"Алматы қаласы бойынша жер телiмдерiнiң салықтық мөлшерлемерлерiн, алымдар мен төлемдердi бекiту туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы XIV кезектен тыс сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 26 ақпанда N 438 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы N 475 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011.10.20 N 475 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Алматы қаласы бойынша жер телiмдерiнiң салықтық мөлшерлемелерiн, алымдар мен төлемдердi бекiту туралы" II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы XIV кезектен тыс сессиясының шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн және бекiтiлсiн:
      - шешiмнiң 4 тармағы мына редакцияда мазмұндалсын: "4. Алматы қаласының базарларындағы тауар сату құқығы үшiн бiр жолғы талондардың бағасы бекiтiлсiн, N 4 қосымша";
      - шешiмге N 4 қосымша мына редакцияда мазмұндалсын:

ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 4 қосымша

      Алматы қаласының базарларында тауар сату құқығы
үшiн бiр жолғы талондар көлемi

                                                 күн сайын (теңгемен)

Базардың бағыты

Базардың санаты

I

II

III

1.

Азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар:




1.1

Прилавкалардан басқа контейнерлерден, дүңгiршектерден, павильондардан және өзге де уақытша орнатылған құрылыстарда сауда жасау





6,0 шаршы м.көлемге дейiнгi сауда  орнынан

360

360

360


6,0 шаршы м.көлемнен 14,0 шаршы м.көлемге дейiнгi сауда орнынан

450

450

450


14,0 шаршы м.көлемнен жоғары сауда орнынан

540

540

540

1.2

Прилавкада сауда жасау (әр сауда жасайтын адамнан алынады, сауда  орыны ескерiлмейдi)

160

140

120

2.

Автомобиль сататын базар




2.1

1 автокөлiктi сатқаны үшiн

360

Тыйым салынады

Тыйым салынады

2.2

Автобөлшектердi сату (әр сауда жасайтын адамнан)

340

300

260

3.

Гүл сататын базар

180

160

140

4.

Машина үстiнен сауда жасайтын базар

540

Тыйым салынады

Тыйым салынады

      II-сайланған Алматы
      қалалық  Мәслихатының
      ХVI-сессиясының төрағасы

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы