Астана қаласы әкімиятының бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер
өткізудің тәртібі мен орнын қосымша регламенттеу жөніндегі ұсынысын қарап,
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" 1995 жылғы 17
наурыздағы N 2126
U952126_
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші
бар Жарлығының 10-бабын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым
объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет
нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының
мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
1. Астана қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер
өткізетін орындар болып мына ғимараттардың маңындағы аумақтар белгіленсін:
"Газсервис" ПКФ (Екінші Нагорная көшесі, 1)
"Окан Атрико" ААҚ (3 шағын аудан)
2. Осы бұйрық Әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне
енеді.
Астана қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін
атқарушы
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.