"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2137.

Жаңартылған

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу кезінде ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Астана, Алматы қалаларының БІІБ-ның, облыстардың БІІБ-ның, ІІБ-ның бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Нұсқаулықтың талаптарының зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н. Өмірзақов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 16 қаңтар     
N 22 бұйрығымен      
бекітілген      

"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру
жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы жағдайлар

      1. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелердің (бұдан  әрі - көлік құралдары) мемлекеттік техникалық байқаудан (бұдан әрі - техникалық байқау) өтуінің есебін жүргізу, көлік құралдарының техникалық жағдайы бойынша статистикалық талдау жүргізу, көлік құралдарының санын нақтылау, жүк көтергіштігі, отыру орындары, двигателінің көлемі мен қуаты бойынша салық салу объектілері - көлік құралдары туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған. Бұл ретте арнайы есеп жүргізулер бойынша көлік құралдары мен иесін автоматтандырылған тексеру орындалады.

      2. "Технадзор" ААІЖ көлік құралдарына жол қозғалысына қатысуға рұқсат ету үшін қажетті арнаулы өнім болып табылатын көлік құралдарының диагностикалық карталары бланкілерінің (1-қосымша), көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондардың (2-3-қосымша) нөмірлі есебін жүргізеді. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды жұмсаудың есебі белгіленген тәртіппен жүргізіледі және Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды сақтауды және беруді тіркеу журналында (10-қосымша) көрсетіледі.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .

      3. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырушы болатын конкурс өткізу арқылы жүргізіледі. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету жөніндегі конкурсты ұтып алған заңды немесе жеке тұлға көрсетілген бағдарламалық өнімді алып жүрудің және қамтамасыз етудің толық циклын жүзеге асырады.

  2. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын ұйымдастыру
жөніндегі іс-шаралар

      4. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшесі (бұдан әрі - жол полициясының бөлімшесі) құрамына компьютер, лазерлі принтер, модем кіретін бағдарламалық-аппараттық кешендермен жарақтандырылады.

      5. "Технадзор" автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) жол полициясының әрбір техникалық бақылау пунктінде күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен, қажетті жиһазбен және техникалық мүмкіндік болған жағдайда байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс арнаулы бөлмеде орналастырылады.

      6. АЖО-ға "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ АЖО-ның "Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер" (бұдан әрі - КҚТК) "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасы орнатылуы тиіс.

      7. "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасын жаңартып отыру байланыс арналары бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

  3. "Технадзор" ААІЖ-ның технологиялық
процесінің сипаттамасы

      8. Техникалық байқаудың алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыруға тартылған заңды тұлғалар және/немесе жеке кәсіпкерлер диагностикалаудан өткен әр көлік құралына белгіленген үлгідегі диагностикалық карталар толтырады.
      Бұл ретте диагностикалық картада диагностика пункттерінде толтыруға жататын жолдар толтырылады. Енгізілген ақпарат диагностика пункті маманының қолымен және көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргізген заңды тұлғаның және/немесе жеке кәсіпкердің мөрімен расталады.
      Диагностикалық картаға енгізілетін көлік құралы және оның техникалық жағдайы туралы мәліметтер, "Технадзор" ААІЖ-не есепке алынады және диагностикалаудың технологиялық үдерісінің бөлігі болып табылады.

      9. Техникалық бақылау пунктінде "Технадзор" ААІЖ-ның базасына диагностикалық картаның негізінде көлік құралы мен оның иесі туралы ақпараттар енгізу кезінде жол полициясының қызметкері көлік құралы туралы толтырылған деректерді АЖО КҚТК "Көлік құралдарының есебін жүргізу" базасы деректерімен салыстыруды жүргізеді. Операциялар бойынша деректерді енгізу аяқталғаннан кейін арнайы есептер бойынша көлік құралы мен оның иесін автоматты тексеру жүргізіледі:
      1) тексерулердің кері нәтижесі немесе нақты емес сәйкестіктер кезінде шектеулерді алу жағдайында техникалық байқау жүргізуге уәкілетті жол полициясының қызметкері көлік құралының техникалық жағдайын бағалайды және техникалық байқаудың нәтижелерін ресімдейді. Диагностикалық карта деректер базасына көлік құралының жарамдылығы, берілген куәліктер мен талондардың нөмірлері туралы, көлік құралының техникалық байқаудан өткендігі туралы деректерді енгізу үшін операторға беріледі;
      2) кездейсоқ емес сәйкестіктер туралы куәландыратын тексерудің оң нәтижелері кезінде жол полициясының қызметкері белгіленген тәртіпке сәйкес іс-әрекет жасайды.

      10. Техникалық бақылау пункттеріндегі жол полициясының қызметкерлері аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде біріктіру үшін "Технадзор" ААІЖ-ның қалыптастырылған деректер базасының электронды жүктелуін және жөнелтілуін жүйелі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      11. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы есептіліктің белгіленген нысандары бойынша мәліметті жол полициясының қызметкерлері "Технадзор" ААІЖ-ның деректер базасына енгізілген ақпараттардың негізінде ұсынады.

                                  "Технадзор" автоматтандырылған
                                   ақпараттық-іздестіру жүйесінің
                                      жұмыс істеуін ұйымдастыру
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .

                     Диагностикалық карта
            (техникалық диагностикалық станцияның
         (пунктінің) уәкілетті қызметкері толтырады)

Диагностикалық пункттің атауы _____________________________________
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАНЫҢ N__________________________________________
Ағымдағы техникалық байқау күні ___________________________________
Көлік құралының мемлекеттік нөмірі ________________________________
Маркасы, моделі ___________________________________________________
Көлік куәлігінің сериясы, нөмірі __________________________________
Көліктің түрі _____________________________________________________
Қозғағыштың N______________________________________________________
Шасси N ___________________________________________________________
Шанақтың N ________________________________________________________
Отын түрі _________________________________________________________
Шығарған ел (ТМД, шетелдік) _______________________________________
Шығарылған жылы ___________________________________________________
Жүрген жолы, км ___________________________________________________
Қуаты (ат күші, квт) ______________________________________________
Отыратын орын саны (автобустар үшін) ______________________________
Қозғағыштың көлемі, см 3  (жеңіл көліктерге) ________________________
Жүк көтергіштігі (жүк таситын көліктерге) _________________________
Рульдің орналасуы (оң жағында, сол жағында) _______________________
Қауіпсіздік жастығының болуы ______________________________________
Есепке алынған жері (қала, аудан) _________________________________
___________________________________________________________________
     (техникалық байқауды жүргізу кезінде жол полициясы қызметкері
                               толтырады)

Иесінің коды (1-заңды тұлға, 2-жеке адам) _________________________
Автокөлікті техникалық байқауға әкелген
адамның тегі/заңды тұлға __________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты/Ведомство ____________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Жүргізуші куәлігінің берілген _____________________________________
күні, сериясы, нөмірі
Уақытша тіркеу: күні ______________________________________________
Жарамдылық мерзімі ________________________________________________
Мекен жайы: облысы ________________________________________________
Ауданы ____________________________________________________________
Елді мекен ________________________________________________________
Көшесі, үйі, пәтері _______________________________________________
Полистің N ________________________________________________________
Сақтандырушы ______________________________________________________
Полисті қолданудың басталатын күні ________________________________
Полисті қолданудың аяқталатын күні ________________________________
Ақпараттық диагностикалық картаны берген мемлекеттік
автоинспектор _____________________________________________________
                                  Т.А.Ә.

Тіркеуші __________________________________________________________

               Диагностикалық картаның сыртқы беті

 

Топтың
атауы

Конструкция параметрлерінің
құрамдас бөліктерінің немесе
қосымша құрылғылардың атауы

Көрсеткіштері

Сарап-
шының
мөрі

Сарап-
шының
қолы

1

2

3

 

 

Тежеуіш
жүйесі

1. Тежеуіш жүйесінің бөлшектері (зақымдану)
2. Тұрақ тежеуішінің тиімділігі
3. Тежеуіш жетегінің тұйықтылығы (МП-да қысым)
4. Алдыңғы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы ______%
5. Артқы доңғалақтардың тежеуіш күшінің айырымы _________%
6. Тежеу жолы (текше жағдайынан тыс тексерту кезінде)
7. Анықталған баяулату, метр/с 2
8. Тежеуіш жүйесінің істеу уақыты, сек
9. Үлестік тежеуіш күші __%

  

  

  

  

  

Рульдік басқару

10. Динамометр шкаласы бойынша күш, кг/сек
11. Рульдік доңғалақтың жиынтық люфті, градус
12. Рульдік басқарудың жай-күйі (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

