кепілдемелерін, банк кепілдіктерін, банк кепілдемесін және кредиттік серіктестіктің қатысушысы үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру бойынша) кредиттік серіктестіктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
Бір қатысушыға тәуекел коэффициентінің мағынасы 0,5 астам болмау тиіс.
8. Кредиттік серіктестіктің бір қатысушысына заемдар пруденциалдық нормативтерді сақтай отырып берілген жағдайда, бірақ кейінірек оларға сәйкес болмағанда, кредиттік серіктестік үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкті оларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын көрсете отырып пруденциалдық нормативтерді бұзу фактісі туралы хабардар етуге тиіс.
9. Өтімділік коэффициенті жоғары өтімді активтер сомасының талап етуге дейінгі міндеттемелердің көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.
Кредиттік серіктестіктің өтімділік коэффициенті 0,2 кем емес болуы тиіс.
10. Жоғары өтімді активтердің есебіне:
қолма-қол ақша;
оларды кері сатып алу шартымен сатылған немесе кредиттік серіктестіктің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздар, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының "А" санатының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар;
Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі талап етуге дейінгі депозиттер, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының "А" санатының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар жатады.
11. Талап етуге дейінгі міндеттемелердің есебіне:
кредиттік серіктестіктер қатысушыларының талап етуге дейінгі шоттардағы ақша;
талап етуге дейінгі басқа міндеттемелер, оның ішінде төлемдер мен ақша аударымдары, қолма-қол ақша беру, жүзеге асыру мерзімі бір айдан аспайтын немесе жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген заемды беру бойынша міндеттемелер жатады.
12. Кредиттік серіктестікте есепті кезең ішінде тартылған заемдар бойынша немесе ашық банк шоттары бойынша мерзімі өткен міндеттемелері болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заң нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда өтімділік нормативтері өтімділік коэффициентінің есепті мағыналарына қарамастан орындалмаған деп есептеледі.
13. Кредиттік серіктестіктер ай сайын қаржылық есеппен бірге Ұлттық Банкке осы Ереженің қосымшасына сай нысан бойынша пруденциалдық нормативтерді орындау туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы Ереженің 2-тармағында айқындалған кредиттік серіктестіктер осы Ереженің қосымшасына сай нысан бойынша осы Ережеде көзделген пруденциалдық нормативтердің есебіне енгізілмейтін талаптар мен міндеттемелер сомаларын көрсетеді.
14. Кредиттік серіктестіктер осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
15. Кредиттік серіктестік қатысушылардан олардың кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесін сатып ала алады, егер мұндай сатып алу пруденциалдық нормативтердің кез келгенін бұзуға әкеліп соқтырмаса.
16. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.
Кредиттік серіктестіктерге арналған
пруденциалдық нормативтер туралы
ережеге қосымша
Пруденциалдық нормативтер туралы
ЕСЕП
__________________________________
(кредиттік серіктестіктің атауы)
200___ жылғы "____" _____________ жағдай бойынша
1. Жеткілікті меншікті қаражат коэффициентінің есебі К1, мұнда К1 = СКкт/О (1 кем емес), мұнда
СКкт - кредиттік серіктестіктің меншікті капиталы,
О - кредиттік серіктестік міндеттемелерінің және шартты ықтимал міндеттемелерінің сомалық көлемі
К1 = ______/ _______ = ________
Нормативті сақтау: ________
2. Бір қатысушыға тәуекел мөлшерінің есебі К2, мұнда
К2 = Р1 (СКкт-ден 0,5 астам емес)
Р1 - заемшының атауы және осы Ереженің 9-тармағына сәйкес есептелген кредиттік серіктестіктің бір қатысушысына тәуекел мөлшері ________ мың теңге.
К2 = ________
Нормативті сақтау: ________
3. Кредиттік серіктестіктің ағымдағы өтімділік коэффициентінің есебі К3, мұнда
К3 = ВЛА/ОВ (0,2 кем емес), мұнда
ВЛА - кредиттік серіктестіктің жоғары өтімді активтері
ОВ - кредиттік серіктестіктің талап етуге дейінгі міндеттемелері
К3 = ______/ _______ = ________
Нормативті сақтау: ________
Басқарма Төрағасы _______________ (қолы)
Бас бухгалтер _______________ (қолы)
Орындаушы _______________
телефоны _______________