Қазақстан Республикасы сутоғандарында балық ресурстарын және өзге де су жануарларын пайдалануды толтырудың тәртібі туралы Нұсқау

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі орман, балық және аң шаруашылығы комитеті 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 757. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 72 бұйрығымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.28.
               N 1074 қаулысымен. P991074_
      Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың мемлекеттік резервін қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға қатысты мәселелерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып белгіленсін.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті уәкілетті мемлекеттік органға "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін белгіленген тәртіппен берсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 P971640_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 468-құжат);

     аталған қаулының 2-қосымшасында:
     "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық үлгідегі акционерлік 
қоғамы деген жол алынып тасталсын;
     2) "Мемлекеттік азық-түлік контракт корпорациясын қайта 
ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 
ақпандағы N 260  

P970260_

  қаулысындағы 3-тармақ алынып тасталсын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының 
Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.М.
 Омарбекова А.Т.