Интегралдық микросхема топологияласын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау және тіркеу жөніндегі Ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2043

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 шілдедегі N 217-ІІ  Заңын  жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Интегралдық микросхема топологиясын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау және тіркеу жөніндегі қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
      2. Өнеркәсіп құқығы саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету басқармасы осы Ережені мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрайымының орынбасары Ю.Н.Сыпченковқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төрайым

Қазақстан Республикасының     
Әділет министрлігінің Санаткерлік 
меншік құқығы жөніндегі     
комитеті төрайымының 2002 жылғы 
қарашаның 9-жұлдызындағы    
N 192 бұйрығымен        
бекітілді           

  Интегралдық микросхема топологиясын тіркеуге
өтінім жасау, беру, қарау, тіркеу және
куәлік беру жөніндегі
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 шілдедегі  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және интегралдық микросхема топологиясын тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау, тіркеу және куәлік беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми басылым;
      2) өтінім - интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге өтінім;
      3) интегралдық микросхема - элементтері мен байланыстары оның негізінде бұйым жасалған материалдың көлемінде және немесе бетінде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметін атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым;
      4) патенттік сенімді өкілдер - заңнамаға сәйкес уәкілетті органның алдында жеке және заңды тұлғаларды білдіру құқығы берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      5) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрі - топология) - интегралдық микросхема элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткізгіште бекітілген кеңістік - геометриялық орналасуы;
      6) уәкілетті орган - топологияны құқықтық қорғау саласында мемлекеттік монополияны қамтамасыз ететін мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті).
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п   бұйрығымен

  2. Өтінімді жасау және беру

      3.  Заңның  11-бабы 1-тармағына сәйкес өтінім беруге топологияның авторының немесе өзге құқық иеленуші (бұдан әрі - өтініш беруші) құқылы.
      Топология авторы мынадай жағдайларда:
      егер топология қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау ретінде жасалған болып табылмаса;
      егер топология қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау ретінде жасалған, бірақ автор мен жұмыс беруші арасындағы шартпен автор тіркеуге өтінім беруге және топологияны тіркеу туралы куәлік алуға құқығы көзделген болса.
      Өтінім беру құқығын қандай да бір құжатпен растау талап етілмейді.

      4. Өтінім, топологияны алғашқы пайдаланған күннен бастап, егер ондай орын алған болса, екі жылдан аспайтын мерзімде берілуі мүмкін.
      Өтінім тікелей уәкілетті органға беріледі немесе поштамен жіберіледі.

      5. Өтінім тікелей не өкіл арқылы, сонымен бірге уәкілетті органда тіркелген патенттік сенімді өкіл арқылы берілуі мүмкін. 
      Өкілдің өкілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхатпен расталады.

      6.  Заңның  11-бабы 3-тармағына сәйкес өтінім бір топологияға қатысты болуға және онда:
      1) атына тіркеу сұралатын авторы(лары) және тұлға(лар), сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, топологияның бірінші пайдаланылған күні, егер ондай орын алған болса, көрсетіле отырып топологияны тіркеуге өтінім;
      2) рефератты қоса алғанда, топологияны сәйкестендіретін материалдар;
      3) егер тіркеуге өтінім өкіл арқылы берілетін болса - сенімхат;
      4) тіркеу үшін ақы төленгенін растайтын құжат болуы тиіс.

      7. Уәкілетті органға келіп түскен күнге дейін коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны тіркеуге берілген өтінімде, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда бірінші пайдаланған күнін растайтын құжат қосымша қамтылуы тиіс.

      8. Топологияны тіркеу туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады. Өтінімнің басқа құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде ұсынылады. Егер өтінімнің басқа құжаттары басқа тілде ұсынылса, өтінімге олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса тіркеледі. Аударма өтініммен бір мезгілде немесе басқа тілдегі құжаттарды қамтитын өтінімнің уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

      9. Топологияны тіркеуге өтініш үш данада, рефератты және олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын қоса алғанда, топологияны сәйкестендіретін материалдар екі данада ұсынылады.
      Өтінімнің басқа құжаттары бір данада ұсынылады.

      10. Барлық құжаттар оларды тікелей көшірмелеуге жарамды болатындай етіп ресімделеді.
      Әрбір парақтың жолдары сол парақтың ашық қалдырылған жиегіне қатарластыра орналастырылып, бір жағы ғана пайдаланылады.

      11. Өтінімнің құжаттары берік, ақ, тегіс, селдір емес, жылтыр емес қағазда орындалады.

      12. Өтінімнің әрбір құжаты жеке парақта басталады. Парақтар 210х297 мм. пішінді болады. Парақтар жиегінің ең аз өлшемі мыналарды (мм.) құрайды:
      жоғарыда - 20,
      оңында және төменде - 20,
      солында - 25 мм.
      Сызбалар қамтылған парақтар жиегінің ең аз көлемі мынадай мм. құрайды:
      жоғарыда және солында - 25,
      оңында - 15,
      төменде - 10.
      Бүктелген түрдегі парақтардың пішімі 210х297 мм. болуға тиіс.
      Парақтар жиегі таза болуға тиіс.

      13. Өтінімнің әрбір құжатының екінші және одан кейінгі парақтары араб цифрларымен нөмірленеді.

      14. Құжаттар биіктігі 2,1 мм.-ден кем емес бас әріпті қара түсті әріптермен басылады. Өтінім құжаттарының мәтіні толық және айқын болуға және әртүрлі оқылмауға тиіс.

      15. Топологияны тіркеуге өтініш осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген нысан бойынша ұсынылады.
      Егер топологияның бірнеше авторлары болса, олар туралы мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген нысан бойынша өтінішке толықтыру(лар) ретінде ұсынылады.
      1) Өтініштің жоғары бөлігінде орналасқан "Кіріс N", "Тіркеу N" деген бағандар өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті орган толтыруы үшін арналған және өтінім беруші толтырмайды.
      2) "Өтініш беруші(лер)" деген бағанда өтініш беруші(лер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса), немесе  мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа сәйкес заңды тұлғаның толық атауы, сондай-ақ тиісінше оның (олардың) тұрғылықты жері(лері) немесе орналасқан жері(лері) туралы мәліметтер келтіріледі.
      Атына топологияны тіркеу сұралатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан немесе тұратын шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар үшін Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес елдің коды (егер ол белгіленсе) көрсетіледі.
      3) "Осы топологияға құқықтар туындауының негіздері" деген баған өтінім беруші автор болмаған жағдайда толтырылады. Онда "Х" деген таңба қою жолымен тиісті кестеге өтініш беру негізі (негіздері) көрсетіледі. Бұл ретте уәкілетті органға өтініш беру құқығын растайтын құжат тапсырылады.
      4) "Осы топологияға ең жақын ұқсастық туралы мәлімет" деген бағанға, егер болса, осындай ұқсастық келтіріледі. Бұрын коммерциялық мақсаттарға пайдаланылмаған, сондай-ақ коммерциялық мақсаттарға пайдаланылған топология ұқсастық ретінде көрсетілуі мүмкін.
      5) "Топологияның атауы" деген бағанда топологияның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі.
      6) "Балама атау" деген баған, тіркелетін топология үшін бұрын топологияға қатысты құжат жазылуы мүмкін қосымша атауы болған жағдайда толтырылады.
      7) "Топологияның бірінші пайдаланылған күні мен орны" деген бағанда осы топологияны коммерциялық мақсаттарда бірінші пайдаланылған толық күні (күні, айы, жылы) мен елі көрсетіледі.
      8) "Осы топологияны бірінші пайдалану күніндегі құқықтық иесі туралы деректер" деген бағанда бірінші пайдаланған күндегі құқық иесі туралы мәліметтер келтіріледі.
      9) "Қорғалатын топологиялар туралы мәліметтер" деген бағанда тіркеуге ұсынылған топологияны жасау кезінде пайдаланылатын топологиялар туралы мәліметтер келтіріледі. "Қорғалатын топология" ұғымына коммерциялық мақсаттарда пайдаланылуы екі жылдан аспайтын, тіркелген, сондай-ақ тіркелмеген де топология жатады. Ол өтініш берілген топологияға ең жақын ұқсастықтар, сондай-ақ оны жасаған күні әзірлеушілер мен дайындаушыларға жалпы мәлім элементтерден тұратын, өтініш берілген топологияға жататын жиынтығы түпнұсқа болып табылатын өзге топологиялар болуы мүмкін. Базалық матрицалық кристалл топологиялары туралы және оның негізінде жасалған, тапсырыс берілген интегралдық микросхемалар топологиялары туралы мәліметтер келтіріледі.
      10) "Автордың тегі, аты, әкесінің аты" деген бағанда атау септікте автордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болса) автордың азаматтығы, тұрғылықты жері, телефоны көрсетіледі.
      Бұл бағанда автордың осы топологияны жасау кезіндегі шығармашылық үлесінің қысқаша сипаттамасы келтіріледі.
      11) "Өтінімде қамтылған құжаттар туралы мәліметтер" деген баған тиісті кестеге "Х" деген белгі қою және қоса беріліп отырған құжаттардың әрбір данасындағы парақтардың санын көрсету жолымен толтырылады.
      12) "Хат жазысу үшін мекен-жай" бағанында өтініш беруші (өтініш берушілердің біреуі) Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе өтініш беруші заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері, не өтініш беруші(лер) өкілінің тұратын жері немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетіледі.
      13) Өтінішке және оған толықтыруға(ларға) өтініш берушінің(лердің) немесе оның (олардың) өкілінің(дерінің) қолдары қойылады.
      Қойылған қолдары қол қоятын тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіліп ажыратылуы тиіс.
      Өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйым басшысының немесе лауазымы көрсетіліп, оған қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылады, осы заңды тұлғаның мөрі қойылады.
      Екі және одан да көп өтініш берушілер тіркеуге өтінім берген кезде өтінішке және оған толықтыруға(ларға) олардың әрқайсысының қолы қойылады.

      16. Тіркеуге өтінім келіп түскен күнге дейін коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмаған топологияны сәйкестендіру мақсатында, топологияны сәйкестендіру материалдарында:
      1) топологияның әрбір қабатын бейнелейтін, мынадай визуальды қабылданатын материалдардың әрбір түрлерінің толық жиынтығы;
      2) құрама топологиялық сызба немесе қабатты топологиялық сызбалар;
      3) интегралдық микросхемада бекітілген, топологияның әрбір қабатының фотосуреті;
      4) кейіннен ресми бюллетеньде жариялауға арналған мынадай мәліметтерді қамтитын реферат:
      өтініште және оған толықтыруда(ларда) көрсетілген әрбір автордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол болса);
      әрбір өтініш берушінің аты немесе атауы;
      топологияның атауы;
      интегралдық микросхеманы дайындау үшін қолданылатын технологияның түрі;
      интегралдық микросхеманың қолданылу саласын, мақсатын, қызметін қамтитын аннотация көрсетілуі тиіс.
      Аннотацияның көлемі - 700 баспалық белгіге дейін.

      17. Өтінім тіркеуге келіп түскен күнге дейін коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны сәйкестендіру мақсатында, топологияны сәйкестендіру материалдарында, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған түрін қамтитын интегралдық микросхеманың үлгілері қосымша екі данада болуы тиіс, ал рефератта коммерциялық мақсатта бірінші пайдаланылған күн туралы және интегралдық микросхема үлгісінің негізгі техникалық сипаттамасы туралы мәліметтер қосымша қамтылуы тиіс.

