Көші-қон карточкаларын беру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 249, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 82, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 160 және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2328. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 351, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 274, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 1 қазандағы № 471 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 27.05.2013 № 351, ҚР Көлік және коммуникация министрінің 25.06.2013 № 484, ҚР Қаржы министрінің 14.06.2013 № 274, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 01.10.2013 № 471 бірлескен бұйрығымен.

      "Көші-қон бақылауын күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 241 қаулысына сәйкес бұйырамыз:
      1. Қоса беріліп отырған Көші-қон карточкаларын беру тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көші-қон  карточкаларына жыл сайынғы қажеттіліктің есептелуін, оларды әзірлеуді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілуін іске асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдік азаматтардың көші-қон карточкаларын ресімдеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері жүзеге асырады деп белгіленсін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының шекаралық бақылау бекеттері жоқ учаскелерінде шетелдік азаматтардың көші-қон карточкаларын ресімдеу жөніндегі функциялар Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлеріне жүктелсін.
      4. Халықаралық рейстер жасайтын поездардың бригадалары, әуе және теңіз кемелерінің экипаждары шетелдік азаматтарға мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне келіп жеткенге дейін көші-қон карточкаларының бланкілерін беруді қамтамасыз етсін.
      5. Көші-қон карточкаларын ресімдеуді:
      халықаралық әуежайларда, "Ақтау" теңіз портында және көші-қон полициясы бөлімшелерінде - 2003 жылғы 1 маусымнан;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде 2003 жылғы 1 шілдеден бастау мерзімдері белгіленсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі К.К. Жәкіпов, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Б.С.Зәкиевке, Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.К.Ержановқа жүктелсін.
      7. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының     
      Ішкі істер министрі           
      генерал-полковник             

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының     
      Көлік және коммуникациялар    
      министрі                      

      Қазақстан Республикасының
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрлігінің  
2003 жылғы 5 мамырдағы N 249

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
2003 жылғы 4 мамырдағы N 82 

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің 2003 жылғы 5
мамырдағы N 160-І      

Қазақстан Республикасы   
Кедендік бақылау агенттігінің
2003 жылғы 30 сәуірдегі N 177
бұйрығымен бекітілген   

Көші-қон карточкаларын беру тәртібінің
ережесі

      1. Көші-қон карточкасы (1-қосымша) Қазақстан Республикасына келген шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам (бұдан әрі - шетелдіктер) туралы мәліметтерді құрайды және оның Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуын бақылау үшін қажет.

      2. Көші-қон карточкасында шетелдіктің тегі, аты, болу мақсаты, қабылдаушы тарап, онымен бірге келген 16 жасқа толмаған балалардың саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасына келуі, Қазақстан Республикасынан кетуі туралы белгілер, уақытша болатын жерінде тіркелгендігі туралы белгілер жасалады.

      3. Көші-қон карточкалары:
      паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және оның өкілдіктерінде тіркелетін адамдарға;
      Қазақстан Республикасының визалары бар адамдарға;
      әуе кемелері экипаждарының мүшелеріне;
      теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;
      поезд бригадаларының, оның ішінде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлеріне, теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге еріп жүруші адамдарға;
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит бойынша өтетін поездардың жолаушыларына;
      халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне;
      16 жасқа толмаған балаларға берілмейді.

      4. Көші-қон карточкаларының бланкілерін беруді:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде - Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) Шекара қызметінің әскери қызметшілері, ал шекаралық бақылау бекеттері жоқ жерлерде - кеден органдарының лауазымды адамдары (бұдан әрі - өткізу пунктінің лауазымды адамдары);
      2) жол жүру кезінде:
      әуе (теңіз) көлігімен жүрген кезде - әуе (теңіз) кемелері экипаждарының мүшелері;
      теміржол көлігімен жүрген кезде - поезд бригадаларының мүшелері;
      жалпы, жеке пайдаланудағы автомобиль көлігімен немесе жаяу жүрген кезде - мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      5. Шетелдіктерге көші-қон карточкасын беру, әдетте, тиісті үлгілік технологиялық сызбалармен және нормалармен көзделген жолаушылар тасымалдау құралдары мен келушілердің өздерін бақылаудың барлық түрлерінің жалпы уақыт ұзақтығынан көші-қон карточкасын толтыруға қажетті қосымша уақыт кетірмейтіндей есеппен ертерек жүзеге асырылады.

      6. Көші-қон карточкаларын дайындауды және жіберуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ішкіісмині) Тыл департаменті жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині көші-қон карточкаларының бланкілерін Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Кедендік бақылау агенттігінің, Көлік және коммуникациялар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізеді (2-қосымша), олар карточкалармен өткізу пункттерінің лауазымды адамдарын және поездар бригадаларының мүшелерін, әуе, теңіз кемелерінің экипаждарын, тасымалдаушыларды қамтамасыз етеді.

      8. Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге көші-қон карточкаларын толтыру қажеттігі туралы дер кезінде ақпарат берудің, бланкілерді кедергісіз алу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі және шекаралық (кедендік) бақылауды өту алдында оларды толтыру үшін уақыт берілуі тиіс.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің толтырғыштарында (залдарында) паспорттық бақылау жолағына дейін жолаушылардың көші-қон карточкаларын толтыруы үшін жазуға арналған орындар жабдықталады, онда көші-қон бланкілерінің қажетті санын еркін ала алатындай етіп қойылады.

      9. Көші-қон карточкалары шекаралық немесе кедендік бақылау басталғанға дейін 3-қосымшаға сәйкес сиялы немесе шарикті автоқаламсаппен анық, шимайсыз және түзетулерсіз толтырылады. Көші-қон карточкаларын шетелдіктің паспортында немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттарда көрсетілетін деректерге сәйкес латын алфавиті әріптерімен толтыруға болады.

      10. Қазақстан Республикасына келу кезінде өткізу пунктінің лауазымды адамы ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттағы деректермен салыстырады, жеке адамды сәйкестендіреді, келгендігі туралы белгі қояды, статистикалық талонды жыртып алады.
      Келгендігі туралы белгіні "Келу" бағанына:
      Шекара әскерлері әскери қызметшілері - датасы көрсетілген мөртабанды басу арқылы;
      кеден органдарының лауазымды адамдары - шекарадан өткен датасын көрсетіп, жеке нөмірлік мөрімен растайды.
      Көші-қон карточкасы шетелдікке беріледі, ал статистикалық талон өткізу пунктінің лауазымды адамында қалады.

      11. Шекарадан өту туралы белгі жасау қарастырылмаған құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін шетелдік азаматтарға шекарадан өту туралы белгі тек қана көші-қон карточкаларына қойылады. Басқа жағдайларда мұндай белгі паспортқа да, көші-қон карточкаларына да қойылады.
      Кеден органдарының лауазымды адамдары шекарадан өткені туралы белгіні тек қана көші-қон карточкасына қояды.

      12. Қазақстан Республикасында болу мерзімінен бес тәулік асқан жағдайда шетелдіктер тіркелу үшін өздері болатын жердегі ішкі істер органдарына баруы тиіс.

      13. Тіркеуді ішкі істер органдарының лауазымды адамдары "Тіркеу" бағанын толтыру арқылы ресімдейді.
      Белгіленген нысандағы журналда тіркелген шетелдіктерді тіркеу жүргізіледі. Журнал бойынша реттік нөмірі тіркеу нөмірі болып табылады.
      "Тіркеуді ресімдеген орган" бағанында "ІІББ (ІІБ, АІІБ)" және көші-қон полициясы бөлімшесінің визалық (паспорттық) мөрінің нөмірі (мысалы, ІІББ-926, АІІБ 90-05) көрсетіледі.
      Жазу анық жазылады, ал түзетулер енгізілген жағдайда, олар  ескертіледі.
      Тіркеу оны ресімдеген қызметкердің қолымен және көші-қон полициясы бөлімшесінің мөрімен куәландырылады.
      Тіркеу шетелдік азамат бірінші өтініш жасаған жер бойынша ғана ресімделеді.

      14. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көші-қон карточкасын ресімдемеген шетелдік азаматтарға олар тіркеу кезінде беріледі. Егер, шетелдік көші-қон карточкасы болмай тіркеу мәселелері бойынша өтініш жасаған жағдайда ішкі істер органдары оны Қазақстан Республикасында заңды түрде болуына тексеру жүргізеді, одан кейін шетелдікке көші-қон карточкасы беріледі және тіркеу ресімделеді. Бұл ретте, "Келу" бағанында көші-қон полициясы бөлімшесінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.

      15. Оларға қатысты шығару туралы шешім қабылданған шетелдіктерге Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті мерзімге тіркеу ресімделген көші-қон карточкасы беріледі. Бұл ретте "Келу" бағанында "Шығару" деп жазылады.

      16. Келуі және болу орны бойынша тіркелгені туралы қойылған белгілері бар көші-қон карточкалары шетелдіктерде олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяғына дейін болады және Қазақстан Республикасынан кету кезінде шекаралық (кедендік) бақылаудан өту кезінде өткізу пунктінің лауазымды адамына тапсырылады.

      17.  Көші-қон карточкаларын жоғалтқан немесе абайсызда бүлдірген кезде шетелдіктер ол туралы 3 жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті, олар өтініш берушілерді тексергеннен кейін көші-қон карточкаларының төлқұжаттары беріледі, оларда тіркелгендігі туралы белгі қойылады. Бұл ретте "Келу" бағанында көші-қон полициясы бөлімшесінің визалық (паспорттық) мөрі қойылады.

      18. Егер шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан кету кезінде шекаралық (кедендік) бақылаудан өтетін өткізу пунктіне көші-қон карточкасынсыз келсе немесе көші-қон карточкасы белгіленген тәртіппен тіркелмеген болса, өткізу пунктінің лауазымды адамдары одан әрі тексеру және тиісті құжаттар ресімдеу үшін оны ішкі істер органдарына жібереді.
      Тіркеу мерзімі өткен немесе тіркеуді қажет етпейтін мерзім шегінде көші-қон карточкаларынсыз Қазақстан Республикасынан шығуға келген шетелдіктер паспортында шекарадан өткені туралы белгі бар болса, егер оларға байланысты емес дәлелді себептер бойынша (табиғи апаттар, метеожағдайлар, ауру, көліктің қалыпты жұмысының бұзылуы және тағы басқалар) шығуы кешіктірілсе, олар өткізу пункттері лауазымды адамдарының өкімі бойынша шекара арқылы жіберілуі мүмкін.

      19. Қазақстан Республикасынан кету кезінде өткізу пунктінің лауазымды адамы ұсынылған көші-қон карточкасын паспорттың деректерімен салыстырады, жеке адамды сәйкестендіреді, шыққандығы туралы белгі жасайды, содан соң көші-қон карточкасы алынады.  

      20. Көші-қон карточкаларындағы шетелдіктер туралы мәліметтерді өткізу пункттерінің лауазымды адамдары мынадай тәртіппен:
      "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Бүркіт" БАЖ) болған жағдайда - "Бүркіт" БАЖ арналары бойынша, ал ол болмаған және автоматтандырылған кеден ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АКАЖ) болған жағдайда - АКАЖ арналары бойынша көші-қон полициясы бөлімшелеріне береді.
      Өткізу пункттерінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе болмаған жағдайда көші-қон карточкалары мен статистикалық талондар (4-қосымша), сондай-ақ статистикалық есептер бағыныстылығына қарай шекара жасақтарына (кеден басқармаларына), олардан апта сайын ІІББ-ІІБ беріледі.

      21. ІІББ-ІІБ Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің және кеден органдарының аумақтық бөлімшелерінен алынған шетелдік азаматтар туралы деректерді жинақтап қорытады және шетелдіктің кетуі туралы есепке алу карточкасында белгі қою үшін ол тіркелген жер бойынша ІІББ-ІІБ-ге хабарлама жібереді.

      22. Статистикалық есептерді ІІББ-ІІБ Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаментіне есеп беру айының 25-іне дейін тапсырады.

      23. Көші-қон карточкалары мен статистикалық талондарды өткізу пунктінің немесе көші-қон полициясы бөлімшесінің лауазымды адамдары есептер жасалғаннан кейін акт бойынша (5-қосымша) жояды.

                                       Көші-қон карточкаларын беру
                                       тәртібінің ережеге

                                                         1 қосымша

Төлқұжатқа көші-қон карточкасы       Қазақстан Республикасының
________ N _________                   аймағына кем дегенде бес
Тегі                      Кіру         тәулікке келген жағдайда
Аты                                    ішкі істер органдарына
Келу мақсаты                           міндетті түрде тіркелуі тиіс.
Қабылдайтын жақ                        Қазақстан Республикасының
Бірге балалары келетін                 заңдылығына сәйкес Қазақстан
Қолы                      Шығу         Республикасы аймағына келу
                                       мерзімдерін бұзғандарға
          Тіркеу N ______             әкімшілік жазалау қолданылуы
                                       мүмкін.

"__"___ 200_ ж. "__"___ 200_ ж. дейін       Қ Ұ Н С Ы З
Тіркеу жасалған органы ______________
Лауазымды тұлғаның қолы _____________  Тіркеу мерзімі
                              м/о      "__"___ 200_ ж. дейін
-------------------------------------  ұзартылды
           кесу сызығы                 Тіркеу жасалған органы
                                       ______________
        Статистикалық талон           Лауазымды тұлғаның қолы
                                       _____________
Тегі               Аты                      м/о

Туған күні "__"_______ 19__ ж.        Тіркеу мерзімі
                                       "__"___ 200_ ж. дейін
жынысы ______                         ұзартылды
                                       Тіркеу жасалған органы
Азаматтығы                             ______________
                                       Лауазымды тұлғаның қолы
Шығу мақсаты                           _____________
                                              м/о

Паспорты _______ N ________ 20 __ ж.
"__"_________ берілді

Виза: _______ N ___________ 20 __ ж.
"__"_________ дейін жорамды

Келуінің болжамды мерзімі 20 _____ж.
"__"______ 20 __ ж. "__"_____дейін

Бару пункті ________________ облысы
________________________ елді-мекені

Қабылдаушы тарап

                                       Көші-қон карточкаларын беру
                                       тәртібінің ережеге

                                                         2 қосымша

      Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаменті
      көші-қон карточкалары бланкілерін мына мекен-жайлар
      бойынша жібереді:

-----------------------------------------------------------------
   ! Бөлімшелер атаулары          !        Мекен-жайы
-----------------------------------------------------------------
1.  Астана (Қ.Р.ҰҚК-нің ШҚ)         Астана қаласы ә/б 2014
2.  Алматы (Қ.Р.ҰҚК-нің ШҚ)         Алматы қаласы ә/б 2010
3.  Солтүстік (Қ.Р.ҰҚК-нің ШҚ)      Қостанай қаласы ә/б 2039
4.  Қостанай облысы бойынша КБ      Қостанай қаласы, Гоголь к, 183
5.  Павлодар облысы бойынша КБ      Павлодар қаласы, Толстой к, 98
6.  С-Қазақстан облысы бойынша КБ   Петропавл қаласы,
                                    Бейбітшілік к, 120
7.  Оңтүстік (Қ.Р.ҰҚК-нің ШҚ)       Сарыағаш қаласы ә/б 2024
8.  О-Қазақстан облысы бойынша КБ   Шымкент қаласы,
                                    Театральная к, 33
9.  Жамбыл облысы бойынша КБ        Тараз қаласы, Төле би к, 81
10. Қызылорда облысы бойынша КБ     Қызылорда қаласы, Есенов к, 16
11. Шығыс (Қ.Р.ҰҚК-нің ШҚ)          Алматы қаласы ә/б 2040
12. Ш-Қазақстан облысы бойынша КБ   Өскемен қаласы,
                                    Новаторлар к, 7/2
13. Алматы облысы бойынша КБ        Іле ауданы Өтеген батыр кенті,
                                    Ленин көшесі, 11-а
14. Батыс (Қ.Р.ҰҚК-нің ШҚ)          Ақтау қаласы ә/б 2015
15. Батыс Қазақстан облысы          Орал қаласы,
    бойынша КБ                      2-Заводской тупик-6
16. Ақтөбе облысы бойынша КБ        Ақтөбе қаласы Н. Кобалдин к, 7
17. Атырау облысы бойынша КБ        Атырау қаласы Абай к, 8
18. Маңғыстау облысы бойынша КБ     Ақтау қаласы 3-Б ш-аудан, 13
19. ІІМ Көші-қон полициясы          Астана қаласы Жеңіс д-ы, 65-а
    департаменті
20. Көлік және коммуникация         Астана қаласы Абай д-ы, 49
    министрлігі
-----------------------------------------------------------------

      Ескерту: Кеден басқармалары көші-қон карточкаларын мемлекеттік
шекара арқылы, шекара әскерлері орналаспаған тек қана жарияланған
өткізу пункттеріне жібереді.

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
және көші-қон полициясы бөлімшелерінің аумақтық бөлімшелеріне
көші-қон карточкаларын жеткізуді орталықтағы органдар жүзеге асырады.

Көші-қон карточкаларын беру
тәртібінің ережеге

3 қосымша

Көшi-қон карточкаларын ресiмдеу жөнiндегi
Жадынама

      1. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (әpi қарай шетелдіктер) олардың шекарадан өту кезiнде шекара арқылы өткізу пункттерiнiң лауазымды адамдары, ал, поезд бригадалары, әуе және теңiз, өзен кемелерінің экипаждарының мүшелері олар Қазақстан Республикасына кiрген кезде оларды шекаралық (кедендiк) бақылау пунктiне келгенге дейiн көшi-қон карточкаларын ресiмдеуге қажеттi уақытты есептей отырып алдын ала бередi.

      2. Көшi-қон карточкалары тек қана билетiнде Қазақстан аумағында орналасқан түпкiлiктi баратын жерi көрсетiлген Албания, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Ресей, Тәжiкстан, Түркия, Өзбекстан, Украина азаматтарына берiледi.

      3. Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетiн, билеттерiнде барып тоқтайтын жерi Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегi елдi мекен көрсетiлген өткiншi жолаушы шетелдiктерге көшi-қон карточкалары берiлмейдi.
      Мысалы, егер Астрахань-Душанбе поезы арқылы жүруші шетелдiктiң билетiнде Астрахань-Хива немесе Астрахань-Душанбе деп көрсетiлсе, оған карточка ресiмдеудiң қажетi жоқ.

      4. Сондай-ақ, көшi-қон карточкалары мыналарға:
      - 16-жасқа дейiнгi балаларға;
      - дипломатиялық паспорты бар адамдарға;
      - поезд бригадаларының, әуе және теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне берiлмейдi.

      5. Карточка шарикті қаламсап немесе қаламұшпен талдап жазылып ресiмделедi. Тегi және аты қатаң түрде төлқұжаты бойынша оны ресiмдеген кезде қолданылған алфавитпен (латын немесе кириллица) жазылады. Араб графикасы немесе басқа графика қолданылмайды.

      6. Көшi-қон карточкасы шетелдiктiң қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде ресімделеді.

      7. "Бару мақсаты" бағанында мына мақсаттардың бiреуi көрсетiледi:
      жекеше - қонаққа, жеке басының басқа да шаруасымен жүруi кезiнде;
      қызмет бабымен - iссапарға, басқа да iскерлiк шаруамен жүруi кезiнде;
      жұмысқа - жасасқан шартқа сәйкес жұмыспен жүруi кезiнде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тиiстi рұқсаты бар болған кезде;
      оқуға - Қазақстан Республикасы жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттерi үшiн, сондай-ақ сынақ мерзiмiнен өтуге немесе практика алуға;
      емделуге - Қазақстан Республикасы медициналық мекемелерiнде емделуге бара жатқан адамдар үшiн;
      туризм - туристер қатарында бара жатқан адамдар үшiн;

      8. "Қабылдаушы ел" бағанында қабылдаушы және тұлғаның тегi немесе қабылдаушы ұйымның атынан бой көрсетушi заңды тұлғаның аты-жөнi, сондай-ақ ол тұратын облыс атауы (заңды тұлғаның тiркелу орыны) көрсетiледi.
      Мысалы: Сүндетов А.И., Қызылорда облысы.;
              "HҰP" АҚ, Астана қаласы.

      9. "Бiрге ерiп жүрушi балалар" бағанында шетелдiкпен бiрге келе жатқан 16-жасқа дейiнгi жастағы балалардың саны жазылып көрсетiледi.
      Мысалы: "үшеу".

      10. Көшi-қон карточкалары шекаралық (кедендiк) бақылау кезiнде төлқұжатпен бiрге көрсетiледi. Көшi-қон карточкалары шетелдiктiң қолында Қазақстан Республикасынан шығып кеткенге дейiн сақталады және iшкi iстер органдары, шекара және кеден қызметкерлерiнiң талабы бойынша көрсетiледi.

      11. Iшкi iстер органдарында тiркелуi белгiсiн көшi-қон полициясы қызметкерлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасында болу мерзiмi 5 тәулiктен аспаған адамдарға iшкi iстер органдарында төлқұжаттарын тiркеу мiндеттi емес.

      12. Темiр жол көлiгiмен жүрушi жолаушыларға ыңғайлы болу үшiн осы жаднама және көшi-қон карточкаларын ресiмдеу үлгiсi вагон iшiнде орналасқан стендта iлiнiп қоюы тиiс.

                                       Көші-қон карточкаларын беру
                                       тәртібінің ережеге

                                                         4 қосымша

Статистикалық есеп

-----------------------------------------------------------------
  N  !      Қай елдің азаматы      !    Келгені   !   Кеткені
Р/с !                             !              !
-----------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------

                                       Көші-қон карточкаларын беру
                                       тәртібінің ережеге

                                                         5 қосымша

Көшi-қон карточкалары мен олардың статистикалық
талондарын жою
Актісі

200_ ж. "__"____________                   _____________ қаласы

Бiз, ___________________________________________________________
           лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнiнiң бас әрiптерi

200_ ж. "__"___________ және 200_ ж. "__"____________ кезеңiнде
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өту кезiнде
шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар тапсырған саны
____________ дана көшi-қон карточкалары мен саны _________ дана
олардың статистикалық талондарын жойдық.

      Қойылған қолдар:

      ____________________
      ____________________