Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiн бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2386

Жаңартылған

       Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi реттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .
      2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттігінiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 31-Ө  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 452 тiркелген, 1998 жылы, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, II том);
      2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 28-Ө  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 74 тiркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтік актiлер жинағында жарияланған, II том).
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi    
Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы    
қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, 
 жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары
 мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге  
 өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет   
 органдарында мемлекеттiк тiркеуге     
рұқсат беру ережесiн бекiту туралы"   
2003 жылғы 29 мамырдағы         
N 176 қаулысымен бекiтiлген       

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалынған және жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - Қор), олардың құрылтай құжаттарына, Қорлардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру тәртiбiн, мұндай рұқсат беруге бас тарту негiздемелерiн айқындайды.
       Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшiн мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi құрылтай құжаттары үш данамен (түпнұсқа және екi көшiрме);
      3) осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәлiметтер, оған мынадай құжаттар қоса берiледi (құрылтайшы заңды тұлғалар үшiн):
      құрылтайшының соңғы екі жылдағы және құжаттарды соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есебi;
      құрылтайшының соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебiн тексеру нәтижелерi туралы аудиторлық есебi;
      құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тiзiлiмiнен уәкiлеттi органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннiң алдындағы күнi оның дауыс берушi акцияларының бес және одан астам процентiне ие болған адамдары көрсетiлген жазбасы;
      құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктердiң және статистикалық карточкалардың көшiрмелерi;
      жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешiмiнiң) көшiрмесi;
      4) Қызметiнiң стратегиясын, қызметiнiң бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кiрiстер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететiн Қордың бизнес-жоспары.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін уәкілеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң (жалғыз акционер шешiмiнiң) көшiрмесi;
      3) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үш данасы (түпнұсқа және екi көшiрме).
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      3. Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға, Қорлардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру кезiнде құрылтай құжаттарының титул беттерiнiң оң жақтағы жоғары бұрышына: "20___ жылғы "____"__________ Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы рұқсат еткен" тұжырымдауымен расталады, уәкiлеттi органның басшысы (басшының орынбасары) қол қояды және уәкiлеттi органның мөрімен бекiтiледi.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      4. Уәкiлеттi орган әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат берудi, осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды, сонымен қатар Қордың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiмдердi жазбаша нысанда берудi жүзеге асырады.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткізгеннен кейiн екi апта мерзiмде мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi құрылтай құжаттарының (құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға бередi.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      5-1. Қордың филиалын ашуға келiсiм алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) филиалды ашуға келiсiм алуға еркiн нысандағы өтiнiш;
      2) Қордың жарғысына сәйкес уәкiлеттi органның Қордың филиалын ашу туралы шешiмi;
      3) Қордың уәкiлеттi органы бекiткен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi Қордың филиалы туралы ереже, үш данамен (түпнұсқа және екi көшiрме);
      4) үй-жайдың, ұйымдастыру техникасының, телекоммуникациялық жабдықтың бар екендiгiн растайтын құжаттар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен келiсiлу рәсiмiнен өту үшiн филиал мен өкiлдiктiң басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық қызметiне кандидаттардың құжаттары.
      Қордың өкiлдiктерiн ашуға келiсу алу үшiн осы тармақтың 1)-3), 5)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
      Әдiлет органдарында филиалды (өкiлдiктi) есепке алуды тiркегеннен кейiн он төрт күннiң iшiнде Қор уәкiлеттi органға есепке алуды тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      5-2. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде Қор әдiлет органдарында оларды есепке алуды тiркеген күннен бастап он төрт күннiң iшiнде филиал (өкiлдiк) туралы ережеге нотариалды түрде куәландырылған өзгерiстер мен толықтыруларды, сонымен қатар есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмелерiн уәкiлеттi органға ұсынады.)
       Ескерту: 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      6. Уәкiлеттi орган Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға, Қорлардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беруден 6-2-тармақта көрсетiлген мерзiмде:
      1) осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын берген;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңында  белгіленген жарғылық капиталдың талаптарын және оны төлеу тәртібін бұзған жағдайларда жазбаша нысанда бас тартады.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      6-1. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 6-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Қордың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруде жазбаша нысанда бас тартады.
       Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      6-2. Әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды, Қордың филиалдарын (өкiлдiктерiн) ашыуға келiсiмдердi осы Ережеде көрсетiлген құжаттар топтамасын берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi орган қарайды.
       Ескерту: 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

      7. Осы Ережемен реттелмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларын,   
олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi
 мен толықтыруларын, жинақтаушы зейнетақы
 қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн 
   ашуға келiсiм берудi әдiлет     
органдарында мемлекеттiк      
тiркеуге рұқсат беру ережесiне  
1 қосымша            

       Ескерту: Қосымшаға өзгертулер және толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

Құрылтайшы туралы мәліметтер
(заңды тұлға)

__________________________________________________________________
            (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
      1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның толық атауы)
      2. Тұрған жерi
__________________________________________________________________
              (почталық мекен-жайы, телефоны, факс)
      3. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
          (куәлiктiң номерi, берiлген күнi, кiм берген)
      3-1. Қазақстан Республикасының резидентi/резидент емесi_____
      4. Қызметтiң түрi
__________________________________________________________________
             (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
      5. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны___________________ __________________________________________________________________
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты)
      7. Құрылтайшының жарғылық капиталындағы акциялардың бес және одан астам процентiне ие болатын акционерлердiң (қатысушылардың) тiзбесi, мыналар көрсетiлсiн:
      1) заңды тұлғалардың атауы және мекен-жайы, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы деректер
__________________________________________________________________
      2) қызметтiң түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________
      3) құрылтайшының жарғылық капиталына акциялар акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен
__________________________________________________________________
      8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн:
      1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________
      2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________
      3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде акциялары (үлестерi)
__________________________________________________________________
      Құрылтайшы құжаттарға қоса берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына, сондай-ақ осы мәлiметтердi қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпаратты уәкiлеттi органға уақтылы берiлуiне жауап бередi.
      Қосымша (жiберiлетiн құжаттардың тiзбесi, олардың әрқайсысы бойынша даналарының және парақтарының саны көрсетiлсiн):

      Құрылтайшы заңды тұлғаның басшысының қолы

      Құрылтайшы заңды тұлғаның мөрi

Жинақтаушы зейнетақы қорларын,   
олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi
 мен толықтыруларын, жинақтаушы зейнетақы
 қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн
 ашуға келiсiм берудi әдiлет       
органдарында мемлекеттiк     
тiркеуге рұқсат беру ережесiне  
2 қосымша            

       Ескерту: Қосымшаға өзгертулер және толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242   қаулысымен .

Құрылтайшы туралы мәліметтер
(жеке тұлға)

__________________________________________________________________
               (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
      1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
              (Фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты)
      2. Туған күні ______________________________________________

      3. Азаматтығы ______________________________________________

      4. Жеке басын растайтын құжат (номерi, сериясы, берiлген күнi және кiм берген) _________________________________________________
__________________________________________________________________

      5. Тұрған жерi _____________________________________________

      6. Жұмыс орны, лауазымы ____________________________________

      7. Бiлiмi __________________________________________________
                 (оқу орны, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетiлсiн)

      8. Соңғы үш жылдағы еңбек қызметi туралы қысқаша резюме
__________________________________________________________________
                (ұйымы, атқаратын қызметi, жұмыс кезеңi)

      9. Құрылтайшының жеке тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн:
      1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________

      2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________

      3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға акциялары акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен
__________________________________________________________________
      10. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны.

      _________________
        (қолы, күні)

Жинақтаушы зейнетақы қорларын,    
олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi
 мен толықтыруларын, жинақтаушы зейнетақы
 қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн
 ашуға келiсiм берудi әдiлет       
органдарында мемлекеттiк        
тiркеуге рұқсат беру ережесiне     
3 қосымша                 

(Уәкiлеттi органның
 Қазақстан Республикасының
 мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген
 бланкiсiне басылады)

Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген
N __ РҰҚСАТ

      Осы рұқсат _________________________________________________
                    (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлдi

      Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген рұқсат әдiлет органдарына құрылтай құжаттарымен бiрге берiлуi тиiс.

      Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге рұқсаттың берiлген күнiнен бастап алты айдың iшiнде заңды күшi бар.

      Уәкiлеттi органның басшысы (Басшының орынбасары)

      ________________             _____жылғы "___" _________

      мөрдiң орны