Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеу ережесiнiң 34 және 64-тармақтарын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн тiркеу ережесiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 23 ақпандағы N 690 тiркелген, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1999 жылғы 9 қарашадағы N 561 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2000 жылғы 20 қарашадағы N 614 бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 249 бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 762 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн тiркеу ережесiне:
34-тармақтағы 12-тармақшаның ескертпесiнде "мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi органдардың" деген сөздерден кейiн "не заңды тұлғалар бойынша, мемлекеттiк меншiктiк құқықты субъектiк функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың рұқсаты" деген сөздермен толықтырылсын;
64-тармақ төртiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де органдарға.".
2. Облыстардағы, Астана және Алматы қалалары IIББ-нiң, IIБ-нiң бастықтары ереже толықтыруларының мазмұнын бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып түсiндiрме жұмысын жүргiзу арқылы мекемелердiң, ұйымдардың және халықтың назарына жеткiзсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Iшкi iстер Вице-Министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiне (Б.Н.Өмiрзақов) жүктелсiн.
Министр
генерал-полковник