Алматы қаласында ойын бизнесi объектiлерiне акциз мөлшерлерiн бекiту туралы

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVІІІ сессиясының 2002 жылғы 31 шілдедегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 13 тамызда N 463 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-шы бабына, Қазақстан Республикасы "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Салық  Кодексiнiң  258-бабының 4-шi тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N№137-шi Қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2002 жылғы 26-сәуiрдегi N 476-шы  Қаулысына  және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты  шешiм қабылдады:

       1. Алматы қаласындағы ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкалары, келесі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әрі қарай - "АЕК") бір жылға бекітілсін:
           
      ойын столы - 1400 АЕК;
      ақшалай ұтыс берілетін ойын автоматтар - 50 АЕК;
      тотализатор кассасы - 400 АЕК;
      букмекерлік кеңсе кассасы - 200 АЕК.
       Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005 жылғы 18 қарашадағы  N 195  шешімімен.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Қ. Нұрпейiсовке жүктелсiн.

      

       II-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      ХVIII-сессиясының төрағасы

      

      II-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы