Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2233.

Қолданыстағы

      Елтаңбалық қағаз шығару бойынша қызметті лицензиялау тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) және Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-бетінде жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 25 ақпандағы
"Елтаңбалық қағаз шығаруды
 лицензиялау бойынша  
 нұсқаулықты бекіту туралы"
N 62 қаулысымен бекітілген

Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша
нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заңына  сәйкес жасалды және субъектілерге (бұдан әрі - өтініш беруші) елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру тәртібін реттейді.

      2. Елтаңбалық қағаз шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) лицензиясының негізінде жүзеге асырылады.

      3. Лицензия қолданылу мерзімі шектелмеген бас лицензия болып табылады.

2-тарау. Лицензия беру тәртібі

      4. Лицензия Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын біліктілік талаптарына жауап беретін өтініш берушіге беріледі.

      5. Өтініш беруші лицензия алу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:
      1) лицензия беру туралы өтініш;
      2) заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркелуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі немесе заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы жеке тұлғаларға - уәкілетті органның белгіленген тәртіппен берген мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатының нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) тиісті қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат.
      Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді;
      4) елтаңбалық қағаз шығаруға арналған стационарлық үй-жай мен полиграфия және басқа жабдығының қолда барын растайтын құжаттар (санаткерлік меншік мәні болатын технологияны пайдалану кезінде - осы технологияларды пайдалану құқығын растайтын құжаттар);
      5) өтініш беруші елтаңбалық қағаз шығару үшін пайдаланатын полиграфиялық және басқа жабдықтың осындай жабдықтың әрбіреуінің қызметтік арналуы көрсетілген тізімдемесі;
      6) өндірілетін  өнімді есепке алу және сақтау жүйесінің барлығын растайтын құжаттар (бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті жасау үшін ұйым қабылдаған принциптерді, негіздерді, ережелерді және тәжірибені анықтайтын бухгалтерлік құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі және есепке алу кітабын, журналдарды қоса алғанда дайын өнімдерді есепке алу және сақтау тәртібін  реттейтін басқа да құжаттар);
      7) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша кем дегенде бір жыл жұмыс стажы бар білікті мамандардың барлығын растайтын құжаттар (нотариат куәландырған жеке еңбек шарттарының, дипломдардың, куәліктердің, сертификаттардың және мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттардың  көшірмесі);
      8) күзет бөлімшесінің барлығын растайтын құжаттар (нотариат куәландырған жеке еңбек шарттарының, тиісті лицензиялардың көшірмелері, штат кестесінің көшірмесі);
      9) күзет, өрт дабылы және бейнебақылау жүйесін пайдалануға қабылдау актісінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі.

      6. Лицензия алуға берген құжаттарды Ұлттық Банк осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сай құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.

      7. Өтініш беруші Ұлттық Банкті осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес лицензия алуға ұсынған құжаттарындағы деректердің өзгергені жөнінде осы өзгерістер күшіне енгенге дейін он күн бұрын хабардар етеді.

      8. Ұлттық Банк мәлімдеушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтайды.

      9. Өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық пакеті бар болған кезде өтініш берушіге лицензия беру туралы мәселе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына беріледі.

      10. Лицензия осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде беріледі.

      11. Ұлттық Банк берілетін лицензияларды есепке алу мақсатында елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген, тоқтата тұрылған және қайтарып алынған лицензияларды тіркеу журналын жүргізеді (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).

3-тарау. Лицензия беруден және оған шағым жасаудан
бас тарту, лицензияны қайтарып алу және
қолданылуын тоқтата тұру

      12. Лицензия беруден бас тарту мына негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
      1) осы субъектілердің Қазақстан Республикасының заң актілерінде осы қызмет түрін жүзеге асыруға тыйым салынуы;
      2) өтініш берушіге елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын сот шешімінің болуы;
      3) өтініш берушінің осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбауы;
      4) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген біліктілік талаптарына жауап бермеуі;
      5) өтініш берушінің лицензиялық алымды төлемеуі.

      13. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту жазбаша түрде бас тарту себептері көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

      14. Лицензия беруден негізделместен бас тартылған жағдайда,  өтініш беруші бір айлық мерзімде Ұлттық Банктің іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      15. Лицензияны қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негізде және тәртіпте жүргізіледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Елтаңбалық қағаз шығаруды
лицензиялау нұсқаулыққа
1-қосымша     

Қазақстан Республикасының
ЕЛТАҢБАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ

      Осы лицензия Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы"
1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заңына  сәйкес елтаңбалық қағаз
шығару бойынша қызметпен айналысу үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 200 ___  жылғы "___"  ____________ 
N  ____ қаулысы негізінде ________________________________________
__________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның аты-жөні
__________________________________________________________берілді.
немесе заңды тұлғаның атауы)

      Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтар үшінші
тұлғаларға берілмейді.
      Осы лицензия жалғыз данада беріледі.
      Филиалдар, өкілдіктер_______________________________________
__________________________________________________________________
                   (орналасқан жері, деректемелері)

Лицензияны берген орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасының
Орынбасары                       ___________________ (аты-жөні)

Лицензияны берген күн            "___ "  ______________ 200__ж.

Лицензияның нөмірі   N ___

____________________ қаласы

Елтаңбалық қағаз шығаруды
лицензиялау нұсқаулыққа
2-қосымша     

Елтаңбалық қағаз шығару бойынша қызметті жүзеге асыруға
берілген, тоқтата тұрған және қайтарып алынған лицензияны
есепке алу
ЖУРНАЛЫ

___________________________________________________________________
N   Ұйымның   Ұйымның    Лицен.    Елтаң.  Лицен.   Лицен.  Лицен.
р/с толық     мемлекет.  зияның    балық   зияны    зияны   зияны
    атауы     тік тір.   тіркел.   қағаз   тоқтата  тоқтата қайта.
    және      келгені    ген күні  шығар.  тұрудың  тұру    рып
    орна.     туралы     және      удан    негізі   немесе  алудың
    ласқан    деректер   нөмірі    басқа   және     оны     негіз.
    жері                           ұйым.   мерзім.  ұйымға  демесі
                                   ның     дері     жібер.
                                   жүзеге  (Ұлттық  гені
                                   асыра.  Банк     туралы
                                   тын     Басқар.  белгі.
                                   қызмет  масы     легені
                                   түрлері қаулы.   жөнін.
                                           ысының   дегі
                                           күні     Ұлттық
                                           мен      Банк
                                           нөмірі)  Басқар.
                                                    масы
                                                    қаулы.
                                                    сының
                                                    көшір.
                                                    месін
                                                    алған
                                                    тұлға
                                                    туралы
                                                    мәлі.
                                                    меттер
____________________________________________________________________
1    2        3            4        5       6         7        8
____________________________________________________________________