Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiн бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2386

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi реттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттігінiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 31-Ө бұйрығы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 452 тiркелген, 1998 жылы, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, II том);
      2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 28-Ө бұйрығы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 74 тiркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтік актiлер жинағында жарияланған, II том).

      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 
Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы 
қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай
құжаттарына өзгерiстер мен      
толықтыруларды әдiлет органдарында 
мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру  
ережесiн бекiту туралы"       
2003 жылғы 29 мамырдағы       
N 176 қаулысымен бекiтiлген    

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына  және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалынған және жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге pұқсат беру тәртiбiн, мұндай рұқсат беруге бас тарту негiздемелерiн айқындайды.

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функцияларды және өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшiн мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) құрылтай құжаттарының екi дана көшiрмесi;
      3) осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәлiметтер, оған мынадай құжаттар қоса берiледi (құрылтайшы заңды тұлғалар үшiн):
      құрылтайшының соңғы екі жылдағы және құжаттарды өткізер алдындағы соңғы айдағы қаржылық есебi;
      құрылтайшының соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебiн тексеру нәтижелерi туралы аудиторлық есебi;
      құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тiзiлiмiнен уәкiлеттi органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннiң алдындағы күнi оның дауыс берушi акцияларының бес және одан астам процентiне ие болған адамдары көрсетiлген жазбасы;
      құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктердiң және статистикалық карточкалардың көшiрмелерi;
      жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешiмiнiң) көшiрмесi.

      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін уәкілеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң (жалғыз акционер шешiмiнiң) көшiрмесi;
      3) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың екi дана көшiрмесi.

      3. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру кезiнде құрылтай құжаттарының титул беттерiнiң оң жақтағы жоғары бұрышына: "20___ жылғы "____"__________ Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы рұқсат еткен" тұжырымдауымен расталады, уәкiлеттi органның басшысы (басшының орынбасары) қол қояды және уәкiлеттi органның мөрімен бекiтiледi.

      4. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат берудi осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оған тиісiнше осы Ереженiң 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген құжаттар топтамасын берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн ішiнде жүзеге асырады.

      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткізгеннен кейiн екi апта мерзiмде мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi құрылтай құжаттарының (құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға бередi.

      6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістері мен толықтыруларын әділет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беруден 4-тармақта көрсетiлген мерзiмде:
      1) осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын берген;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында  белгіленген жарғылық капиталдың талаптарын және оны төлеу тәртібін бұзған жағдайларда жазбаша нысанда бас тартады.

      7. Осы Ережемен реттелмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларын,  
осындай-ақ олардың құрылтай    
құжаттарына өзгерiстер мен    
толықтыруларды әдiлет       
органдарында мемлекеттiк     
тiркеуге рұқсат беру ережесiне 
N 1 қосымша           

Құрылтайшы туралы мәліметтер
(заңды тұлға)

__________________________________________________________________
            (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

      1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның толық атауы)
      2. Тұрған жерi
__________________________________________________________________
              (почталық мекен-жайы, телефоны, факс)

      3. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
          (куәлiктiң номерi, берiлген күнi, кiм берген)

      4. Қызметтiң түрi
__________________________________________________________________
             (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)

      5. Құрылатын жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталына
салым
__________________________________________________________________

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты)

      7. Құрылтайшының жарғылық капиталындағы акциялардың бес және одан астам процентiне ие болатын акционерлердiң (қатысушылардың) тiзбесi, мыналар көрсетiлсiн:
      1) заңды тұлғалардың атауы және мекен-жайы, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы деректер
__________________________________________________________________

      2) қызметтiң түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________

      3) құрылтайшының жарғылық капиталына акциялар (үлестер)
__________________________________________________________________

      8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн:
      1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________

      2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________

      3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға акциялары (үлестерi)
__________________________________________________________________

      Құрылтайшы құжаттарға қоса берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына, сондай-ақ осы мәлiметтердi қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпаратты уәкiлеттi органға уақтылы берiлуiне жауап бередi.
      Қосымша (жiберiлетiн құжаттардың тiзбесi, олардың әрқайсысы бойынша даналарының және парақтарының саны көрсетiлсiн):

      Құрылтайшы заңды тұлғаның басшысының қолы

      Құрылтайшы заңды тұлғаның мөрi

Жинақтаушы зейнетақы қорларын,  
осындай-ақ олардың құрылтай    
құжаттарына өзгерiстер мен    
толықтыруларды әдiлет      
органдарында мемлекеттiк    
тiркеуге рұқсат беру ережесiне 
N 2 қосымша           

Құрылтайшы туралы мәліметтер
(жеке тұлға)

__________________________________________________________________
               (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
      1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
              (Фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты)
      2. Туған күні ______________________________________________

      3. Азаматтығы ______________________________________________

      4. Жеке басын растайтын құжат (номерi, сериясы, берiлген күнi және кiм берген) _________________________________________________
__________________________________________________________________

      5. Тұрған жерi _____________________________________________

      6. Жұмыс орны, лауазымы ____________________________________

      7. Бiлiмi __________________________________________________
                 (оқу орны, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетiлсiн)

      8. Соңғы үш жылдағы еңбек қызметi туралы қысқаша резюме
__________________________________________________________________
                (ұйымы, атқаратын қызметi, жұмыс кезеңi)

      9. Құрылтайшының жеке тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн:
      1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________

      2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________

      3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға акциялары (үлестерi)
__________________________________________________________________

      _________________
        (қолы, күні)

Жинақтаушы зейнетақы қорларын,  
осындай-ақ олардың құрылтай    
құжаттарына өзгерiстер мен    
толықтыруларды әдiлет      
органдарында мемлекеттiк    
тiркеуге рұқсат беру ережесiне 
N 3 қосымша           

(Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген бланкiсiне басылады)

Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген
N __ РҰҚСАТ

      Осы рұқсат _________________________________________________
                    (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлдi

      Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген рұқсат әдiлет органдарына құрылтай құжаттарымен бiрге берiлуi тиiс.

      Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге рұқсаттың берiлген күнiнен бастап алты айдың iшiнде заңды күшi бар.

      Уәкiлеттi органның басшысы (Басшының орынбасары)

      ________________             _____жылғы "___" _________

      мөрдiң орны