"КЕЛІСІЛДІ"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БАС ПРОКУРОРЫ
2 ДӘРЕЖЕЛІ МЕМЛЕКЕТТІК
ӘДІЛЕТ КЕҢЕСШІСІ
2002 ж. 19 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ
ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИГІ
2002 ж. 4 қараша
Қазақстан Республикасының "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы"
Заңының
5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларға, стационарлық медициналық көмек көрсетудi бiр жүйеге келтiру туралы" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67 бiрлескен
бұйрығына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiндегi сотталғандарға, соматикалық аурулар және туберкулезбен ауыратындарға стационарлық медициналық көмек көрсету туралы Ережесiнде:
1) 2 тармақтағы "немесе АҚТҚ/ЖҚТБ ауруымен ауыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 28 тармақтағы "бен АҚТҚ/ЖҚТБ-дан басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 29 тармақтағы "(АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратын әйелдер және кәмелетке толмаған әйел жыныстылардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
4) 37 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі