Алматы қаласының базарларында тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, сонымен қатар, кезеңдік сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХVIII сессиясының 2011 жылғы 20 қазандағы N 475 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 желтоқсанда N 904 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012.12.12 № 85 шешімімен (01.01.2013 бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласының базарларында тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, сонымен қатар, кезеңдік сипаттағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы талондар құнының мөлшерлемесі ұсынылған қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы кезектен тыс XIV сессиясының «Алматы қаласы бойынша жер телімдері, алымдар мен төлемдердің салықтық мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 418 рет санымен тіркелген, 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы ақшамы» газетінің № 6 (28155) санында, 2002 жылғы 22 қаңтардағы № 8 (28157) санында және 2002 жылғы 16 қаңтардағы «Вечерний Алматы» газетінің № 4 (9505) санында, 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 5 (9506) санында, 2002 жылғы 9 ақпандағы № 11 санында жарияланған), ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2002 жылғы 13 ақпандағы XVI сессиясы «ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы кезектен тыс XIV сессиясының «Алматы қаласы бойынша жер телімдері, алымдар мен төлемдердің салықтық мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 438 рет санымен тіркелген, 2002 жылғы 2 наурыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 24 (28173) санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2002 жылғы 2 наурыздағы № 18 (9519) санында жарияланған), ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXVII сессиясы «ІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2001 жылғы 29 желтоқсандағы кезектен тыс XIV сессиясының «Алматы қаласы бойынша жер телімдері, алымдар мен төлемдердің салықтық мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 555 рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 9 қазандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 113 (3209) санында және 2003 жылғы 11 қазандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 158-160 (9760-9762) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін (келісім бойынша).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған
      Алматы қаласының мәслихатының
      XXXXVІІІ сессиясының төрағасы                   М. Қошқаров

      IV сайланған
      Алматы қаласының мәслихатының
      хатшысы                                         Т. Мұқашев

IV сайланған Алматы қаласының
мәслихатының XXXXVІІІ сессиясының
2011 жылғы «20» қазандағы № 475
шешіміне қосымша

Алматы қаласының базарларында
тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсету, сонымен қатар,
кезеңдік сипаттағы кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру құқығына арналған бір жолғы
талондардың құны


п/п

Базардың мамандандырылуы
(сауда түрі)

Күн сайынғы талон құны  (теңге)

1.

Азық-түліктік және азық-түліктік емес


1.1

Сөрелерді қоспағанда контейнерлерден, дүңгіршіктерден, павильондардан және басқа уақытша құрылыстардан саудалау




6.0 ш.м-ден төмен көлемдегі

360


6.0 ш.м-ден 14.0 ш.м-ден төмен көлемдегі

450


14.0 ш.м-ден және одан жоғары көлемдегі

540

1.2

Сатушы сөресінен және қызметі кезеңдік сипат алатын тұлғалар саудасынан (әр сауда жасайтын тұлғадан)

160

2.

Автомобилдік


2.1

Автомотокөліктің 1 бірлігін сату

360

2.2

Автоқосалқы бөлшектерді сату (әр сатушыдан)

340

3.

Гүлдерді саудалау

180

4.

Машинадан саудалау

540

5.

Коммуналдық базарлар

50