Алматы қаласында ойын бизнесi объектiлерiне акциз мөлшерлерiн бекiту туралы

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған XVІІІ сессиясының 2002 жылғы 31 шілдедегі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 тамызда N 463 тіркелді.

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" V010148_ Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Салық Кодексiнiң 258-бабының 4-шi тармағына және

"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28-қаңтардағы N№137–шi 
Қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы"  

P020476_

  2002-жылғы 26-сәуiрдегi N 
476-шы Қаулысына және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған 
Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады:
     1. Алматы қаласындағы ойын бизнесi объектiлерiне мынандай акциз 
мөлшерлерi бекiтiлсiн:
---------------------------------------------------------------------------
 N !          Объект түрi          !Айлық есептiк көрсеткiш бойынша акциз  
   !                               !    мөлшерi (жылына)
---------------------------------------------------------------------------
 1. Ойын столы                                   576
 2. Ақшалай ұтыс берiлетiн ойын 
    автоматтары                                   12
 3. Тотализатор кассасы                          175
 4. Букмекерлiк кеңсе кассасы                     90
---------------------------------------------------------------------------
     2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту    
жөнiндегi тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық 
комитетiнiң төрағасы Қ.Қ.Нұрпейiсовке жүктелсiн.
     
     II-сайланған Алматы 
     қалалық Мәслихаты
     ХVIII-сессиясының төрағасы
     II-сайланған Алматы 
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы
     
     Маман: Сариева А.