Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекет кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1174 болып тіркелген "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөніндегі Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің: 1478 болып тіркелген - 2001 жылғы 11 наурыздағы N 123 , 2239 болып тіркелген - 2003 жылғы 19 наурыздағы N 117 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбулада "Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындарымен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 мамыр 2000 жылғы N 702 қаулысына " деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекет кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына " деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi нұсқаулыққа:
7-тармаққа:
екінші абзацта "(табыс" деген сөз "(жеке табыс" деген сөздерге ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"табыс" деген сөздің алды "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
"жеке тұлғалардан алынатын" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1. 150 жол бойынша 5-10 бағандарда денсаулық сақтау мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстарын қоспағанда, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстары көрсетіледі";
"8-2. 230 жол бойынша 5-10 бағандарда денсаулық сақтау мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстарын қоспағанда, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстары көрсетіледі";
16-тармақтың екінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Кәсiпорынның кiрiстерi:
білім беру қызметтерін көрсеткен;
косметологиялықты қоспағанда, медициналық (ветеринарлық) қызметтерді көрсеткен;
шоу-бизнес саласындағы қызметтерді қоспағанда, театр-концерт қызметін жүзеге асырған жағдайларда ұлғайғанда;";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. 16-тармақта көзделген жағдайлардан басқа, бекiтiлген сметамен салыстырғанда Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жүргiзiлмейдi.";