Денсаулық сақтау жүйесiндегi қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 "Жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы"
бұйрығына
(2002 жылғы 8 тамызда ресми газетте жарияланған 2001 жылғы 10 тамыздағы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiндегi мемлекеттiк тiркеуi N 1620; "Қазақстан Республикасында жүктiлiктi тоқтатуды жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шілдедегi N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2002 жылғы 13 мамырдағы N 481 бұйрығының мемлекеттiк тiркеуi N 1884) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң Ережесiнде:
8-тармақта "028/y есепке алу үлгiсiн пайдалана oтырып" сөздерi алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Емдеу-алдын алу iсi департаментiнiң директоры Халел Сағынға жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр