Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2171.

Қолданыстағы

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ғылым департаментi (В.В.Могильный) бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
      3. Ғылым Министрi - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы президентiнiң 1997 жылғы 19 желтоқсандағы N 241 бұйрығымен  Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 сәуiрде N 506 тiркелген "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiн аттестациялау туралы уақытша ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.
      4. "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестациялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 29 маусымдағы N 522 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.С. Бектұрғановқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің   
2002 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 911 бұйрығымен бекітілген   
"Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың 
Ғылыми және инженерлік     
техникалық қызметкерлерін   
аттестациялау ережесін     
бекіту туралы"         

Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың
Ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін
Аттестациялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестациялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына  сәйкес жасалған.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымдарының қызметкерлерін (бұдан - әрі қызметкерлер) аттестациялауды өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      3. Аттестациялаудың мақсаты қызметкердің өз лауазымына сәйкестілігін анықтау болып табылады.

      4. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) аттестация - қызметкердің өз лауазымына сәйкестілігін анықтау;
      2) уәкілетті мемлекеттік орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) ғылыми қызметкер - жоғары білімі, қажетті біліктілігі бар және ұйымда белгілі бір лауазым иесі болып табылатын, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстарды кәсіби орындай алатын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
      4) инженерлік-техникалық қызметкер - орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін және оның жүзеге асуына жәрдемдесуші, жеке тұлға.

      5. Ұлттық ғылым академияның толық мүшелері (академиктер) мен корреспондент-мүшелері, жүкті әйелдер аттестациядан босатылады. Еңбек демалысындағы тұлғалар, бала күтіміне байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ үзірлі себептермен болмаған тұлғалар жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді.

      6. Аттестацияның негізгі принциптері жариялылық, алқалылық, жүйелілік болып табылады.

2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы

      7. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда аттестация өткізу үшін аттестацияның түрі мен тәртібін, нақты өткізілу мерзімін анықтайтын, аттестатталанатындардың жұмыстарына сараптама жасайтын, аттестация қорытындысы бойынша шешім шығаратын, құрамы 7 адамнан тұратын аттестациялық комиссиялар құрылады.

      8. Аттестациялық комиссия ғылыми ұйымның басшысымен кадрлар қызметінің ұсынысы бойынша құрылады.

      9. Аттестациялық комиссияның құрамына ғылыми бөлімшелердің басшылары, кадрлар және заң қызметтерінің, кәсіподақ ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және басқа да ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

      10. Аттестациялық комиссияның жеке құрамы мен өкілеттік мерзімі ғылыми кеңеспен келісіліп, ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен анықталады.

3. Аттестацияны өткізу тәртібі

      11. Аттестация лауазымдық нұсқаулық, қызметкердің кәсіби біліктілік деңгейіне, қызметінің нәтижесі мен сапасына сараптау және ұжымда жайлы ахуал тудыра білуі негізінде өткізіледі.

      12. Ғылыми ұйымдардың қызметкерлері үш жылда бір рет аттестатталады.

      13. Аттестацияны өткізу кестесі ұйым басшысымен бекітіледі және аттестатталушы қызметкерге аттестацияның басталуына бір ай бұрын ескертіледі.

      14. Кестеде келесі мәліметтер көрсетіледі:
      - аттестацияға қатысатын қызметкер жұмыс істейтін бөлімшенің атауы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, аттестацияның өткізу күні, және ұсыныстың аттестациялау комиссиясына берілетін мерзімі, сондай-ақ олардың дайындығына жауапты жұмыскерлердің лауазымдары мен тектері.

      15. Аттестациялауға қатысатын әр қызметкерге екі апта бұрын бөлімшенің тікелей жетекшісі осы Ереженің 5 тармағына сәйкес ұсыныстама дайындайды.

      16. Аттестатталушы қызметкер ұсыныспен аттестациядан екі апта бұрын танысуы тиіс.

      17. Ұйымның басшылық құрамын аттестаттау, оларға бағынатын қызметкерлерді аттестациялаудың алдында өткізілуі керек.

      18. Аттестациялау комиссиясы жасалған ұсынысты қарайды, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды. Қызметкерге қойылатын біліктілік бағасы мен комиссияның ұсынысы аттестатталушы қызметкердің қатысуынсыз ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыс беру тәртібі аттестациялық комиссияның және міндетті түрде сырт өкілдің қатысуымен комиссия мүшелерінің 3/2 кворумымен өткізіледі. Комиссия аттестаттау нәтижесі бойынша қызметкерге лауазымына сәйкес баға береді:
      лауазымына сәйкес;
      лауазымына сәйкес емес.

      19. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің дауыс беру көпшілігімен айқындайды. Дауыс беру нәтижесі тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      20. Белгіленген сәйкес біліктілік бағасы келесі аттестаттау өткенге дейін сақталады.

      21. Аттестациялау комиссиясының мүшесі аттестацияны жалпы негізде өтеді, бірақ өзінің кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды.

      22. Аттестациялау комиссияның біліктілік бағасы және ұсынысы қызметкердің аттестациялау парағына жазылады (қосымшаға сәйкес), дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, хатшысы, мүшелері, қолдарын қояды. Қызметкердің аттестациялау парағы, аттестацияланған қызметкер қолын қойып танысқаннан кейін, ұсыныс пен бірге оның жеке ісінде сақталады.

      23. Қызметкерлерді аттестациялаудың қорытындысы бақылау тәртібінде Ұлттық ғылым академиясының ғылым бөлімшелерінің бюро мәжілістерінде, ғылыми-техникалық кеңестер мен ғылыми-техникалық орталықтарда қарастырылады.

      24. Аттестациялауды өткізу кезіндегі ақыл-кеңес жұмыстарын аттестацияны жүргізу құзыры берілген ұйым іске асырады.

      25. Аттестациялауға қатысты еңбек даулары осындай дауларды қарау тәртібі белгіленген қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралады.

Пішін 

Қызметкердің аттестациялау парағы

1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
2. Туған күні _____________________________________________________
3. Оқу және біліктілігін арттыру жөніндегі
мәліметтер ________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Аттестацияға дейінгі қызметі және сол қызметке тағайындалған
күні ______________________________________________________________
___________________________________________________________________

5. Жалпы еңбек стажы_______________________________________________
6. Аттестациялық комиссия мүшелерінің ескертулері мен
ұсыныстары_________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Аттестатталушы қызметкердің ескертулері мен ұсыныстары
___________________________________________________________________
8. Қызметкердің біліктілік бағасы: Бағаны қолдап дауыс бергендердің
саны______, қарсы дауыс бергендердің саны______баға_______
9. Аттестациялық комиссияның ұсынысы
___________________________________________________________________

Аттестациялық комиссияның төрағасы _________________________________
Аттестациялық комиссияның хатшысы _________________________________
Аттестациялық комиссияның мүшелері _______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аттестацияның күні ________________________________________________
Аттестациялық парақпен таныстым ___________________________________
                                     жұмыскердің қолы және күні