      18. Көзбен көріп қабылданатын материалдардың бейнесі кемінде 20:1 масштабта ұсынылуы тиіс.
      Фотосуреттегі бейненің түсі қарама-қарсы болуы тиіс.
      Сызбалар мен фотосуреттердің барлық даналарында бейненің масштабы көрсетілуі тиіс.

      19. Егер топологияның қандай да бір қабаты көзбен көріп қабылданатын материалдарда құпиялық сипаттағы мәліметтерді қамтитын болса, бұл қабаттың тиісті бөлігі (немесе түгел қабаты) алынып тасталады да топологияны сәйкестендіретін материалдар құрамына кодталған түрде енгізіледі.

  3. Топологияны тіркеу туралы куәлікті алу бойынша
 іс жүргізу

      20. Өтінім бергеннен кейін ол бойынша хат жазысу және өтінімді қараған кезде өз мүддесін қорғау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген сенімхат бере отырып өкіл тағайындай алады.

      21.  Заңның  15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жеке тұлға немесе шетелдік заңды тұлға топологияны тіркеу жөніндегі істі патенттік сенім білдіруші арқылы жүргізеді.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлға, хат жазысу үшін Қазақстан Республикасының шегіндегі мекен-жайын көрсеткен жағдайда, топологияны тіркеуге байланысты істі патенттік сенім білдірушісіз жүргізе алады.

      22. Хат жазысуды өтініш беруші немесе осыған уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір өтінім бойынша жеке жүргізеді.

      23. Өтінім берілгеннен кейін жіберілген материалдарда, өтініштің нөмірі мен өтініш берушінің немесе оның өкілінің  қолы болуы тиіс, өзге жағдайда материалдар қараусыз қайтарылады.

      24. Іс жүргізу мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі. Кемшіліктермен ресімделіп ұсынылған, оқылуы қиын материалдар, қаралмайды. Осындай материалдарды берген тұлғаға тиісті хабарлама жіберіледі.

      25. Мәлімет ресми бюллетеньге жарияланғанға дейін өтініш беруші уәкілетті органның сұрауы бойынша немесе өзінің бастамасы бойынша өтінімнің материалдарын толықтыруға, түзетуге және нақтылауға құқылы.
      Түзетілген материалдарды өтініш беруші алмастырушы парақтар түрінде ұсынады.
      Егер түзету жаңсақ басылуға, библиографиялық деректерді көрсетудегі қателіктерге және тағы басқаларға қатысты болса және құжатты түзету тікелей көшірме жасаған кезде нақтылыққа қатысты теріс салдарларға апарып соқпаса, түзету енгізудің қажеттігі алмастырушы парақтарды ұсынбастан өтініш берушінің хатында білдірілуі мүмкін.

  4. Өтінішті қарау

      26. Егер өтініштің келіп түскен материалдарында өтініш және сызбалар немесе топологияның көшірмесі қамтылса, онда олардың келіп түскен күні қойылып тіркеледі. Өтінішке уәкілетті органның кіріс нөмірі беріледі.
      Өтініш материалдарының келіп түсуі туралы өтініш берушіге уәкілетті орган қойған деректемелермен (кіріс нөмірі және келіп түскен күні) өтініштің бір данасын беру немесе жіберу жолымен хабарланады.

      27. Өтініште қажетті құжаттардың болуы мен оның қолданылып жүрген заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеруді, келіп түскеннен кейін екі ай мерзімде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      28. Өтінішті қарау кезінде:
      өтініште мазмұндалуға немесе оған қоса тіркелуге тиіс құжаттардың болуы;
      өтініш құжаттарына қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі;
      өтінішті қарау топологияның түпнұсқалылығы, сонылығы, өтініш берушінің өтініште көрсетілген мәліметтерді немесе олардың дұрыстығын қорғауға құқығы тексерілмей жүзеге асырылады.

      29. Егер өтінімді қарау процесінде өтініш, заңнамада көзделген талаптардың бұзылуымен ресімделгені анықталса, өтініш берушіге анықталған кемшіліктер көрсетіле отырып сұрау жіберілген күннен үш ай ішінде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну туралы сұрау салынады.

      30. Сұрату үшін:
      өтінімде, осы Ереженің 6-тармағында көзделген бір немесе одан көп құжаттардың болмауы;
      сенімхатты ресімдеуге заңнамамен қойылатын талаптардың бұзылуы;
      топологияны тіркеу туралы өтініште осы Ережеде көзделген қажетті мәліметтердің, деректемелердің, қойылған қолдардың, мөр таңбасының болмауы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылаудың қажеттігі;
      құжаттарды ресімдеуде, олардың тікелей көшірмеленуіне кедергі жасайтын кемшіліктердің анықталуы (беттердің форматына, жиектердің көлеміне қойылатын талаптардың бұзылуы өтініш материалдарын оқуды қиындататын басып шығару сапасы) негіз болып табылады.
      Түзетілген немесе жоқ материалдар белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда топологияны тіркеу жүргізілмейді және өтінім кері қайтарылды деп есептеледі.

      31. Егер өтінішті қарау нәтижесінде өтініштің топология ретінде қорғалмайтын объектіге жататыны анықталса немесе өтініш беруші осы Ереженің 4-тармағы 1 абзацының талаптарын сақтамаған жағдайда, өтініш берушіге топологияны тіркеуден бас тартылғандығы туралы шешім жіберіледі.

  5. Тіркеу, куәлік беру, жариялау

      32. Егер өтінішті қарау нәтижесінде, өтініш материалдары заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталған жағдайда, уәкілетті орган оған тиісті тіркеу нөмірін бере отырып топологияны интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттік тізіліміне енгізеді, өтініш берушіге мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді және тіркелген топология туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.

      33. Мемтізілімде топологияны тіркеуге қатысты барлық өзгерістер тіркеледі.

      34. Мемтізілімге енгізілген мәліметтер, керісіншесі дәлелденгенге дейін дұрыс деп есептеледі.
      Аталған мәліметтердің дұрыстығына өтініш беруші жауапты.

      35. Топологияларды тіркеуге өтінімдерді қабылдауды, оларды тіркеуді, куәліктер беруді және оларға қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттерді туғызатын өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қамтитын іс-қимылдар үшін заңнамаға сәйкес төлемақы алынады.

      36. Интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады, онда:
      куәліктің нөмірі (тіркеу);
      топологияның атауы;
      құқық иеленушінің - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) және/немесе заңды тұлғаның толық атауы;
      елі;
      автор(лары) - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса);
      өтініш нөмірі;
      бірінші коммерциялық пайдалану күні (егер ол орын алған болса);
      тіркеу күні көрсетіледі.
      Топологияларды бірнеше тұлғалардың атына тіркеу сұралған жағдайда, бір куәлік беріледі.

      37. Куәлік тікелей тапсырылады немесе тапсырыс жасалатын пошта жөнелтімдерімен құқық иеленушісінің мекен-жайына жіберіледі.
      Егер құқықтық иеленушілер бірнешеу болса, автордың(лардың) куәлігі топологияны тіркеуге өтінішінде бірінші көрсетілген құқық иеленушісіне жіберіледі.
      Куәлік тапсырған кезде куәлікті алуға жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаның мүдделерін білдірген жағдайда куәлікті алу құқығына сенімхат талап етіледі. Шетелдік құқық иеленушілердің куәліктері патенттік сенімді өкілге тапсырылады немесе жіберіледі.
      Уәкiлеттi орган топологияның құқық иесi болып табылмайтын авторына оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.
       Ескерту: 37-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п   бұйрығымен

      38. Топологияның тіркелгені туралы мәліметтерді жариялау кезінде уәкілетті орган "Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность" ресми бюллетеньнің "Топологиялар" бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді:
      тіркеу нөмірін;
      тіркелген күнін;
      бірінші пайдалану күнін (егер ол орын алған болса);
      автордың(лардың) тегін, атын, әкесінің атын;
      құқық иеленушінің(лердің) тегін, атын, әкесінің атын немесе атауын;
      топология авторы(лары) тұратын елдің және құқық иеленушінің(лердің) тұрғылықты жерінің Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес кодын (кодтарын);
      топология атауын;
      аннотацияны жариялайды.
      Уәкілетті орган "Өнеркәсіп меншігі - Промышленная собственность" ресми бюллетеньнің "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде топологияны тіркеуге қатысты өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды.

Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі
комитеттің төрайымының 2002 жылғы 
9 қарашадағы N 192 бұйрығымен   
бекітілген Интегралдық микросхема 
топологиясын тіркеуге өтінім жасау,
беру, қарау және тіркеу жөніндегі
Ережеге 1-қосымша         
КТ нысаны

Кіріс N ______________
______________________                       тіркеу N _________

  ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН
ТІРКЕУГЕ ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі    
Санаткерлік меншік    
жөніндегі комитет     
Мекен-жайы: Астана қаласы         
Қарталы көшесі 1/1    

      1. ӨТІНІШ БЕРУШІ(ЛЕР)         ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша
                                    елдің коды (егер ол белгіленсе)
___________________________________________________________________
  (өтініш берушінің(лердің) және оның(олардың) жүрген жерінің
  немесе тұрғылықты жерінің толық аты немесе атауы. Өтініш беруші
  авторлардың тұрғылықты жері туралы дерек 9-бағанда келтірілді)

      2. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ҚҰҚЫҚ ТУЫНДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ (егер автор
өтініш беруші болып табылмаса, толтырылады) (Х-пен белгілеу)

   _  өтініш беруші автордың      _   автордың немесе оның
  |_| жұмыс берушісі болып       |_|  құқықтық мұрагерінің
      табылады                        құқықтарды өзге тұлғаға беруі

   _                              _
  |_| жұмыс берушінің құқықтарды |_|  мұрагерлік құқығы
      басқа тұлғаға беруі

      3. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ЕҢ ЖАҚЫН ҰҚСАСТЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
__________________________________________________________________

      4. ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ
      толық: _____________________________________________________

      қысқартылған:_______________________________________________

      5. БАЛАМАЛЫ АТАУ
__________________________________________________________________

      6. ТОПОЛОГИЯНЫң БІРІНШІ ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ЖЕРІ

__________ күні ____________ айы ____________ жылы ___________ елі

      7. ТОПОЛОГИЯНЫҢ БІРІНШІ ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
                    ИЕЛЕНУШІСІ ТУРАЛЫ ДЕРЕК

Аты/атауы ________________________________________________________

Азаматтығы _______________________________________________________

Мекен-жайы, телефоны ______________________________________________

      8. ҚОРҒАЛАТЫН ТОПОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
     (осы топологияны жасаған кезде қолданылған)
__________________________________________________________________

      9. АВТОРДЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
      (басқа авторлар туралы мәлімет өтінішке (КТ/ҚОС нысаны)
      қосымша(лар) түрінде ұсынылады)
__________________________________________________________________

Азаматтығы
__________________________________________________________________

Тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефоны
__________________________________________________________________

Осы топологияны жасау кезіндегі автордың шығармашылық үлесінің
қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________

      10. ӨТІНІМДЕ МАЗМҰНДАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ (Х-пен белгілеу) 

          осы топологияны сәйкестендіретін материалдар:      
 _  осы топологияны ол 2 данада пайдаланылған түрінде қамтитын
|_| интегралдық микросхемалардың үлгілері,

 _
|_| 2 данадағы ерекшелендірілгендерін қоса алғанда, осы
    топологияның әрбір қабатын бейнелейтін визуальды қабылданатын
    материалдардың келесі түрлерінің бірінің толық жиынтығы,
 _
|_| _______ парақты құрама топологиялық сызба немесе қабатты
    топологиялық сызба,
 _
|_| интегралдық микросхемада ____ данада тіркелген топологияның
    әрбір қабатының фотосуреті,
 _
|_| 2 данада 1 парақ реферат,
 _
|_| топологияның бірінші қолданылған күні мен орнын растайтын, 2
    данадағы ______ 1 парақ құжаттың көшірмесі.

    ақы төленгені туралы құжат      мыналар үшін негіздің бар
                                    екендігін растайтын құжат:
 _                               _
|_| ақы төленгені туралы құжат  |_| ақы төлеуден босату
    ____ парақта                    _________ парақта

                                 _
                                |_| ақы төлеудің мөлшерін азайту
                                    ________ парақта

 _
|_| өтінішке қосымша (КТ/ҚОС
    _______ парақта)
 _
|_| сенімхат(тар) 1 парақта

__________________________________________________________________

      11. ХАТ ЖАЗЫСУ ҮШІН МЕКЕН-ЖАЙ: (толық почталық индексті,
мекен-жай иесінің атын немесе атауын қоса алғанда, толық почталық мекен-жай)
__________________________________________________________________

Телефон нөмірі
қалааралық кодты қоса алғанда        Телекс        Факс

__________________________________________________________________
  (өтініш берушінің(лердің) немесе оның (олардың) өкілінің
__________________________________________________________________
                     қолы(дары); қол қойылған күн)
мен_______________________________________________________________
   (өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе заңды
  тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлға,
   өзінің лауазымын көрсете отырып қол қояды; қойылған қол заңды
                  тұлғаның мөрімен бекемделеді)

Санаткерлік меншік құқығы     
жөніндегі комитеттің төрайымының  
2002 жылғы 9 қарашадағы       
N 192 бұйрығымен бекітілген     
 Интегралдық микросхема топологиясын
 тіркеуге өтінім жасау, беру, қарау 
 және тіркеу жөніндегі      
Ережеге 2-қосымша       

      КТ нысаны

Кіріс N ______________
______________________                          тіркеу N _________

  ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТІРКЕУ
ӨТІНІШІНЕ ТОЛЫҚТЫРУ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі    
Санаткерлік меншік    
жөніндегі комитет     
Мекен-жайы: Астана қаласы         
Қарталы көшесі 1/1    

      1. ӨТІНІШ БЕРУШІ(ЛЕР)         ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша
(толық аты немесе атауы)            елдің коды (егер ол белгіленсе)
__________________________________________________________________
ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ (қысқартылған)
__________________________________________________________________
                                  өтініштің 9-тармағына толықтыру

АВТОРДЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
__________________________________________________________________
Азаматтығы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефоны

__________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезінде автордың шығармашылық үлесінің
__________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________
                                  өтініштің 9-тармағына толықтыру

АВТОРДЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
__________________________________________________________________
Азаматтығы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефоны

__________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезінде автордың шығармашылық үлесінің
__________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы

__________________________________________________________________
                                  өтініштің 9-тармағына толықтыру

АВТОРДЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
__________________________________________________________________
Азаматтығы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефоны

__________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезінде автордың шығармашылық үлесінің
__________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________
                                  өтініштің 9-тармағына толықтыру

АВТОРДЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
__________________________________________________________________
Азаматтығы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефоны

__________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезінде автордың шығармашылық үлесінің
__________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________
                                  өтініштің 9-тармағына толықтыру

АВТОРДЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
__________________________________________________________________
Азаматтығы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефоны

__________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезінде автордың шығармашылық үлесінің
__________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________

ӨТІНІШТІҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ

ӨТІНІШТІҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
__________________________________________________________________
  өтініш берушінің (лердің) немесе оның (олардың) өкілінің
                қолы(дары); қол қойылған күн)
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
   (өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе заңды
   тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлға,
   өзінің лауазымын көрсете отырып қол қояды; қойылған қол заңды
                  тұлғаның мөрімен бекемделеді)