Қазақстан Республикасында жүктілікті тоқтатуды жүргізудің көрсеткіштері мен ережелері туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
төрағасының 2001 жылғы 24 шілдедегі N 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1620. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 696 Бұйрығымен.

      "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат)  қаулысына  мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;"; 
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;". 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі