Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 наурызда тіркелді. Тіркелді N 2199.

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына  және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39  және 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қарашадағы N 1216 қаулысына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Балық шаруашылығы бөлімі Ауыл шаруашылығы министрлігінің уәкілетті органдарымен және балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі мекемелермен бірлесіп осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Балық ресурстарын пайдалануды ресімдеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеудің 1999 жылғы 17 мамырдағы N 757 реестрі) 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 84 бұйрығының  және Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануды ресімдеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеудің 1999 жылғы 17 мамырдағы N 172 реестрі) 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 27 бұйрығының   күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші Вице-Министр А. Мырзахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан  Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің Орынбасары
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2003 жылғы 13 ақпандағы   
N 72 бұйрығымен       
бекітілген          

Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін
қайта жаңарту туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және "Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық қорларын қорғау және балық жүргізуді реттеу жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі N 414 , сондай-ақ "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа су жануарларын олжалау Ережелерін бекіту туралы" (ары қарай - Балық аулау Ережелері) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480  және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулыларына сәйкес әзірленген.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңды мен жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) кәсіптік пайдалануға құжаттардың беру механизмін белгілейді.

      3. Табиғат пайдаланушыларға балық және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға құқық беретін құжаттар болып табылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - жануарлар дүниесін мемлекеттік басқарушы арнайы уәкілетті орган немесе оның аумақтық балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және балық аулауды реттеу жөніндегі органдары беретін балықты кәсіптік аулауға және басқа да су жануарларын пайдалануға келісім, балықты кәсіптік аулауға және басқа да су жануарларын олжалауға рұқсат.

2. Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға келісімді ресімдеу тәртібі

      4. Арнайы уәкілетті орган мен табиғат пайдаланушылар арасындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға және балық шаруашылығы су айдынын немесе балық кәсіптік учаскені бекітуге келісім конкурс (тендер) комиссиясының шешімі негізінде жасалынады.
      5. Келісімде:
      экологиялық талаптар, онда шаруашылық және өзге қызметке жол беріледі;
      бекітілген төлем ставкаларына сәйкес жануарлар дүниесін (балықты кәсіптік аулау және басқа да су жануарларын олжалау) пайдаланғаны үшін төлемді енгізу міндеттілігі;
      оған берілген су айдынның (учаскенің) басқа ұйымдарға беруге тыйым салу және балық шаруашылығы учаскесінде бөтен тұлғалар мен көлік құралдарының болуына жол бермеу;
      қолданыстағы балық аулау Ережелерінде көрсетілген міндеттемелерді табиғат пайдаланушылармен орындау бойынша талаптар;
      балық қорларын қорғау бойынша және бекітілген су айдында (учаскеде) олардың өсімін молайту жағдайына талаптар;
      табиғат пайдаланушылардың арнайы уәкілетті органның талаптары бойынша қажетті ақпаратты және белгіленген есепті ұсынуы;
      келісімнің шарттары мен талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
      келісімнің мерзімі;
      келісімнің бөлінбейтін бөлігі болып табылатын қажетті құжаттардың тізбесі;
      Қазақстан Республикасы заңдарына қарсы келмейтін өзге де талаптар қарастырылады.
      6. Заңды және жеке тұлғалармен балықты кәсіптік аулауға және басқа жануарларын олжалауға келісім конкурс комиссиясы шешіміне сәйкес маусымға немесе жылға жасалуы мүмкін.

3. Балықты кәсіптік аулауға және басқа су жануарларын олжалауға берілетін рұқсатты ресімдеу тәртібі

      7. Жануарлар дүниесін пайдалануға (балықты және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға) рұқсат арнайы уәкілетті органмен табиғат пайдаланушыға жасалған келісім негізінде беріледі.
      8. Арнайы уәкілетті орган берген рұқсат ресми құжат болып саналады және белгіленген мерзім бойында кәсіпті бастау үшін негіз болып табылады.
      9. Рұқсатта:
      заңды тұлғаның атауы және оның жауапты тұлғасының Т.А.Ж. немесе рұқсат берілген жеке тұлғаның (жеке кәсіпкер) Т.А.Ж.;
      кәсіпке қатысатын (заңды тұлғалар үшін) балықшылардың саны, еңбек келісім бойынша жеке кәсіпкермен бірлесіп кәсіпте қатысатын балықшылардың Т.А.Ж.;
      аулауды белгілеу;
      кәсіптің жүзеге асыру шарттары;
      рұқсат етілген құрал мен тәсілдерінің саны, жүзетін құралдардың пайдаланылатын түрлері мен саны;
      балықты және басқа су жануарларын аулаудың (кәсіптік лимит) рұқсат етілген көлемі әрбір су айдын немесе кәсіптік учаскеге қатысты.
      Рұқсаттың бөлінбейтін бөлігі қоса берілген, заңды тұлғаның жетекшісімен сенімдірілген кәсіпке қатысатын балықшылардың тізімі болып табылады.
      10. Табиғат пайдаланушыға лимитті беру алдын ала төлеу шартында жүзеге асырылады.
      11. Басқа заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге рұқсатты беріп жіберуге тыйым салынады.
      12. Егерде рұқсат етілген қызмет келісімнің шарты бойынша рұқсат иесімен су айдынның бірнеше балық кәсіптік учаскесінде жүзеге асырылса, рұқсат иесіне арнайы уәкілетті органмен сенімдірілген су айдынның әрбір балық кәсіптік учаскесінің көшірмелері беріледі, олар осы объектілерде үнемі болуға тиіс. Рұқсат көшірмелерін арнайы уәкілетті орган тіркейді.
      13. Рұқсаттың бланкілері қатаң есеп құжаттары болып табылады, оның есептік сериясы және нөмірі болады, арнайы уәкілетті орган басшысының қолымен және гербі бар мөртаңбамен сенімдіріледі. Балықты және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға (алуға) берілген рұқсат бланкілерін дайындау, есепке алу және сақтау арнайы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Рұқсаттың іс-әрекетін тоқтату және қайта жаңарту тәртібі

      14. Арнайы уәкілетті орган өзі берген рұқсаттардың күшін табиғат пайдаланушы мына заң бұзушылықтардың түрлерін жасаған жағдайда тоқтатады:
      аулаудың тыйым салынған құралдарын және тәсілдерін қолданғанда;
      балық аулауға берілген рұқсат көлемінен 1 пайыздан жоғары балықтың және басқа су жануарларының ауланған көлемін жасыру фактілерін айқындағанда;
      балықты және басқа су жануарларын тыйым салынған су айдындарында (учаскелерінде) және балық аулауға тыйым салынған мерзімінде олжалауды жүзеге асырғанда.
      Рұқсаттың күшін тоқтату анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
      Рұқсатты тоқтату мерзімі 3 күндік тәуліктен аспауға тиіс. Анықталған заң бұзушылықтарды жойған жағдайда рұқсаттың іс-әрекеті қайта жаңартылуы мүмкін.
      Анықталған бұзушылықтарды 3 тәулік бойында жоймаған жағдайда арнайы уәкілетті орган соттың талабын көрсету арқылы рұқсатты алу процедурасын жүргізеді.

5. Қорытынды ережелер

      15. Заңды тұлғаларда, сондай-ақ жеке кәсіпкерде балықты және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға (алуға) рұқсаттың болуына, балықтың рұқсат етілген түрлеріне кәсіпті және олжалауды жүргізудің шарттарын ұстауға бақылауды арнайы уәкілетті органның инспекторы жүзеге асырады.
      16. Белгіленген лимиттен жоғары балық ауланғаны (алынғаны) үшін балық қорларына келтірілген зиянды өтеу қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізіледі.
      17. Арнайы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары балықты және басқа да су жануарларын кәсіптік аулауды жүзеге асыруға берілген рұқсат құжаттарын берудің белгіленген механизмін бұзғаны үшін немесе орындамағаны үшін қолданыстағы заңдарға сәйкес жауапкершілікті алады.
      18. Балықты және су жануарларын кәсіптік аулауды (алуды) жүзеге асыруға құжаттарды беру мәселелері жөніндегі арнайы уәкілетті органның шешімдері мен іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
      19. Бланктердің арнайы нысандары - Қазақстан Республикасы су айдындарында (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға және су айдынды (учаскені) бекітуге келісімдер, балықшаруашылығы су айдынның (учаскенің) паспорттары, балық аулауға және басқа су жануарларын пайдалануға рұқсаттар, балық аулау және басқа су жануарларын олжалауды есепке алу журналы қатаң есептік құжаттар болып табылады және Ауыл шаруашылығы министрімен бекітіледі.