Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1441 болып тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2178.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңына , "Кеден брокері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 556 қаулысына  сәйкес, кеден брокерлерінің қызметін бақылауды реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығына  (Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда N 1441 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден брокерінің тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларының есебін жүргізудің және ол бойынша есептіліктің тәртібінде:
      3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз қызметі (Г.Т. Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Кедендік бақылау агенттігінің 
2002 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 160 бұйрығына       
қосымша            

Кеден брокерінің тауарлар  
мен көлік құралдарын    
кедендік ресімдеу жөніндегі
операцияларының есебін  
жүргізудің және ол бойынша
есептіліктің тәртібіне  
3-қосымша          

________  жылдың _________  тоқсаны ішіндегі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі операциялар туралы есеп

____________________________________________________________________
Кедендік |ЖКД |Ста. |           Есептелгені мың, теңге
режимнің |саны|тис. |_______________________________________________
коды (ЖКД|    |тика.|Кеден.|Кеден.|Ак. |ҚҚС|Кейінге  |Кешік. |Әкім.
түрі)    |    |лық  |дік   |дік   |циз.|   |қалдырға.|тіргені|шілік
         |    |құны |алым. |баж.  |дік |   |ны үшін  |үшін   |айып.
         |    |     |дар   |дар   |    |   | пайыз   |өсімақы|пұл
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
_______________________________________________
 Есептелгені мың, теңге  |  Өз қызметінің
_________________________|   аясын шектеу
Оның ішінде шартты түрде |кезінде толтырылады
_________________________|_____________________
Кеден.|Кеден.|Акциз.|ҚҚС |ТМД СЭҚ  | Тауарлар
 дік  | дік  | дер  |    |ТН сәйкес| тасымал.
алым. | баж. |      |    |тауарлар.| данатын
 дар  | дар  |      |    |дың тобы |көліктің
      |      |      |    |         |  түрі
_______________________________________________