Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1180 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы N 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 129 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2314. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 173 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы N 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1180 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 3-16 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы N 243 қаулысында:
      атауындағы және 1-тармағындағы "және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережеде:
      атауындағы "және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру" деген сөздер алынып тасталсын;
      кіріспедегі "және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тараудың 2-тармағы, 3-тарау, 4-тарау алынып тасталсын.
      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы