Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1580 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 220 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2415. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.11.30.  N 257  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 16-29 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2270 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118  қаулысымен  бекітілген толықтырулармен) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Барлық банктер үшін меншікті капиталдың ең аз мөлшері мынадай шекте белгіленсін:
      1) банкте бір филиал және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) болған жағдайда - 1.000.000.000 (бір миллиард) теңге;
      2) банкте бірден астам филиал және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) болған жағдайда - 1.000.000.000 (бір миллиард) теңге әрі оған қоса:
      облыс орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30.000.000 (отыз миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 15.000.000 (он бес миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 10.000.000 (он миллион) теңге;
      облыс орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 15.000.000 (он бес миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 10.000.000 (он миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы) үшін - 5.000.000 (бес миллион) теңге.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:
      "3-1. Екінші деңгейдегі банктер 2004 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулының 3-тармағына сәйкес келтірсін.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы