Техникалық кедендік бақылау құралдарының тізбесі және оларды қолдану тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 мамырдағы N 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет басқармасында 2003 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2340

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 473-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Техникалық кедендік бақылау құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қаңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының 2003 жылғы   
6 мамырдағы N 184 бұйрығымен
бекітілген         

Техникалық кедендік бақылау құралдарының тізбесі
мен оларды қолдану ережесі

 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 472-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде техникалық құралдарды қолданудың тәртібін белгілейді.

     2. Техникалық кедендік бақылау құралы - бұл, деректер объектілердің құрамындағылардың олардың декларациялаушы құжаттар деректеріне сәйкестігін белгілеу және олардың арасынан кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында, кеден органдары тікелей кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілердің барлық түрлерін жедел кедендік бақылау процесінде қолданатын арнайы техникалық құралдардың кешені.

     3. Техникалық кедендік бақылау құралын қолданудың негізгі ережесі, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарын және олардың құрамындағыларды қашықтан, бұзбай бақылау жүргізу болып табылады. Техникалық құралдарды пайдалану кезінде дайындаушы зауыт ұсынған техникалық паспорттарда көрсетілген барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажет.

     4. Техникалық құралдарды пайдалану адамның, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы және тауарлар мен көлік құралдарына және алып жүруші тұлғаларға залал келтірмеуі тиіс.

2. Техникалық құралдардың түрлері және оларды
қолданудың тәртібі

     5. Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:
     1) Рентгендік тексеру техникасы - кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Аталған жүйелерде түсі бойынша монитордан қарау кезінде материалдарды органикалық және органикалық емес бөлу функциялары пайдаланылады. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.
     2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары - өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелері жатады.
     3) Техникалық іздеу құралдары - жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдарға:
     металлодетекторлар - қара және түсті металдардан заттарды табуға мүмкіндік беретін электрондық приборлар; портативті, жылжымалы және стационарлық болады;
     тексеру айналары - ауыстырылатын әртүрлі нысандар мен мөлшердегі айналар жиынтығы бар телескопиялық ұстағыштар автокөлік құралдарының түптерін тексеруге арналған жарық түсіру қол аспаптарымен, сондай-ақ көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерден заттарды алуға арналған арнайы ілмешектермен бірге қолданылады;
     тексеру қуыс бұрғылары - әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы ерекше шыңдалған металл стержендер, шаншып тесуге болатын объектілерден (жұмсақ және картон орамдардан, көлік құралдарының отырғыштарынан, төгілмелі жүктерден және т.б.) сынамалар алуға арналған арнайы нысандағы тесігі барлары болады;
     эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлер мен әртүрлі оның ішінде агрессиялы сұйықтар толтырылған ыдыстарды тексеруге арналған оптикалық приборлар. Үш модификацияда дайындалады: қатты»(бараскоптар) - оптикалық қатты бекітілген элементтер мен жарық талшықты жарық түсіру жгуты орнықтырылған  әртүрлі ұзындықтағы және диамердегі металл түтіктер, талшықты оптика негізінде орындалған және жарықтандыру мен зерттелетін кеңістікті тікелей шолуға арналған екі жарық талшықты жгуты бар "иілгіш"»(флескоскоптар), сондай-ақ "жартылай қаттылар";
     тексеру шамдары жатады.
     4) техникалық бірдейлендіру құралдарды - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі, оларға:
     кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
     қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
     қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;
     есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары;
     криминалистік кешендер;
     микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар;
     рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;
     өлшеу приборлар жатады;
     энергия ресурстарын есептеу құралдары.
     5) Техникалық анықтау құралдары - олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық  білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі.  Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.
     6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі шұғыл жағдайларды бақылау үшін кеден органдары пайдаланады. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары - дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады.
     7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайдпроекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.
     8) Техникалық жедел байланыс құралдары - жақын ультрақысқатолқынды радиобайланыс (УҚТ-радиобайланыс) аппаратуралары кешенінің көмегімен кедендік бақылау процесін жедел басқару үшін кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.
     9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салу құралдары - контейнерлерді, вагондарды, цистерналарды, әртүрлі көліктер мен жүктерді рұқсатсыз ашудың алдын алу үшін қолданылатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі. Оларға - ілмекті пломбалау құрылғылары, мөрлер, пломбираторлар, пломбалар, акциздік маркалар, флуорэсценттік фломастерлер жатады.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік Бақылау комитетінің 2005 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығымен .

3. Техникалық кедендік бақылау құралдарын
қолданудың тәртібі

     6. Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай тәртіпте пайдаланылады:
     1) Интраскопиялық техниканы пайдалану кезінде барлық оның техникалық мүмкіндіктерін пайдалану тәртібін сақтау қажет: монитордағы рентгендік бейненің сапасы және оны үлкейту; қараған кезде монитордағы оларға тиісті түстер бойынша материалдар топтарын бөлу (есірткі заттары, жарылғыш және тауарлардың басқа контрабандасын); қайта зерттеу үшін алдыңғы рентгендік бейнені қайтару мүмкіндігі, магниттік таспаға рентгендік бейнені жазу; рентгендік бейнелердің деректер базасын орталықтандырылған бағалау; техника қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтау, операторлар, жолаушылар және тексерілетін объектілер үшін рентгендік сәулелену қатерінің болмауы.
     Интраскопиялық техника жолаушылардың бірге алып жүретін және жеке жүретін жол жүктерін, халықаралық почта жөнелтімдері мен шағын, орташа және ірі көлемдердегі ыдыстардағы жол жүгін тексеру үшін кедендік тексерудің барлық жағдайларында қолданылады.
     Интраскопиялық техникамен жұмыс істейтін қызметкерлер олардың құрылысы, тағайындалуы және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша оқытудан өтуі тиіс. Адам организміне рентгендік сәуле бөлудің ықпалы бойынша оқудан қосымша өтуі тиіс.
     2) Радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану кезінде мынадай кезеңдердің сақталуы тиіс:
     бастапқы радиациялық бақылау;
     қосымша радиациялық бақылау;
     терең радиациялық бақылау;
     сараптама.
     Бастапқы радиациялық бақылауды тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау аймағына орналастыру кезінде иондаушы сәулелену деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын жедел анықтау, тауарлар мен көлік құралдарының ағынына шығару мақсатында кеден органдарының кедендік тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлері жүргізеді. Бұл кезеңде радиациялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы аппараттары қолданылады. Бастапқы радиациялық бақылау нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.
     Қосымша радиациялық бақылау мақсаты аппараттардың іске қосылу себептерін анықтау, иондаушы сәулеленудің жоғары мөлшері бар объектілердің орналасқан жерін іздеу мен деңгейін өлшеу болып табылатын бастапқы радиациялық бақылау нәтижелерінің негізінде радиациялауды бақылаудың жылжымалы құралдарымен (дозиметрлермен, радиометрлермен, радиометр-спектрометрлермен) жүргізіледі. Иондаушы сәулеленудің жоғары мөлшері бар объектілер қауіпсіз қашықтыққа әкетілуі тиіс және кеден органдары қызметкерлерінің объектінің жанында болу уақыты шектелуі тиіс радиациялық қауіптілік белгілерін ілу қажет. Қосымша радиациялық бақылау нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.
     Терең радиациялық зерттеу жүргізу үшін мақсаты бөлінетін және радиоактивті материалдарды барынша локализациялау және бастапқы бірдейлендіру болып табылатын сенімді спектромертиялық аппаратура (радиометрлер-спектрометрлер, жылжымалы сцинциляциялық гамма-спектрометрлер, жартылай өткізуші гамма-спектрометрлер) пайдаланылады. Терең радиациялық бақылаудың нәтижелері Орталық кеден зертханасы әзірлеген нысан бойынша құжаттамаланады.
     Радиациялық жүкті сараптау қызметтің тиісті саласына тіркелген мамандырылған ұйымдар жүргізеді.
     Радиациялық бақылау құралдарымен жұмыс істейтін қызметкерлер халықтың радиациялық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қоршау туралы барлық нормативтік актілерімен таныс болуы тиіс.
     Жұмыста Орталық кеден зертханасы әзірлеген радиациялық бақылаудың техникалық құралдарының жекелеген түрлері үшін радиациялық бақылау жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен технологиялық сызбаларын ұдайы қолдануы қажет.
     3) техникалық іздестіру құралдарын қолдана отырып кедендік тексеру жүргізген жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау, тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақымдар келтірмеу, жеке тұлғаларды тексеру әдебін сақтау қажет.
     Шағын және көшпелі металлодетекторлар металл объектілерін табу мақсатында жеке тексеруді, объектілер мен хат-хабарларға бақылау жүргізу кезінде қолданылады.
     Стационарлық металл іздегіштер әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ресімдеу залдарында және т.б. көпшілік адамдар жиналатын орындарда кедендік тексеруді жүргізу кезінде адамның киіміне жасырылған оқпен атылатын және суық қаруларды табу үшін қолданылады. Металл іздегіштерді қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
     Тексеру айналары көлік құралдарының түптерін, қол жеткізу қиын және қараңғы орындарын көзбен көріп бақылау үшін кедендік тексеру кезінде қолданылады. Жиынтықтың құрамына телескопиялық өзек, ауыстырмалы айналар мен шамдардың жиынтығы кіреді. Ауыстырмалы айналар күдікті объектіге неғұрлым қолайлы қол жеткізу үшін қолданылады. Тексеру айналарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
     Тексеру шұптары сынамалар алу мүмкіндігін қоса алғанда жұмсақ және төгілмелі ортадағы (төгілмелі жүктерді көлік құралдарының кузовтарында, қапшықтарда және т.б. тасымалдау кезінде) бөгде заттар мен орамдарды тексеру үшін тұрақты түрде қолданылады. Шұптарды қолдану кезінде зерттелетін заттарды механикалық бүлдіруге жол бермеуі керек. Тексеру шұптарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
     Тексеру эндоскоптарын кеден органдарының қызметкерлері шағын тесіктері бар жабық қуыстардан: корпустар мен блоктардың ішкі жақтарынан, көлік құралдарының құрылымдық түптерінен, бәктерден, контейнерлер мен үй-жайлардан оларды бөлшектеместен контрабанда іздестіру үшін тұрақты түрде қолданады. Тексеру эндоскоптарын қолдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді арнайы оқыту талап етілмейді.
     Тексеру шамдарын кеден органдарының қызметкерлері түнгі уақытта және әлсіз жарақтандырылған үй-жайларда кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау мақсатында пайдаланады.
     Барлық техникалық іздестіру құралдарының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдары берген гигиеналық сертификаты болуы тиіс.
     4) Техникалық бірдейлендіру құралдарын кеден органдарының қызметкерлері мынадай жағдайларда қолданады:
     құжаттар мен ақша белгілерін тексеру кезінде микроскоптар, лупалар, криминалистикалық жиынтықтар, ультракүлгін шамдар қолданылады;
     қатты, сұйық және ұнтақ түріндегі заттарға талдау жасау үшін рентгенофлуорэсценттік анализаторлар қолданылады, аталған құралмен жұмыс бойынша қызметкерлерді дайындаушы зауыт қоса беретін техникалық паспорт пен нұсқаулыққа сәйкес арнайы оқыту қажет;
     есірткі заттарын тексеру кезінде күдікті адамдардың алақанынан және күдікті заттардың беттерінен кейіннен талдауға арналған; детектордың компрессорын қосу арқылы күдікті учаскіден буларды талдауға арналған; арнайы мөлдір ыдыстардағы есірткі заттарының түсіне қарай айыру үшін ампулалар қолдану, детекторге орналастыра отырып салфеткалардың көмегімен микробөлшектер жинау әдісімен есірткі заттарының детекторлары мен экспресс-анализаторлары қолданылады; аталған құралдарды пайдалану жөніндегі барлық деректер дайындаушы зауыт қоса беретін техникалық паспорттар мен нұсқаулықтарда болады;
     жарылғыш заттарды тексеру кезінде микробөлшектерді салфеткалармен жинау және оны талдау жүргізуге арналған детекторға орналастыру жолымен; детектор компрессорының көмегімен күдікті учаскілерден булар жинау жолымен жарылғыш заттардың микробөлшектері мен буларын талдаудың детекторлары қолданылады;
     қымбат бағалы тастар мен металдардың сынамаларын бірдейлендіру үшін қымбат бағалы тастардағы сәулелердің сынуын талдау негізінде жұмыс істейтін құралдар мен қымбат бағалы металдардың электр өткізгіштігі әдісін пайдаланатын құралдар қолданылады; қымбат бағалы тастар мен металдарды ресімдеудің барлық жағдайларында қолданылады.
     Техникалық бірдейлендіру құралдарын қолдана отырып тауарларды бірдейлендіру нәтижелері аталған тауарларды терең зерттеу үшін сараптамаға жіберу үшін негіздеме болып табылады;
     уақыттың бірлік өлшемінде өтетін тауарлардың көлемін қашықтықтан өлшеу үшін кеден органдарымен деректерді алмасу желілерімен байланысты ақпараттық жүйеге өлшемдер нәтижелері жазылатын энергия ресурстарын есептеу құралдары қолданылады.
     5) Анықтаудың техникалық құралдары кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың іздерін бекіту мақсатында жедел іс-шаралар жүргізу кезінде қолданылады.
     Фотоаппараттар іздер мен оқиға болған жерді түсіру үшін қолданылады.
     Бейне камералар қылмыс фактілері мен іздерін жедел түсіру үшін, күдікті адамдарының көрсетімдерін таспада бекіту үшін қолданылады.
     Бейнемагнитафондар күдікті адамның қылмыс фактілерін дәлелдеу үшін бейнекассеталардағы бейнежазбаларды көрсету үшін қолданылады.
     Диктофондар күдікті адамдардың ауызша көрсетімдерін жедел аудиожазу үшін және оны тергеу әрекеттерінде пайдалану үшін қолданылады.
     6) техникалық көзбен көріп қадағалау құралдарын тұрақты түрде кеден органдарының қызметкерлері кедендік бақылау аймақтарындағы жедел жағдайды және кеден органдары әкімшілік ғимараттарының объектілерін түнгі және күндізгі уақытта қадағалау үшін қолданады.
     7) аудио және бейне ақпарат тасығыштарын бақылаудың техникалық құралдары осы техникалық ақпарат тасығыштардың экспорты мен импорты кезінде магниттік тасығыштарға (бобиналардағы, пленкалардағы, компакт-кассеталардағы, дискілердегі, ЭЕМ дискеттеріндегі) жазылған аудиоақпараттар мен бейне ақпараттарды көру, тыңдау және өшіру үшін қолданылады. Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе оған әкелуге тыйым салынған аудио және бейне ақпараттар анықталған жағдайда тиісті анықтау органдарына хабарланады немесе ақпараттар техникалық тасығыштан өшіріледі. Шығарылған фотопленкалар мен кинопленкаларды, слайдтар мен микрофишаларды көзбен көріп бақылауды жүзеге асыру үшін де қолданылады.
     8) Жедел байланыстың техникалық құралдарын кеден органдары жұмылдырылған топтармен жүргізілетін далалық жағдайларда жедел байланысты қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде қолданылады.
     Қазіргі кезде ҚР кеден органдарында жұмылындырылған топтар мен бір жиілікте жұмыс істейтін адамдардың өзара жедел іс-қимылына арналған өз кезегінде бірге алып жүретін, жылжымалы, автокөліктер тасымалданатын және стационарлық радиостанциялар болып бөлінетін ҚТ және УҚТ байланысының радиоқұралдары қолданылады.
     9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салудың техникалық құралдары оларды рұқсатсыз ашудың алдын алу мақсатында тауарларды контейнерлерге, вагондарға, цистерналарға, көлік құралдарына және басқа да ыдыс түрлеріне қаттау процесі аяқталғаннан кейін қолданылады. Салынған атрибуттар кеден органдарының қызметкерлері тауардың кеден бекеттері мен өтпелері арқылы транзиті кезінде бірдейлендіру үшін жүк кедендік декларациясына енгізіледі.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік Бақылау комитетінің 2005 жылғы 15 ақпандағы N 54 бұйрығымен .