Қазақстан Республикасы Кеден
кодексiнiң
424-бабына сәйкес ақпараттық жүйелердiң және ақпараттық технологиялардың кеден операцияларын жасау кезiнде пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн, бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктеледi.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Төрағаның міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
22 мамырдағы N 227 бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және
оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi
1. Осы Ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолдану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден
кодексiнiң
424-бабына сәйкес әзiрленген және ақпараттық жүйелердi, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден мақсаттары үшiн қолданудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегі бағдарламалық өнiм - ақпараттарды электронды өңдеуге арналған ақпараттық технология, ақпараттық жүйе, не ақпараттық жүйенiң құрамдас бөлігі;
2) бағдарламалық өнiмнiң инсталляциялық пакетi - бағдарламалық өнiмдi орнату, баптау және жiберу үшiн қажеттi барлық құрамдас бөліктерді қамтитын магниттiк немесе оптикалық тасығыштардағы файлдардың жиынтығы.
2. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдерге тексеру жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар
3. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдерге (бұдан әрi - бағдарламалық өнiм) Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгi нысанасына тексеру жүргізу мақсатында, өтiнiш беруші Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша ресiмделген жазбаша өтiнiш;
2) бағдарламалық өнiмнiң инсталляциялық пакетi және оның нұсқаулығы;
3) әзiрленген бағдарламалық өнiм арқылы кеден құжаттарын толтыру ережесiне сәйкес толтырылған кеден құжаттарының электронды көшiрмелерi;
4) жабдықтарға, операциялық жүйеге, бағдарламалық өнiмнiң деректер қорын басқару жүйесiне қойылатын талаптардың сипаттамасы;
5) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнімдi пайдаланушының нұсқамасы;
6) мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi - заңды тұлғалар үшiн, және жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi - жеке тұлғалар үшiн;
7) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдi әзiрлеуге арналған лицензиялық бағдарламалық құралдарды пайдаланғандығы туралы құжаттамалық растау.
3. Бағдарламалық өнiмдердi қолданудың шарттары мен тәртiбi
4. Бағдарламалық өнiмдер Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес болуы шартымен қолдануға жатады.
5. Агенттiкке келiп түскен құжаттар 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi бағдарламалық өнiмдердiң есебiн жүргiзу журналына (бұдан әрi - Журнал) енгiзiледi.
6. Агенттiк Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар келiп түскеннен бастап 1 айлық мерзiмде бағдарламалық өнiмнiң Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жүргiзедi.
7. Бағдарламалық өнiм мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес белгiленген кеден құжаттарын толтырудың пiшiндiк-логикалық бақылауын қамтамасыз ету;
2) бағдарламалық өнiмдегі нормативтiк-анықтамалық ақпарат Агенттiктiң Web-сайтында орналастырылған электронды анықтамалықтардан жаңғыртылуы тиiс.
Электронды анықтамалықтардың тiзбесi мен пiшiндер Агенттiк айқындайды және Агенттiктiң Web-сайтында орналастырылады;
3) бағдарламалық өнiм қалыптастыратын кеден құжаттарын электронды көшiрмелерi Агенттiктiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген пiшiндерге сәйкес келуi тиiс.
8. Бағдарламалық өнiм Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өтiнiш берушi белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы хабардар етіледi, ол туралы Журналға жазба жүргiзiледi. Хаттың бiрiншi данасы өтiнiш берушiге жолданады, екiншiсi - Агенттiкте қалады.
9. Бағдарламалық өнiм Ереженiң 7-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Агенттiк Өтiнiш берушiнi Ереженiң 6-тармағында белгiленген мерзiмде жазбаша хабардар етедi.
10. Бағдарламалық өнiмдерге қойылатын талаптар өзгерген жағдайда, Агенттiк Өтiнiш берушiнi бағдарламалық өнiмдерге қойылатын талаптардың өзгергендiгi туралы жазбаша хабардар етедi және белгiленген талаптарға сәйкестiгі туралы хаттың қолданысын Өтініш берушi бағдарламалық өнiмнiң жаңартылған нұсқасын ұсынғанға дейiн тоқтата тұрады.
11. Агенттiк Өтiнiш берушi бағдарламалық өнiмнiң жаңартылған нұсқасын хаттың қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап 2 айдың iшiнде ұсынбаған жағдайда, белгiленген талаптарға сәйкестiгi туралы хатты қайтарып алуға құқылы.
12. Бағдарламалық өнiмнiң Ереженiң 7-тармағында жазылған талаптарға қатысы жоқ нұсқасы өзгерген жағдайда, Өтiнiш берушi Агенттiктi бағдарламалық өнiмге енгiзiлген өзгерiстердiң сипаты туралы жазбаша хабардар етедi.
4. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауды алу үшiн қажеттi құжаттар
13. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған Агенттiктiң растауын алу мақсатында кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыруды тiкелей жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, не кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына үмiткер заңды тұлға Агенттiкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгiленген нысан бойынша ресiмделген өтiнiш (3-қосымша);
2) әдiлет органдары берген заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгендiгі туралы куәлiктiң немесе жеке тұлға үшiн жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарға сәйкес келетiн бағдарламалық өнiмдi сатып алуға және пайдалануға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
4) штатта белгiленген тәртiппен кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын алған кемiнде бiр кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның болуын растайтын құжат.
5. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қолданудың шарттары мен тәртiбi
14. Кеден құжаттарының электронды көшiрмелерi кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiне Агенттiктiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген талаптарға сәйкес болуы шартымен қолдануға жатады.
15. Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар алынған жағдайда, Агенттiк олардың есебiн белгiленген нысан бойынша (4-қосымша) ресiмделетiн Өтiнiштердiң есебiн жүргiзу журналында (бұдан әрi - Журнал) жүзеге асырады.
16. Белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Агенттiк өтiнiш берушi тұлғаны жазбаша хабардар етедi.
17. Хатта, кейіннен өтініш беруші тұлға кеден құжатының әрбір қалыптасқан электронды көшiрмесiн белгiлi бiр ашық жерiне енгiзетiн, Журналға енгiзiлетiн берiлген код көрсетiледi.
18. Хат өтiнiш берушi тұлғаға өтiнiш түскен күннен бастап бір апталық мерзiмде жолданады.
19. Агенттiктiң хатын оған тұлға Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру кезiндегi бағдарламалық өнiмде пайдаланылатын нормативтiк-анықтамалық ақпараттардың анықтамалықтарын жаңартуды жүргiзедi.
20. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға берiлген коды көрсетiле отырып ұсынылған хат, кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, басқа сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзетiн тауарларға арналған кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру үшiн пайдаланылмайды.
21. Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Агенттiк өтiнiш берушiнi Ереженiң 18-тармағында белгiленген мерзiмде хабардар етедi.
22. Берiлген коды көрсетiлген Агенттiктiң хатын Агенттiк мынадай:
1) кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiнде деректердiң сенiмсiз көрсетілгендiгi анықталған;
2) Ереженiң 20-тармағында белгiленген талаптар бұзылған;
3) кеден брокерiнiң лицензиясы қайтарылып алынған жағдайларда қайтарып ала алады.
23. Құжаттарда Ереженiң 13-тармағында белгiленген мәлiметтер өзгерген жағдайда, өтiнiш берушi Агенттiктi жүргiзiлген өзгерiстер туралы жазбаша хабардар етедi.
24. Берiлген код көрсетiлген Агенттiк хатының мерзiмi шектелмейдi.
25. Агенттiк Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн бағдарламалық өнiмдер туралы ақпараттарды, сондай-ақ бағдарламалық өнiмге қойылатын талаптардың өзгергендiгi туралы ақпараттарды Агенттiктiң Web-сайтында орналастырады.