  

  

  

  

  

Жарық
құрал-
дары

13. Сыртқы жарық құралдарының стандартқа сәйкестігі
14. Фараның орнатылған биіктігі, мм
15. Тік  жазықтықтағы жарық тобы көлбеулігінің бұрышы __
16. Экран бойынша фара проекциясының ортасынан топтың жарық көлеңке шекарасына дейінгі арақашықтық, мм

  

  

  

  

  

Жүріс
бөлігі

17. Айқартопса білігі  (зақымдану, бекітілу)
18. Тұтасуы  (жарамдылығы)
19. Тарту-тіркеу қондырғысы, (жарамдылығы)
20. Доңғалақтар (зақымдану, бекітілуі)
21. Шиналары (өлшемі, протектор суретінің қалдығы (мм))

  

  

  

  

  

Әйнек
тазарт-
қыштар,
әйнек
жуғыш-
тар

22. Әйнек тазартқыштар, әйнекжуғыштар, жылытқыштар (бар-жоғы, жарамдылығы)
23. Щеткалардың ең жоғарғы қозғалу жылдамдығы, жүріс/мин

  

  

  

  

  

Қоз-
ғалтқыш
және
оның
жүйесі

24.Жанармай жүйесінің тұйықтылығы
25. Жанармай багы, (стандартқа сәйкестігі)
26. Шыққан газдардың токсиндігі, __%
27. Шыққан газдың түтінділігі, __%

  

  

  

  

  

Қонст-
рук-
цияның
басқа
элемен-
ттері

28. Артын көру айналары (стандартқа сәйкестігі)
29. Әйнектің жарық өткізгіштігі __%
30. Ауа манометрі, (жарамдылығы)
31. Спидометр (жарамдылығы)
32. Радиоқабылдағыш кедергісін басуға арналған  қондырғы (бар-жоғы, жарамдылығы)
33. Есік құлыптары, дыбыс сигналы, апаттық шығу есіктері, жүргізуші орындығын механикалық реттеуі, қауіпсіздік белдігі, доңғалақты батпақтан қорғау фартугы, апаттық тоқтау белгісі, өрт сөндіргіш, дәрі-дәрмек қобдишасы (бар-жоғы, жарамдылығы)

  

  

  

  

  

Мемлекеттік автоинспектордың қорытындысы _________________________
Техникалық байқау куәлігі мен талонның нөмірі ____________________
Мемлекеттік автомобиль инспекторы ________________________________
Мөртаңба _________________________________________________________
Келесі техникалық байқаудың нақты жылы мен айы

"Технадзор" автоматтандырылған    
ақпараттық-іздестіру жүйесінің    
жұмыс істеуін ұйымдастыру      
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша  

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .

Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық
байқаудан өткені туралы куәліктің үлгісі

 

       Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр/шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.
      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) өңірдің литері, келесі техникалық байқаудың мерзімі қойылады.

                                   "Технадзор" автоматтандырылған
                                   ақпараттық-іздестіру жүйесінің
                                      жұмыс істеуін ұйымдастыру
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша 

       Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .  

Көлік құралының мемлекеттік техникалық
байқаудан өткені туралы талонның үлгісі

      

      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері дөңгелек, диаметрі 50 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Винил офсет" үлбірі
      Бет жағына:
      Бет жағына шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген сөздер жазылады;
      Ортасына және шеңбердің ішіне мемлекеттік және орыс тілдерінде "Техникалық байқауды көрсетілген айда өту керек" деген сөздер жазылады;
      І - өңірдің литері, әрпі латынша;
      ІІ - Қазақстан Республикасы көлік құралының таңба белгісі;
      III - келесі жылы техникалық байқаудан өтетін айы;
      Сырт жағында түсі сұр
      ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмір қойылады.

Қазақстан Республикасы       
Ішкі істер министрінің       
2003 жылғы 16 қаңтар N 22     
бұйрығымен бекітілген      
"Технадзор" автоматтандырылған  
ақпараттық-іздестіру жүйесінің 
жұмыс істеуін ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа     
4-қосымша          
 5-қосымша          
6-қосымша          
7-қосымша          
8-қосымша          
9-қосымша          

       Ескерту: 4-9-қосымшалар алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 651   бұйрығымен .