бұйырамын:
1. "Мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттің қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттің уақытылы есептелмеуіне (аударылмауына) және мақсатсыз пайдаланылуына әкімшілік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қазанда N 1285 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 28 қазандағы N 539
бұйрығымен
өзгерістер енгізілген, Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 қарашадағы N 2049 тіркелген. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 782-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттің қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттің уақытылы есептелмеуіне (аударылмауына) және мақсатсыз пайдаланылуына әкімшілік жаза қолдану ережесінің бүкіл мәтіні бойынша "қаулы" деген сөз тиісті септіктерде және санда "ұсыным" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр