Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз қызметi туралы ақпаратты жариялауы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 119 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2261

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның:
      1) жыл сайын, жылдық қаржылық есепке жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi бойынша аудиторлық есептi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде кемiнде он бес мың дана таралыммен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығарылатын баспасөз басылымдарында бухгалтерлiк балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi жариялайтыны;
      2) оның қызметi туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат жарияланған баспасөз басылымдарының көшiрмесiн ұсынатыны белгiленсiн.
      2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Бұқаралық ақпарат құралдарына зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың және "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның инвестициялық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есептердi жариялау туралы" 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 849 тiркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 8 жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 25 маусымдағы N 355 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 26 қазандағы N 461 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 981 тiркелген, 1999 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған).
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы