Азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін жоғарылату мақсатында "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
11, 18 және
30-б.б.
басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы ұсынылып отырған Нұсқау бекітілсін.
2. Осы бұйрық пен Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті шаралар қабылдасын.
3. Бұйрық әскери прокурорға, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылғы 28 тамыздағы N 45, 2002 жылғы 30 мамырдағы N 26 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
2-сыныпты мемлекеттік
әділет кеңесшісі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 76 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы
НҰСҚАУ
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының Конституциясына , ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне , "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін өзге заң актілеріне сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық пен өзге заңдар қорғайтын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтық заңнаманың негізі - сот әділдігін жүзеге асырудың қағидаларын бұлжытпай сақтауы азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың міндеті болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті, Бас әскери прокурор, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар, қала, аудан прокурорлары азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын тұрақты және тиімді қадағалауды, азаматтық істерді сотта қарау кезінде қатысуды, апелляциялық мерзім ішінде және қадағалау тәртібі бойынша сот актілерінің заңдылығын тексеруді, заңсыз сот актілеріне наразылық келтіруді, азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалаудың жағдайына тұрақты талдау жасауды қамтамасыз етсін.
Көлік прокурорларының ведомстволық бағыныштылығына жататын азаматтық істерді сотта қарауға тағайындаған кезде аймақтық прокурорлар осы Нұсқаудың талаптарына сәйкес сотта қатысуды қамтамасыз ету үшін ол туралы соңғыларға дер кезінде хабарлайды. Көлік прокурорының қатысуынсыз сотта қаралатын азаматтық істер бойынша ұйғарылған сот актілерінің заңдылығын қадағалау толық көлемде тиісті аймақтық прокурорларға жүктелсін.
4. Заңда көзделген болса, сот немесе жоғары тұрған прокурорлар қажет деп тапса, прокурорлардың бастамасы бойынша қозғалған істерді, мемлекеттің мүдделеріне, денесі мен ақыл-есінің кемістігінен өзінің сот арқылы қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдардың, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты істерді, мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы, банкроттық туралы істер сотта қаралғанда міндетті түрде қатысуы қажет.
Азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мәселелерін ескере отырып, басқа істерді сотта қарауға қатысудың қажеттілігін жоғары тұрған прокурорлар белгілейді.
5. Сотта істерді қарауда қатысқанына қарамастан, прокурор апелляциялық мерзім ішінде барлық азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын тексерсін. Заңсыз сот актілері анықталған жағдайда ҚР АІЖК
364
-
366
б.б. талаптарын сақтап, оларға наразылық келтірсін.
Бұйрық өндірісі бойынша ұйғарылған сот бұйрықтарының заңдылығын қадағалау тәртібінде тексерсін.
Азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтату туралы сот ұйғарымының заңдылығын тоқсан сайын тексерсін, заңдылықтың бұзушылығы анықталған жағдайда оларды жою үшін шаралар қабылдасын.
Қай бөлімше прокурорларының бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері сотта қатысуды қамтамасыз етеді. Апелляциялық мерзім ішінде белгіленген категориядағы істер бойынша сот шешіміне наразылық білдіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.
ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі алқасына апелляциялық (жеке) наразылық келтірген жағдайда оның көшірмесі ҚР Бас прокуратурасының Департаментіне бір мезгілде жіберіледі.
6. Қаралған іс бойынша заңды дөрекі бұзу айқындалған жағдайда қатысушы прокурор сот алдында лауазымды тұлғаға немесе ұйымға қатысты жеке ұйғарым шығару туралы өтініш етуге міндетті.
Анықталған заңды бұзу фактілері бойынша қосымша тексеріс жүргізу және айыптыларды заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешуге шаралар қолданылсын. Сондай-ақ, ҚР
АІЖК
6-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес судьяларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолдансын.
7. Сотта қаралған барлық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығы мен осы істер бойынша бұзылған және өзгертілген сот шешімдерінің санынан есептелетін апелляциялық наразылық білдірудің тиімділігін ескере отырып, азаматтық сот жүргізудегі прокурорлық қадағалау жағдайына баға берілсін.
8. Апелляция тәртібінде қаралатын барлық істерде прокурордың қатысуын қамтамасыз етсін (ҚР АІЖК 350-б. 2-тармағы).
9. Облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар соттардың қадағалау алқаларының барлық мәжілістеріне қатысады (ҚР
АІЖК
398-б. 1-тармағы). Облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар Бас прокуратураның наразылықтарын облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының мәжілістерінде білікті қолдап, қарау нәтижесі туралы хабарлап, олардың көшірмелерін кідіріссіз жіберуді қамтамасыз етсін.
ҚР Бас прокуратурасының департамент прокурорлары ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі алқасының барлық мәжілістеріне қатысуды қамтамасыз етсін.
10. Прокурорлар сот мәжілісіне формалық киімде келуі тиіс.
11. Іс жүргізуге қатысушылардың, басқа адамдардың өтініштері бойынша заң күшіне енген сот актілерінің заңдылығы істерді талап ете отырып, тексерілсін. Өтінішті қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда заңда белгіленген мерзім ішінде дәлелдеу қорытындысы жасалып, өтініш иесіне жауап берілсін.
Қадағалау тәртібі бойынша наразылық білдіруге өкілетті адам, атап айтқанда облыс прокурорлары мен Бас Прокурордың жетекші ететін орынбасары қорытындыны бекітеді.
Осы адамдар өтініш иелеріне берілетін жауаптарға қол қояды.
12. Облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар істердің облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының мәжілістерінде қаралғанына қарамастан, олардың юрисдикциясындағы соттар шығарған барлық сот актілеріне шағымдарды (өтініштерді) қадағалау тәртібімен қарауға міндетті. Наразылық келтіру үшін негіздемелер анықталған жағдайда ҚР Бас прокуратурасына заңсыз сот актілеріне наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізсін. Ұсыныс жасау туралы мәселені шешу кезінде ҚР АІЖК 387-б. 3-тармағының талаптары мен ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларын басшылыққа алсын.
13. Өз қызметін жетілдіру мақсатында өзекті категориялар бойынша және осы Нұсқаудың 2-тармағында көрсетілген азаматтық істердің сотта жүргізілуіне прокурорлық қадағалау тәжірибесін жүйелі түрде зерделесін және жинақтап қорытындыласын, жартыжылдық пен жылдық қорытындылар бойынша қадағалаудың осы саласының жағдайына (бақылау тәртібінде) талдау жасалсын. Азаматтық істердің сотта жүргізілуіне прокурорлық қадағалау мен сот әділдігін жүзеге асыру туралы ақпараттарды, сондай-ақ осындай талдауларға негізделген азаматтық дауларды дұрыс шешу үшін нормативтік базаны жетілдіру жөнінде, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы ұсыныстарды ҚР Бас прокуратурасына жартыжылдық (жыл) аяқталғаннан кейін келесі айдың 7 күніне дейін жіберілуі керек. Көрсетілген категориядағы істерді сотта қарау тәжірибесіне талдау жасаудың нәтижесі бойынша ҚР Бас прокуратурасының департаменті ҚР Жоғарғы Сотының Пленумына қарауға ұсыныстар енгізсін.
Бағынышты прокурорлар ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы материалдармен қамтамасыз етілсін, озық тәжірибе таратылсын. Прокуратура қызметкерлерінің іскерлік және құқықтық біліктіліктерін жоғарылату жөнінде оқу-әдістемелік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілсін, прокурорларды сынақтан өткізу дағдыға айналсын.
14. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі қызмет "Прокуратура туралы" ҚР Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес жариялылық негізінде жүзеге асырылсын.
15. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті азаматтық істердің сотта жүргізілуіне қадағалау жұмысының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік туғыза отырып, осы салада қадағалауды жүзеге асыру жөнінде төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық пен бақылауды қамтамасыз етсін. ҚР Бас прокуратурасының басқа құрылымдарымен, ҚР Жоғарғы Сотымен, ғылыми және оқу мекемелерімен өзара іс-әрекеттерді жүзеге асырсын.