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 22 мамырдағы
N 227 бұйрығымен бекiтiлген
Ақпараттық жүйелердi,
ақпараттық технологияларды
және оларды қамтамасыз ету
құралдарын кеден мақсаттары
үшiн қолдану ережесiне
1-қосымша
Өтініш
_________________________________________________________
(өтiнiш берушi заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы
_________________________________________________________
ОКПО коды, СТН, заңды және нақты мекен-жайы, мемлекеттiк
_________________________________________________________
тiркелгендігі туралы куәлiгiнiң нөмiрi немесе өтініш
_________________________________________________________
берушi жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты, тұратын
_________________________________________________________
мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi)
кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыру жөнiндегi
бағдарламалық өнiмге белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру
жүргізуді сұраймын:
_________________________________________________________
(кеден құжаттарының түрлерiн көрсету, болжалды
_________________________________________________________
электронды көшiрмелердi қалыптастыру)
Заңды тұлғаның
немесе жеке тұлғаның
басшысының
Т.А.Ә. __________________
қолы мөр
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 22 мамырдағы
N 227 бұйрығымен бекiтiлген
Ақпараттық жүйелердi,
ақпараттық технологияларды
және оларды қамтамасыз ету
құралдарын кеден мақсаттары
үшiн қолдану ережесiне
2-қосымша
Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру жөніндегі бағдарламалық өнімдердің есебін жүргізу
Журналы
------------------------------------------------------------------
N! Өтініш !Өтініштің !Бағдар.!Бағдар.!Кеден !Бағдарла. !Ес.
!берушінің!берілген !ламалық!ламалық!құжатта.!малық өнім. !керту
! атауы !(тіркелген)!өнімнің!өнім !ры элек.!нің нөмірі !
! ! күні !атауы !нұсқа. !тронды !және тір. !
! ! ! !сының !көшірме.!келген күні,!
! ! ! !нөмірі !лерінің !бас тартыл. !
! ! ! ! !түрлері !ған жағдай. !
! ! ! ! ! !да - бас !
! ! ! ! ! !тарту туралы!
! ! ! ! ! !хаттың N !
! ! ! ! ! !және күні !
------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 22 мамырдағы
N 227 бұйрығымен бекiтiлген
Ақпараттық жүйелердi,
ақпараттық технологияларды
және оларды қамтамасыз ету
құралдарын кеден мақсаттары
үшiн қолдану ережесiне
3-қосымша
Өтініш
_________________________________________________________
(өтiнiш берушi заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы
_________________________________________________________
ОКПО коды, СТН, заңды және нақты мекен-жайы, мемлекеттiк
_________________________________________________________
тiркелгендігі туралы куәлiгiнiң нөмiрi немесе өтініш
_________________________________________________________
берушi жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты, тұратын
_________________________________________________________
мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi)
кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн қалыптастыруға
арналған растау беруді сұраймын:
_________________________________________________________
(кеден құжаттарының түрлерiн көрсету, болжалды
_________________________________________________________
электронды көшiрмелердi қалыптастыру)
Заңды тұлғаның
немесе жеке тұлғаның
басшысының
Т.А.Ә. __________________
қолы мөр
Қазақстан Республикасының
Кедендiк бақылау агенттiгi
төрағасының
2003 жылғы 22 мамырдағы
N 227 бұйрығымен бекiтiлген
Ақпараттық жүйелердi,
ақпараттық технологияларды
және оларды қамтамасыз ету
құралдарын кеден мақсаттары
үшiн қолдану ережесiне
4-қосымша
Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған өтініштердің есебін жүргізу
Журналы
------------------------------------------------------------------
N! Өтініш !Өтініштің !Бағдарламаның, !Бағдарламалық !Ескерту
!берушінің!берілген !лицензияның !өнімнің нөмірі !
! атауы !(тіркелген)!болуы - кеден !және тіркелген !
! ! күні !брокері үшін !күні, бас тартыл.!
! ! ! !ған жағдайда - !
! ! ! !бас тарту туралы !
! ! ! !хаттың N және !
! ! ! !күні !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------