--------------Бұйрықтан үзінді--------------
"Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2005 жылғы 3 маусымдағы
N 211 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
12. "Арнаулы мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттiң қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттiң қаражатын уақтылы есептемегенi (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 12 қазандағы N 434 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 193 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде 2003 жылғы 26 мамырда N 2310 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде 2003 жылы жарияланған, N 3, 782-құжат)...
--------------------------------------------
бұйырамын:
1. "Мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттің қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттің уақытылы есептелмеуіне (аударылмауына) және мақсатсыз пайдаланылуына әкімшілік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қазанда N 1285 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 28 қазандағы N 539
бұйрығымен
өзгерістер енгізілген, Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 қарашадағы N 2049 тіркелген. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 782-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мақсатқа сай пайдаланылмаған республикалық бюджеттің қаражатын қайтарып алу және республикалық бюджеттің уақытылы есептелмеуіне (аударылмауына) және мақсатсыз пайдаланылуына әкімшілік жаза қолдану ережесінің бүкіл мәтіні бойынша "қаулы" деген сөз тиісті септіктерде және санда "ұсыным" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр