"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
орындау үшiн
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
3. Ғылым Министрi - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы президентiнiң 1997 жылғы 19 желтоқсандағы N 241
бұйрығымен
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 сәуiрде N 506 тiркелген "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiн аттестациялау туралы уақытша ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.
4. "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 29 маусымдағы N 522 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С.Бектұрғановқа жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 911 бұйрығымен бекітілген
"Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік
техникалық қызметкерлерін
аттестациялау ережесін
бекіту туралы"
Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін
Аттестациялау ережесі
1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестациялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес жасалған.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымдарының қызметкерлерін (бұдан - әрі қызметкерлер) аттестациялауды өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
4. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестация - қызметкердің өз лауазымына сәйкестілігін анықтау;
2) уәкілетті мемлекеттік орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ғылыми қызметкер - жоғары білімі, қажетті біліктілігі бар және ұйымда белгілі бір лауазым иесі болып табылатын, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстарды кәсіби орындай алатын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
4) инженерлік-техникалық қызметкер - орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін және оның жүзеге асуына жәрдемдесуші, жеке тұлға.
5. Аттестаттаудан жүкті әйелдер босатылады. Еңбек демалысындағы тұлғалар, бала күту демалысындағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептер бойынша қатыспағандар жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы
N 468
бұйрығымен
.
7. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда, оның ішінде еншілес мемлекеттік кәсіпорындарда, аттестаттауды өткізу үшін 7 адамнан тұратын аттестаттау комиссиялары құрылады, олар аттестаттаудың нысаны мен рәсімдерін, аттестаттауды өткізудің нақты мерзімдерін айқындайды, аттестатталушының жұмысына талдау жасайды, аттестаттаудың қорытындылары бойынша шешімдер шығарады.
Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы
N 468
бұйрығымен
.
8. Мемлекеттік ғылыми ұйымның аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша ғылыми ұйымның басшысымен құрылады. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясы негізгі және еншілес кәсіпорындардың кадр қызметтерінің ұсынысы бойынша негізгі кәсіпорынның басшысымен құрылады.
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы
N 468
бұйрығымен
.
9. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің қызметкерлері және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Ғылыми ұйымның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің
қызметкерлері, негізгі кәсіпорынның және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Негізгі кәсіпорынның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды.
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы
N 468
бұйрығымен
.
10. Аттестаттау комиссиясының жеке құрамы мен өкілеттік мерзімі ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен анықталады.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы
N 468
бұйрығымен
.
11. Аттестация лауазымдық нұсқаулық, қызметкердің кәсіби біліктілік деңгейіне, қызметінің нәтижесі мен сапасына сараптау және ұжымда жайлы ахуал тудыра білуі негізінде өткізіледі.
Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау кезінде, олардың жарияланымдық белсенділігін және ғалымның цитаталық индексін (белгілі бір уақыт аралығындағы отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың осы ғалымның еңбектеріне сілтеме жасауларының саны) есептеу қажет. Ғалымның цитаталық индексін Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының басым проблемалары жөніндегі ғалымдар мен мамандардың жарияланымдары бойынша құрылған ақпараттық ресурстар базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы анықтайды және аттестаттау комиссиясының сұратуы бойынша ұсынылады. Цитаталық индекс жүргізіліп отырған зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып қолданылады (қызмет бабында пайдалану үшін, құпия, өте құпия, аса маңызды).
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы
N 468
бұйрығымен
.
12. Ғылыми ұйымдардың қызметкерлері үш жылда бір рет аттестатталады.
Осыған байланысты аттестаттау көрсетiлген мерзiмнiң басталу күнiнен бастап алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311
бұйрығымен
.
13. Аттестацияны өткізу кестесі ұйым басшысымен бекітіледі және аттестатталушы қызметкерге аттестацияның басталуына бір ай бұрын ескертіледі.
14. Кестеде келесі мәліметтер көрсетіледі:
- аттестацияға қатысатын қызметкер жұмыс істейтін бөлімшенің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестацияның өткізу күні, және ұсыныстың аттестациялау комиссиясына берілетін мерзімі, сондай-ақ олардың дайындығына жауапты жұмыскерлердің лауазымдары мен тектері.
15. Аттестациялауға қатысатын әр қызметкерге екі апта бұрын бөлімшенің тікелей жетекшісі осы Ереженің 5 тармағына сәйкес ұсыныстама дайындайды.
17. Ұйымның басшылық құрамын аттестаттау, оларға бағынатын қызметкерлерді аттестациялаудың алдында өткізілуі керек.
18. Аттестациялау комиссиясы жасалған ұсынысты қарайды, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды. Қызметкерге қойылатын біліктілік бағасы мен комиссияның ұсынысы аттестатталушы қызметкердің қатысуынсыз ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыс беру тәртібі аттестациялық комиссияның және міндетті түрде сырт өкілдің қатысуымен комиссия мүшелерінің 3/2 кворумымен өткізіледі. Комиссия аттестаттау нәтижесі бойынша қызметкерге лауазымына сәйкес баға береді:
лауазымына сәйкес;
лауазымына сәйкес емес.
19. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің дауыс беру көпшілігімен айқындайды. Дауыс беру нәтижесі тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
21. Аттестациялау комиссиясының мүшесі аттестацияны жалпы негізде өтеді, бірақ өзінің кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды.
22. Аттестациялау комиссияның біліктілік бағасы және ұсынысы қызметкердің аттестациялау парағына жазылады (қосымшаға сәйкес), дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, хатшысы, мүшелері, қолдарын қояды. Қызметкердің аттестациялау парағы, аттестацияланған қызметкер қолын қойып танысқаннан кейін, ұсыныс пен бірге оның жеке ісінде сақталады.
Өзiндiк пiкiрi бар аттестаттау комиссиясының мүшелерi комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда оны жазбаша түрде аттестаттау парағына қосып беруi мүмкiн.
Аттестатталушының аттестаттауға келмеген жағдайында бiр айдан кейiн қайтадан аттестаттау тағайындалады. Қызметкер қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда оны аттестаттаудан өтпеген деп есептейдi.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311
бұйрығымен
.
23. Қызметкерлердiң аттестаттау қорытындыларын бақылау тәртiбiнде ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесiнiң отырыстарында қарастырылады.
Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311
бұйрығымен
.
24. Аттестациялауды өткізу кезіндегі ақыл-кеңес жұмыстарын аттестацияны жүргізу құзыры берілген ұйым іске асырады.
25. Аттестациялауға қатысты еңбек даулары осындай дауларды қарау тәртібі белгіленген қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы N 468 бұйрығымен .
Қызметкердің аттестациялау парағы
1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
2. Туған күні _____________________________________________________
3. Оқу және біліктілігін арттыру жөніндегі
мәліметтер ________________________________________________________
___________________________________________________________________
3-1. Ғылыми қызметкердің жарияланымдарының саны, соның ішінде соңғы бес жылда__________________________________________________________
3-2. Ғалымның цитаталық индексі____________________________________
___________________________________________________________________
4. Аттестацияға дейінгі қызметі және сол қызметке тағайындалған
күні ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек стажы_______________________________________________
6. Аттестациялық комиссия мүшелерінің ескертулері мен
ұсыныстары_________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Аттестатталушы қызметкердің ескертулері мен ұсыныстары
___________________________________________________________________
8. Қызметкердің біліктілік бағасы: Бағаны қолдап дауыс бергендердің
саны______, қарсы дауыс бергендердің саны______баға_______
9. Аттестациялық комиссияның ұсынысы
___________________________________________________________________
Аттестациялық комиссияның төрағасы _________________________________
Аттестациялық комиссияның хатшысы _________________________________
Аттестациялық комиссияның мүшелері _______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аттестацияның күні ________________________________________________
Аттестациялық парақпен таныстым ___________________________________
жұмыскердің қолы және күні