"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 мамырдағы N 572
қаулысына
сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде бұйрықтың орындалуын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы М.Т. Таймерденовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2002 жылғы 21 қарашадағы N 172,
2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 598
бірлескен бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН:
БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ МАЗМҰНЫ МЕН НЫСАНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ҚОЛДАНУЫ ЖӨНІНДЕГІ
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне негізделген және бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгілейді.
1. Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын негізгі ұғымдарды ашады және негізгі талаптарды белгілейді.
2. Бағалау туралы есеп - бағалаудың мүмкін болатын тәсілдер мен әдістерін қолдану негізінде объектінің нарықтық немесе өзге құнының негізін қамтыған құжаттың баяндалуы мен мазмұнының сәйкестендірілген құрылымы, алынған нәтижелерді келісу және қосымшалардың құрамы.
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметінің бақылау функциясы мен реттеуді жүзеге асыратын, объектінің нарықтық немесе өзге құнын айқындаудың әдіснамасын әзірлеумен айналысатын бағалаушылардың, мамандардың, сондай-ақ мүліктік құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың, бағаға мүдделі басқа да тараптардың қолдануына арналған.
2. Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын талаптар
4. Жүргізілген бағалаудың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде және осы Ережеде белгіленген бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес есеп жасалады.
5. Бағалау туралы есепте бағалауды жүргізу мен тағайындаудың мақсаты, айқындалатын құнның түрлері, объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеуде қолданылатын әдістерді таңдау мен негіздемесі, бағалау күні, құнның есеп айырысуы, сондай-ақ өзге де мәліметтер қамтылады.
6. Бағалау туралы есеп:
1) шарт жасалған нөмір мен күні көрсетілген бағалау жүргізу үшін негіздемесі;
2) бағалау объектісінің атауы, орналасқан жері және сипаттамасы;
3) бағалау мақсаты мен айқындалатын құнның түрі;
4) бағалау жүргізу күні;
5) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты) немесе бағалау туғызатын ұйымның толық атауы;
6) бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру нөмірі мен күні;
7) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеудің негізгі принциптері, тәсілдемесі мен әдістері;
8) есеп айырысулардың орындалуы және негіздемесі;
9) объекті құнының мөлшері туралы жасалған қорытындысы;
10) бағалау жүргізу кезіндегі ақпараттың алынған көзінің көрсетілуімен пайдаланылатын құжаттарды, материалдарды, бастапқы деректерді қамтуы тиіс.
7. Мүдделі тараптар арасындағы келісім (бағалау қызметі субъектілері) бағалау туралы есептің мазмұнына қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
8. Талаптары мүдделі тараптардың (бағалау қызметі субъектілері арасында) келісімімен белгіленген бағалау туралы есеп толық және қысқа нысанда жасалады.
3. Бағалау туралы есептің нысанына қойылатын талаптар
9. Толық нысанда жасалған бағалау туралы есеп мыналарды қамтуы тиіс:
Бағалау туралы есептің титулдық парағы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) Объектінің атауы мен орналасқан жері, бағалау жүргізген күні;
2) Бағалау жүргізу үшін негіздеме: шарттар жасалған нөмірі мен күні;
3) Бағалаушы мен тапсырушы туралы негізгі мәліметтер: толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, банк деректемелері;
4) Лицензияның деректемелері: нөмірі мен берген күні;
Беттерінің көрсетілуімен, оның құрамына енгізілген бөлімдерді (бөлімшелерді) қамтыған бағалау туралы есептің мазмұны.
Бағалаушылар мен орындаушылардың кәсіби құзыретін растайтын біліктілік сипаттамасы көрсетілген тізімі.
Есептің сипаттама бөлімі:
1) бағалау объектісінің сипаттамасын, тексеру жүргізілген күнін көрсетіп, оның күй-жайын, заттай кем өлшеуді көзбен бақылаудың орындалуын немесе басқа да ресімдер жүргізу;
2) объектінің бағалау мақсаты, мүліктік құқықтар мен шектеулердің сипаттамасы, айқындалатын құнның түрлері;
3) бағалау әдістерін таңдаудың негіздемесі және бағаланатын объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу үшін қолданылатын әрбір әдістің қажеттігінің қысқаша сипаттамасы.
Есептің есеп айырысу бөлімі:
1) Объектінің нарықтық немесе өзге құнын айқындау әдістемесінің сипаттамасы және бағалаудың таңдап алынған әдістерін қолдана отырып орындалған есеп айырысуларды;
2) бағалау нәтижелерін келісуді және бағаланатын объектінің қорытынды құнын айқындауды қамтуы тиіс;
Есептің қорытынды бөлімі:
Бағалау күніне объектінің күй-жайы жөніндегі құнының мөлшері туралы түбегейлі қорытындысын қамтуы тиіс;
Қосымшалардың құрамына:
Бағалау жүргізу кезінде жиналған және пайдаланылған құжаттардың, техникалық құжаттамалардың, шарттардың, табыстама актілерінің, басқа да ақпарат көздері көрсетілген бастапқы деректердің, бағалау объектісі суреттерінің және бағалаушының көздеуі бойынша басқа да материалдардың көшірмелері енгізілуі мүмкін.
10. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және жеке кәсіпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке өзі қол қояды және өзінің жеке мөрімен растайды.
Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебіне бағалаушылар мен орындаушылар қол қояды, заңды тұлғаның басшысы бекітеді және мөрмен растайды.
11. Әртүрлі бағалау объектілері бойынша бірнеше бағалаушылар бағалау жүргізген жағдайда есепке әрбір бағалаушының бағалау объектілері және біліктілік мінездемесінің көрсетілуімен әрбір бағалаушының қолы қойылатын орындаушылар тізімі енгізіледі.
12. Бағалау туралы есеп тапсырысшының талаптарымен белгіленген не бағалау жүргізудің нәтижелерін толық және бір мәнді түсіндіру үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
13. Бағалау туралы есеп қағаз тасымалында екі данада жасалады, біреуі тапсырысшыға беру үшін, ал екіншісі - бағалаушыда заңнамамен белгіленген мерзімде сақтау үшін тағайындалған.
14. Мүдделі тараптардың келісімімен бағалау жұмыстарын жүргізудің нәтижелерін ресімдеуге бағалау туралы есептің қосымша даналарын тапсырысшыға берудің қажеттігі туралы талаптарды енгізе отырып, қосымша шарттар мен талаптар көзделуі мүмкін.