Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын жұмсау ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтініш беру ережесі бекітілсін.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті көрсетілген Ереженің белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, жариялануын және осы бұйрықтың орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Н.Бижановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің
2003 жылғы 3 наурыздағы
N 139 бұйрығымен
бекітілген
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу
туралы өтініш беру
ережесі
1. Осы Ереже төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне өтініш беру тәртібін айқындайды.
2. Аймақтық немесе кең ауқымды төтенше жағдай туындағанда облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Үкіметіне жазбаша хабарлайды.
3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының немесе оларды алмастырушылардың қолдары қойылған өтініштердің түпнұсқалары қажетті негіздеме құжаттарымен қоса Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне тапсырылады. Өтініштерге:
1) ілеспе хат - өтінушінің өтініш хаты;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы анықтама-негіздеме;
3) облыстар әкімдері арнайы құрған комиссия мүшелері қол қойған, сондай-ақ:
экологиялық, гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстардан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің;
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің;
жұқпалы аурулар туындатқан төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
малдардың індеттік, паразиттік, зооноздық ауруларынан, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдардың қауіпті зиянкестері мен аурулары таралуынан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің қатысуымен жүргізілген төтенше жағдай туындаған аумақты тексеру актісі (келтірілген залал және басқа зардаптар туралы мәліметтері көрсетілген);
4) арнайы құрылған комиссия бекіткен қалпына келтіру немесе алдын алу жұмыстарын жүргізуге шығыстар және оларды атап түсіндіру сметасы;
5) келтірілген залал бойынша сақтандыру өтемдері туралы мәліметтер;
6) сараптау ұйымдарының немесе олардың аумақтық органдарының төтенше жағдай ауқымын растайтын анықтама-қорытындылары:
экологиялық, гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстардан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің;
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің;
малдардың індеттік, паразиттік, зооноздық ауруларынан, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдардың қауіпті зиянкестері мен аурулары таралуынан туындаған төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұқпалы аурулар туындатқан төтенше жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар үшін "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі
Заңына
сай облыстар әкімдерінің анықтама-қорытындылары қоса беріледі.