Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 мамыр N 702. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) K941000_ 44-бабына сәйкес және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 P991872_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасаудың тәртібін анықтасын.
      3. Мемлекеттік тапсырыстың орындалуына жауапты және оны қазыналық кәсіпорындар арқылы іске асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулының жарияланған күнінен бастап 10 күннің ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік тапсырысты орындайтын қазыналық кәсіпорындардың тізбесін ұсынсын және кейіннен оған барлық өзгерістерді ұсынсын.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті

 

бюджеттердің қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырысты орындайтын қазыналық

кәсіпорындардың тізбесін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына ұсынсын және кейіннен оған

барлық өзгерістерді ұсынсын.

     5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 11 мамырдағы

                                                N 702 қаулысымен

                                                   бекітілген


              Мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде

                  қазыналық кәсіпорындармен жасалатын

                азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің

                                 Ережесі



 
       Осы Ереже мемлекеттік тапсырысты орындаудың шеңберінде қазыналық кәсіпорындармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің тәртібін белгілейді.
      1. Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайтын қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - кәсіпорын) өздерінің шығыстар сметасының негізінде ондағы мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шығыстарды бөле отырып, оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық органы) тіркейді. Смета Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жасалады және оны уәкілетті орган бекітеді.
      Кәсіпорын жасасатын мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер (бұдан әрі - шарттар), қазынашылықтың аумақтық органында оларды тіркегеннен кейін, жасалған деп саналады.
      Заңнамалық кесімдерде көзделген жағдайларда, кәсіпорынның лауазымды тұлғалары уәкілетті орган бекіткен оның шығыстар сметаларының сомасынан жоғары мемлекеттік тапсырысты орындау бөлігінде шарттық міндеттемелерді қабылдағаны үшін жауаптылықта болады.
      2. Кәсіпорын қазынашылықтың тиісті аумақтық органына уәкілетті орган бекіткен шығыстардың сметасын, онда мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шығыстарды бөле отырып ұсынады. Қазынашылықтың аумақтық органы шығыстардың бұл сметаларын мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттарды тіркеудің тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) (1-қосымша) енгізеді.
      3. Шартты тіркеу үшін кәсіпорын қазынашылықтың аумақтық органына мынадай құжаттарды:
      қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген сәтінен бастап күшіне енетіндігі туралы жағдайы міндетті түрде болатын шартты үш данада;
      мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шартты тіркеуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) (2-қосымша) ұсынады.
      4. Қазынашылықтың аумақтық органы өтінімнің деректемелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді және кәсіпорын кодының бар-жоғына, өтінімде көрсетілген мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы бөлігінің (соманың) мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған сметалық тағайындаулардан асып түспеуіне бақылауды жүзеге асырады. Өтінім мен шарттың бір данасы қазынашылықтың аумақтық органында қалдырылады. Шарттың қалған екі данасында қазынашылықтың аумақтық органы оның тіркелгендігі туралы белгі қояды және оларды кәсіпорынға қайтарады. Қазынашылықтың аумақтық органының, егер өтінімде "оның ішінде, мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы" деген жол бойынша сома мемлекеттік тапсырыс бойынша шығыстардың осы түрінің сметалық тағайындауларынан асып түсетін болса, кәсіпорынның шартын тіркеуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      5. Шарттың сомасы немесе оның тараптарының деректемелері өзгерген жағдайда кәсіпорын қазынашылықтың аумақтық органына шартқа тиісті қосымша келісімді және оны тіркеуге арналған өтінімді ұсынады. Тіркеу осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген, бірақ ағымдағы қаржы жылы аяқталмаған шарттар, келесі қаржы жылында атқарылуға жатады.
      Қаржы жылы аяқталғаннан кейін қазынашылықтың аумақтық органы кәсіпорынға мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған міндеттемелер туралы, егер мұндайлар орын алатын болса, анықтама (бұдан әрі - анықтама) (3-қосымша) береді. Анықтаманы, ол кәсіпорынға берілгенге дейін, қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған міндеттемелер туралы анықтамаларды тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) (4-қосымша) тіркейді. Журналдағы жазбаларды анықтамаларды тіркеуге жауапты болып тағайындалған адам жүргізеді. Мемлекеттік тапсырыстың атқарылу тізілімінің деректері (5-қосымша) мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мемлекеттік тапсырыс бойынша оның бюджеттік шотынан, осы шығыс операцияларын жүзеге асыратын қазынашылықтың тиісті аумақтық органы қазыналық кәсіпорынның орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органына ұсынатын қазыналық кәсіпорынның есеп айырысу шотына ақша аударуға арналған төлем тапсырмалары анықтаманы жасау үшін негіз болып табылады.
      Мемлекеттік тапсырыстың атқарылуы тізіліміне қазынашылықтың аумақтық органы олардың негізінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша шығыс операциялары жүзеге асырылған, кәсіпорынның төлем тапсырмаларының деректемелерін енгізеді.
      Егер, кәсіпорынға екінші деңгейдегі банк қызмет көрсеткен жағдайда, кәсіпорын келесі операциялық күннен кешіктірмей, шарттардың тіркелген орны бойынша "Төлемнің тағайындалуы" мәтіндік кеңістігінде мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шығыстардың түрі мен сомасын көрсете отырып, шығыстарды жүргізуге арналған төлем тапсырмаларының көшірмелерін ұсынады.
      Аталған мәтіндік кеңістікте шартты іске асыру жөніндегі барлық төлем тапсырмаларының көрсетілген жалпы сомасы мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған сметалық тағайындаулардың сомасынан және "оның ішінде, мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың сомасы" деген жол бойынша шартты тіркеуге арналған өтінімде көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
      7. Шартты бұзған жағдайда, кәсіпорын қазынашылықтың аумақтық органына

 

шарттың бұзылғандығы туралы жазбаша хабарлайды. Қазынашылықтың аумақтық

органы мемлекеттік тапсырысты атқару тізілімінің "Ескерту" бағанына

шарттың бұзылғандығы туралы тиісті белгі қояды, 5-қосымша.


                                                               1-қосымша

_________________________________________    

(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)

       Мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттарды тіркеудің    

                                  Тізілімі


            _____________________________________________ бойынша

               (қазыналық кәсіпорынның атауы және коды)

                             _________ жылға

                                                                    теңге

---------------------------------------------------------------------------

жол!Қазыналық кәсіпорын!Шығыстардың сомасы !  Шартты мемлекеттік тапсырыс

N !шығыстарының түрі  !                   !   

   !-------------------!-------------------!-------------------------------

   !барлығы!оның ішінде!барлығы!оның ішінде!    өтінімнің деректемелері 

   !       !мем.тапсыр.!       !мем.тапсыр.!-------------------------------

   !       !орындауға  !       !орындауға  !тіркелген!N__!мем. тапсырыстың

   !       !           !       !           !   күні  !   !    сомасы

---------------------------------------------------------------------------

1 !   2   !     3     !   4   !     5     !    6    ! 7 !        8  

---------------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:

---------------------------------------------------------------------------

                            шеңберінде тіркеу    

---------------------------------------------------------------------------

өтінімнің деректемелері!өтінімнің деректемелері!өтінімнің деректемелері!Жи.

-----------------------!-----------------------!-----------------------!ыны

тіркел.!N_!мем. тапсыр.!тіркел.!N_!мем. тапсыр.!тіркел.!N_!мем. тапсыр.!

ген    !  !ыстың сомасы!ген    !  !ыстың сомасы!ген    !  !ыстың сомасы!

күні   !  !            !күні   !  !            !күні   !  !            !

---------------------------------------------------------------------------

   9   !10!    11      !  12   !13!     14     !   15  !16!     17     !18

---------------------------------------------------------------------------

Қазынашылықтың жауапты атқарушысы

                                                                2-қосымша



                                 _________________________________________



                                 (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)




_________________________________________    

(қазыналық кәсіпорынның атауы және коды*)


 
 
                         Мемлекеттік тапсырысты орындауға

 

                 байланысты шартты (шартқа қосымша келісімді)

                             тіркеуге арналған    


                     ________ жылғы "___"____________

                               N ____ Өтінім


     Шарттың нөмірі ____________________________________

     Шарттың күні _______ жылғы "___"___________

     Шарттың атауы _____________________________________________________

     Шарт бойынша жалпы сома ___________________________________________


     ____________________________________________________________ теңге

                          (санмен және жазумен)

     оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты шарттың      

     сомасы ______________________________________________________ теңге

                          (санмен және жазумен)

     Шығыстар сметасы жолының нөмірі ___________________________________

                                      (жолдың нөмірі және мемлекеттік

     ___________________________________________________________________

     тапсырысты орындауға жұмсалған шығыстардың сметасы көрсеткішінің     

     атауы көрсетіледі)

     Қазыналық кәсіпорынның басшысы _________________  _________________

                                         (қолы)        (тегі, аты-жөні)

     Бас бухгалтер  ________________  _________________

                        (қолы)        (тегі, аты-жөні)


     М.О.

     ___________________

     * 7 мәннен тұратын код (алғашқы үш мән - бюджеттік бағдарламалар     

     әкімшісінің коды, қалған төрт мән - қазыналық кәсіпорынның коды)



                                                               3-қосымша


     ________________________________________

     (Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)


                __________________________________________ бойынша

                 (қазыналық кәсіпорынның атауы мен коды)

                        _________ жылғы "___"___________

                  мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты

                         аяқталмаған міндеттемелер туралы

                                N _______ Анықтама

           _________________________________________________________

           (10 мәнді коды көрсетілген бюджеттік бағдарламаның атауы)

                                                                      теңге

---------------------------------------------------------------------------

N !Мемлекеттік тапсырысты!Бюджеттік бағдарламалар! Қазыналық  !Мемлекеттік

р/р!орындауға жұмсалатын  !әкімшісінің мемлекеттік!кәсіпорынның! тапсырыс

   !шығыстар сметасының   !тапсырысты төлеуге     !мемлекеттік ! бойынша 

   !   жалпы сомасы       ! жұмсалатын шығыстары  ! тапсырысты !аяқталмаған

   !                      !-----------------------! орындауға  !міндеттеме.

   !                      !  төлем    !  төлем    ! байланысты !лер (4-бағ.

   !                      !тапсырмасы.!тапсырмасы.!шығыстарының! - 2-бағ.)

   !                      !ның нөмірі !ның сомасы !жалпы сомасы!

   !                      ! мен күні  !           !            !

---------------------------------------------------------------------------

1 !         2            !     3     !     4     !      5     !     6    

---------------------------------------------------------------------------


Қазынашылықтың жауапты атқарушысы

                                                               4-қосымша 

__________________________________________

(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)  


          Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты аяқталмаған

                   міндеттемелер туралы анықтамаларды тіркеу

                                  Журналы


                                        _______ жылғы ___________ басталды

                                        _______ жылғы ___________ аяқталды



                                                                   Жалғасы



 
       Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылсын
 

 

     ____________________ жыл

---------------------------------------------------------------------------

N !    Қазыналық     !Қазын.! Анықтаманың ! Мемлекеттік  !  Анықтаманы

р/р!кәсіпорынның атауы!кәсіп.!  деректері  !  тапсырыс    !берген тұлғаның

   !                  ! коды !-------------!   бойынша    !тегі, аты-жөні

   !                  !      !нөмірі! күні ! аяқталмаған  !

   !                  !      !      !      ! міндеттемелер!   

---------------------------------------------------------------------------

1 !        2         !  3   !  4   !  5   !      6       !        7    

---------------------------------------------------------------------------

     * Осы бағанда мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты

орындалмаған міндеттемелері туралы анықтаманың 6-бағандағы деректер

көрсетіледі.

                                                                 5-қосымша

_________________________________________

(Қазынашылықтың аумақтық органының атауы)


_________________________________________    

(қазыналық кәсіпорынның атауы және коды)

                       Мемлекеттік тапсырыстың атқарылу

                                  Тізілімі*    

                                ________ жылға

                                                                 теңге

---------------------------------------------------------------------------

жол!Мем. тапсырысты орындауға арналған!  өтінімнің  !     Іс жүзіндегі

N !  шығыстар сметасының деректері   !деректемелері!----------------------

   !----------------------------------!-------------!   мем. тапсырыстың

   !мем. тапсырысты!мем. тапсырысты   !N____!сомасы !----------------------

   !орындауға ар.  !бойынша шығыстар. !     !       !нөмірі және ! сомасы

   !налған шығыс.  !дың сомасы        !     !       !    күні    !

   !тардың түрлері !                  !     !       !            !

---------------------------------------------------------------------------

1 !      2        !         3        !  4  !   5   !      6     !    7 

---------------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:

---------------------------------------------------------------------------

                                                атқарылуы       !Ескерту**

----------------------------------------------------------------!

орындалуы бойынша шығыстарды төлеуге төлем тапсырмасының        !         

                      деректемелері                             !

----------------------------------------------------------------!

нөмірі!сомасы!нөмірі!сомасы!нөмірі!сомасы!нөмірі !сомасы! жиыны !    

және !      ! және !      ! және !      ! және  !      !       !

күні !      ! күні !      ! күні !      ! күні  !      !       !

---------------------------------------------------------------------------

   8  !  9   !  10  !  11  !  12  !  13  !  14   !  15  !  16   !    17

---------------------------------------------------------------------------


     Қазынашылықтың жауапты атқарушысы

     *  Тізілім шарттардың әрбір түрі бойынша жеке жүргізіледі;

     ** Шарт бұзылған кезде "Шарт бұзылды" деген тиісті белгі жасалады.




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.