"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2137.

Қолданыстағы

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізу кезінде ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшелері қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Астана, Алматы қалаларының БІІБ-ның, облыстардың БІІБ-ның, ІІБ-ның бастықтары жол полициясы қызметкерлерінің Нұсқаулықтың талаптарының зерделеуін және орындауын қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н. Өмірзақов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2003 жылғы 16 қаңтар    
N 22 бұйрығымен     
бекітілген     

"Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы жағдайлар

      1. "Технадзор" автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелердің (бұдан  әрі - көлік құралдары) мемлекеттік техникалық байқаудан (бұдан әрі - техникалық байқау) өтуінің есебін жүргізу, көлік құралдарының техникалық жағдайы бойынша статистикалық талдау жүргізу, көлік құралдарының санын нақтылау, жүк көтергіштігі, отыру орындары, двигателінің көлемі мен қуаты бойынша салық салу объектілері - көлік құралдары туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін арналған. Бұл ретте арнайы есеп жүргізулер бойынша көлік құралдары мен иесін автоматтандырылған тексеру орындалады.

      2. "Технадзор" ААІЖ көлік құралдарына жол қозғалысына қатысуға рұқсат ету үшін қажетті арнаулы өнім болып табылатын көлік құралдарының диагностикалық карталары бланкілерінің (1-қосымша), көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондардың (2-қосымша) нөмірлі есебін жүргізеді. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды жұмсаудың есебі белгіленген тәртіппен жүргізіледі және Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер мен талондарды сақтауды және беруді тіркеу журналында (10-қосымша) көрсетіледі.

      3. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырушы болатын конкурс өткізу арқылы жүргізіледі. "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету жөніндегі конкурсты ұтып алған заңды немесе жеке тұлға көрсетілген бағдарламалық өнімді алып жүрудің және қамтамасыз етудің толық циклын жүзеге асырады.

2. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар

      4. "Технадзор" ААІЖ-ның жұмысын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдары жол полициясының бөлімшесі (бұдан әрі - жол полициясының бөлімшесі) құрамына компьютер, лазерлі принтер, модем кіретін бағдарламалық-аппараттық кешендермен жарақтандырылады.

      5. "Технадзор" автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) жол полициясының әрбір техникалық бақылау пунктінде күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен, қажетті жиһазбен және техникалық мүмкіндік болған жағдайда байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс арнаулы бөлмеде орналастырылады.

      6. АЖО-ға "Технадзор" ААІЖ-ны бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ АЖО-ның "Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер" (бұдан әрі - КҚТК) "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасы орнатылуы тиіс.

      7. "Көлік құралдарының есебін жүргізу" деректер базасын жаңартып отыру байланыс арналары бойынша апта сайын жүзеге асырылады.

3. "Технадзор" ААІЖ-ның технологиялық процесінің сипаттамасы

      8. Техникалық байқаудың алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыруға тартылған заңды тұлғалар және/немесе жеке кәсіпкерлер диагностикалаудан өткен әр көлік құралына белгіленген үлгідегі диагностикалық карталар толтырады.
      Бұл ретте диагностикалық картада диагностика пункттерінде толтыруға жататын жолдар толтырылады. Енгізілген ақпарат диагностика пункті маманының қолымен және көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргізген заңды тұлғаның және/немесе жеке кәсіпкердің мөрімен расталады.
      Диагностикалық картаға енгізілетін көлік құралы және оның техникалық жағдайы туралы мәліметтер, "Технадзор" ААІЖ-не есепке алынады және диагностикалаудың технологиялық үдерісінің бөлігі болып табылады.

      9. Техникалық бақылау пунктінде "Технадзор" ААІЖ-ның базасына диагностикалық картаның негізінде көлік құралы мен оның иесі туралы ақпараттар енгізу кезінде жол полициясының қызметкері көлік құралы туралы толтырылған деректерді АЖО КҚТК "Көлік құралдарының есебін жүргізу" базасы деректерімен салыстыруды жүргізеді. Операциялар бойынша деректерді енгізу аяқталғаннан кейін арнайы есептер бойынша көлік құралы мен оның иесін автоматты тексеру жүргізіледі:
      1) тексерулердің кері нәтижесі немесе нақты емес сәйкестіктер кезінде шектеулерді алу жағдайында техникалық байқау жүргізуге уәкілетті жол полициясының қызметкері көлік құралының техникалық жағдайын бағалайды және техникалық байқаудың нәтижелерін ресімдейді. Диагностикалық карта деректер базасына көлік құралының жарамдылығы, берілген куәліктер мен талондардың нөмірлері туралы, көлік құралының техникалық байқаудан өткендігі туралы деректерді енгізу үшін операторға беріледі;
      2) кездейсоқ емес сәйкестіктер туралы куәландыратын тексерудің оң нәтижелері кезінде жол полициясының қызметкері белгіленген тәртіпке сәйкес іс-әрекет жасайды.

      10. Техникалық бақылау пункттеріндегі жол полициясының қызметкерлері аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде біріктіру үшін "Технадзор" ААІЖ-ның қалыптастырылған деректер базасының электронды жүктелуін және жөнелтілуін жүйелі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      11. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы есептіліктің белгіленген нысандары бойынша мәліметті жол полициясының қызметкерлері "Технадзор" ААІЖ-ның деректер базасына енгізілген ақпараттардың негізінде ұсынады.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2003 жылғы 16 қаңтар N 22 
бұйрығымен бекітілген   
"Технадзор" автоматтандырылған
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру 
жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша       

А санатындағы көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктің үлгісі

А   2003 ЖЫЛЫ "А" КАТЕГОРИЯЛЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ

KZ   МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКЕНІ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Бет
      Маркасы (үлгісі) ____________________________________  жағы
      _________________________Мем. нөмірі ________________
      Қозғалтқыш көлемі _____ см. куб. Шыққан жылы ________
      Штамп _______________________________________________
               /жол полициясы қызметкерінің аты-жөні, қолы/

                             N 000001
--------------------------------------------------------------------
                  ИЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ НӨМІРІ
                          БЕЛГІСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

        Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Сырт
        Мем. нөмірі _________________________________________  жағы

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

        Иесі (аты-жөні) _____________________________________
        Мем. нөмірі _________________________________________

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

      Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр/шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалған.

      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) аймақтың литері қойылады.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2003 жылғы 16 қаңтар N 22 
бұйрығымен бекітілген   
"Технадзор" автоматтандырылған
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру  
жөніндегі нұсқаулыққа   
2-қосымша       

Көлік құралдарына тіркемелердің мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктің үлгісі

А   2003 ЖЫЛЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТІРКЕМЕСІНІҢ

KZ   МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКЕНІ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Бет
      Маркасы (үлгісі) ____________________________________  жағы
      Мем. нөмірі _________________________________________
      Шыққан жылы _________________________________________
      Көтеретін жүгі (тн) _________________________________
      Штамп _______________________________________________
               /жол полициясы қызметкерінің аты-жөні, қолы/
                               N 000001

--------------------------------------------------------------------
                   ИЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ НӨМІРІ
                           БЕЛГІСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Сырт
      Мем. нөмірі _________________________________________  жағы

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

        Иесі (аты-жөні) _____________________________________
        Мем. нөмірі _________________________________________

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

      Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы  - тығыздығы 250-300 гр./шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалған.

      Мөлшері 75 Х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) аймақтың литері қойылады.

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 16 қаңтар N 22   
бұйрығымен бекітілген    
"Технадзор" автоматтандырылған
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру  
жөніндегі нұсқаулыққа    
3-қосымша       

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктің үлгісі

А   2003 ЖЫЛЫ ҚАУІПТІ ЖҮК ТАСИТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ

KZ   МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКЕНІ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Бет
      Маркасы (үлгісі) ____________________________________  жағы
      Мем. нөмірі _________________________________________
      Шыққан жылы _________________________________________
      Көтеретін жүгі (тн) _________________________________
      Штамп _______________________________________________
               /жол полициясы қызметкерінің аты-жөні, қолы/

                               N 000001
--------------------------------------------------------------------
                  ИЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ НӨМІРІ
                          БЕЛГІСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

      Иесі (аты-жөні) _________________Мем. нөмірі _______  Сырт
                                                            жағы
        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

        Иесі (аты-жөні) _________________Мем. нөмірі _______

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы
        _____________________________________________________
         Жартыжылдық | Берілген уақыты | N Талоны   | Қолы
        _____________________________________________________
             І       |                 |            |
        _____________________________________________________
             ІІ      |                 |            |
        _____________________________________________________

      Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр./шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалған.

      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) аймақтың литері қойылады.

Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің      
2003 жылғы 16 қаңтар N 22    
бұйрығымен бекітілген     
"Технадзор" автоматтандырылған 
ақпараттық-іздестіру жүйесінің
жұмыс істеуін ұйымдастыру   
жөніндегі нұсқаулыққа     
4-қосымша         

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы талонның үлгісі

              Бет жағы                       Сырт жағы
    --------------------------------    ------------------------
         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
     Көлік құралдарының мемлекеттік
          техникалық байқауы

     А        2 0 0 3                          N 000001
  І<-|                 (шеңбер)                     |
              (белгі)     |                         |
    --------------------------------    ------------------------
                 |        |                         |
                 |        |->ІІІ                    |->ІV
                 |->ІІ

      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері 50 х 70 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Рафлатак" пленкасы
      Бет жағына:
      1) үстіңгі жағына мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген жазу;
      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқауы" деген жазу;
      3) ортасында талонның қолданылатын жылы;
      4) І - аймақтың литері, әрібі латынша;
      5) ІІ - "Қауіпті жүк" деген белгінің фонында қауіпті жүкті тасымалдауға арналған көлік құралының силуэті;
      6) ІІІ - көлік құралдарын техникалық байқаудың қолданылу уақыты, екі бөлікке бөлінген диаметрі 18 мм. шеңбер қойылады.

      (шеңбер)- қолданылу уақыты       (шеңбер) - қолданылу уақыты
                І-ші жарты жылдық                 ІІ-ші жарты жылдық
      Сырт жағына ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмірі қойылады.

Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің      
2003 жылғы 16 қаңтар N 22    
бұйрығымен бекітілген       
"Технадзор" автоматтандырылған  
ақпараттық-іздестіру жүйесінің  
жұмыс істеуін ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
5-қосымша          

Жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктің үлгісі

А   2003 ЖЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСИТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ

KZ   МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКЕНІ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Бет
      Маркасы (үлгісі) ____________________________________  жағы
      Мем. нөмірі _________________________________________
      Шыққан жылы _________________________________________

      Жолаушылар орнының саны _____________________________

                              N 000001
--------------------------------------------------------------------
                ИЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ НӨМІРІ
                        БЕЛГІСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

      Иесі (аты-жөні) _________________Мем. нөмірі _______  Сырт
                                                            жағы
        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

        Иесі (аты-жөні) _________________Мем. нөмірі _______

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы
        _____________________________________________________
         Жартыжылдық | Берілген уақыты | N Талоны   | Қолы
        _____________________________________________________
             І       |                 |            |
        _____________________________________________________
             ІІ      |                 |            |
        _____________________________________________________
             ІІІ     |                 |            |
        _____________________________________________________
             ІV      |                 |            |
        _____________________________________________________

      Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр./шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалған.

      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) аймақтың литері қойылады.

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің     
2003 жылғы 16 қаңтар N 22    
бұйрығымен бекітілген      
"Технадзор" автоматтандырылған  
ақпараттық-іздестіру жүйесінің  
жұмыс істеуін ұйымдастыру    
жөніндегі нұсқаулыққа      
6-қосымша            

Жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы талонның үлгісі

               Бет жағы                       Сырт жағы
    --------------------------------    ------------------------
         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
     Көлік құралдарының мемлекеттік
          техникалық байқауы
     А        2 0 0 3                          N 000001
  І<-|                 (шеңбер)                     |
              (белгі)     |                         |
    --------------------------------    ------------------------
                 |        |                         |
                 |        |->ІІІ                    |->ІV
                 |->ІІ
      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері 50 х 70 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Рафлатак" пленкасы
      Бет жағына:
      1) үстіңгі жағына мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген жазу;
      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқауы" деген жазу;
      3) ортасында талонның қолданылатын жылы;
      4) І - аймақтың литері, әрібі латынша;
      5) ІІ - жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралының силуэті;
      6) ІІІ - көлік құралдарын техникалық байқаудың қолданылу уақыты, төрт бөлікке бөлінген диаметрі 18 мм. шеңбер қойылады.

         (шеңбер)- І тоқсан           (шеңбер) - ІІІ тоқсан
         (шеңбер) - ІІ тоқсан         (шеңбер) - ІV тоқсан
      Сырт жағына ІV - алты белгіден тұратын реттік нөмірі қойылады.

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің     
2003 жылғы 16 қаңтар N 22   
бұйрығымен бекітілген     
"Технадзор" автоматтандырылған 
ақпараттық-іздестіру жүйесінің 
жұмыс істеуін ұйымдастыру   
жөніндегі нұсқаулыққа     
7-қосымша           

В, С санатындағы көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктің үлгісі

А   2003 ЖЫЛЫ "С" КАТЕГОРИЯЛЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ

KZ   МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКЕНІ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Бет
      Маркасы (үлгісі) ____________________________________  жағы
        _________________________Мем. нөмірі ________________

      Қозғалтқыш көлемі _____ см. куб. Шыққан жылы ________
                   /жеңіл көлік
                  құралдары үшін/
      Штамп _______________________________________________
               /жол полициясы қызметкерінің аты-жөні, қолы/

                               N 000001
--------------------------------------------------------------------
                 ИЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ НӨМІРІ
                        БЕЛГІСІНІҢ ӨЗГЕРУІ

      Иесі (аты-жөні) _____________________________________  Сырт
      Мем. нөмірі _________________________________________  жағы

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

        Иесі (аты-жөні) _____________________________________
        Мем. нөмірі _________________________________________

        ______________ М.О. _________________________________
            күні                            қолы

      Куәлік баспаханалық тәсілмен дайындалады, материалы - тығыздығы 250-300 гр/шаршы м. картон, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалған.
      Мөлшері 75 х 105 мм.
      Бет жағына:
      1) куәліктің алты таңбадан тұратын реттік нөмірі;
      2) аймақтың литері қойылады.

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің     
2003 жылғы 16 қаңтар N 22   
бұйрығымен бекітілген    
"Технадзор" автоматтандырылған 
ақпараттық-іздестіру жүйесінің 
жұмыс істеуін ұйымдастыру   
жөніндегі нұсқаулыққа     
8-қосымша          

              Бет жағы                       Сырт жағы
    --------------------------------    ------------------------
         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
     Көлік құралдарының мемлекеттік
          техникалық байқауы

     А        2 0 0 3                          N 000001
  І<-|                                              |
              (белгі)                               |
    --------------------------------    ------------------------
                 |                                  |
                 |                                  |->ІІІ
                 |->ІІ
      Дайындау - баспаханалық тәсіл, реттік нөмірлер қою.
      Мөлшері 50 х 70 мм.
      Материалы - өз жабысатын "Рафлатак" пленкасы
      Бет жағына:
      1) үстіңгі жағына мемлекеттік және орыс тілдеріне "Қазақстан Республикасы" деген жазу;
      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде "Көлік құралдарының
мемлекеттік техникалық байқауы" деген жазу;
      3) ортасында талонның қолданылатын жылы;
      4) І - аймақтың литері, әрібі латынша;
      5) ІІ - көлік құралының силуэті қойылады.
      Сырт жағына ІІІ - алты белгіден тұратын реттік нөмірі қойылады.

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 16 қаңтар N 22   
бұйрығымен бекітілген    
"Технадзор" автоматтандырылған 
ақпараттық-іздестіру жүйесінің 
жұмыс істеуін ұйымдастыру   
жөніндегі нұсқаулыққа     
9-қосымша         

Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлік  пен талонды сақтау және беруді тіркеу
ЖУРНАЛЫ

-------------------------------------------------------------------
Алынды|N_ ден|Алушының |Қолы |Берілді|N_ ден|Алушының |Қолы|Ескерту
(саны)|N_ ге |аты-жөні,|     |(саны) | N_ ге|аты-жөні,|    |
      |      |лауазымы,|     |       |      |лауазымы,|    |
      |      | атағы   |     |       |      | атағы   |    |
-------------------------------------------------------------------
  1      2       3        4      5       6      7        8     9