"Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсанындағы N 853 бұйрығына толықтыру енгізу туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 23 қаңтарда 1372 номермен тіркелген)

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 999 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2055. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 685 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 685 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының ауыл халқы диспансерлеу мен динамикалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығына (бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 1372) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты кешендік медициналық тексеру, диспансерлеу және динамикалық бақылау жөніндегі нұсқаулықтағы (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) ауыл халқының өзге де топтары".
      2. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары Нұсқаулыққа сәйкес ауыл халқын жыл сайынғы медициналық тексеру мен диспансерлеу өткізуді қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 маусымға және 15 қаңтарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне осы бұйрықтың орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрігінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізген күнінен бастап іс-қимылға енгізіледі.

      Министр