Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1987.

Жаңартылған

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңдарына  сәйкес, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411  қаулысы  негізінде  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса беріліп отырған Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетіне лицензиялық шарттарды міндетті мемлекеттік тіркеудің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік тіркеу куәлігін бере отырып авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу жүктелсін. 
      3. Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет: 
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және оларды бақылау департаментінде тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынсын. 
      2) Нұсқаулықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу туралы" 1998 жылғы 21 қазандағы N 205  Бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін. 

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Әділет министрінің       
2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145 
бұйрығымен бекітілді      

  Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін
пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді және: 
      1) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-1 Қазақстан Республикасының  Заңы
      2) "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304  Қазақстан Республикасының  Заңы
      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411  қаулысы  негізінде әзірленген. 

      2. Мемлекеттік тіркеуге, өздерінде көзделген тәсілдермен туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануда құқық иеленушілері (лицензиар) мен жеке және заңды тұлғалар (лицензиат) арасында жасалған лицензиялық шарттар жатады.
      Лицензиялық шарттың мемлекеттік тіркелуін ресми түрде растау 
мәліметтерді мемлекеттік тізілімге енгізу және осы Нұсқаулықтың 
1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу куәлігін (бұдан әрі - МТК) беру болып табылады.

      3. Комитет лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізеді. 

  2. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу

      4. Комитет лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) не оларды тіркеуден бас тартуды өтініш берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма күн ішінде жүргізеді.
      Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда, тіркеу мерзімі олар келіп түскенге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34   бұйрығымен .

      5. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке:
      1) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) лицензиялық шарттың түпнұсқасы және көшірмесі;
      3) заңды тұлға үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 
      4) жеке тұлға үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке куәліктің және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі; 
      5) лицензиат пайдаланатын авторлық құқық және сабақтас құқықтар атауларының тізілімі және лицензиялық шарттағы мәліметтерді растайтын өзге де құжаттар;
      6) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары үшін - бұқаралық ақпарат құралды есепке қою куәлігінің, телевизия және (немесе) радио арқылы хабар таратуды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік лицензияның заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
      7) тіркеген үшін алым төленгенін растайтын құжат тапсырылады. 
       Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34   бұйрығымен .

      6. Өтініш беруші лицензиялық шарттарды тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, оған тіркеуден бас тартылуы мүмкін. Тіркеуден бас тарту туралы шешім өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады. 

      7. Тіркеу лицензиялық шарттардың мемлекеттік тізіліміне (осы нұсқаулықтың 3-қосымшасы) тиісті жазу енгізу және өтініш берушіге белгіленген үлгідегі МТК беру жолымен жүргізіледі. 
      МТК лицензиялық шартты тіркеу жасалғанын растайтын және оның иесіне туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады. МТК бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді және елтаңбалы мөрмен куәландырылады. МТК-нің қолданылу мерзімі лицензиялық шарттың қолданылу мерзімінен асуы мүмкін емес.

      7-1. Комитет МТК-ның түпнұсқасы жоғалған, бүлінген немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда, оның телнұсқасын өтініш берушінің өтініші бойынша жеті жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.
      МТК телнұсқасын берген үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік тіркеген үшін алым алынады.
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34   бұйрығымен

      8. Лицензиялық шарттың қолданылу мерзімін ұзарту кезінде Комитетке ұсынылған өтініш пен лицензиялық шарттың көшірмесі негізінде МТК-нің қолданылу мерзімі де ұзартылады.
      МТК-нің қолданылу мерзімін ұзарту бір рет және сол лицензиялық шарттарды тіркеу мерзімінде жүзеге асырылады. 

  3. Қорытынды ережелер

      9. Тіркеуге және лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ақпаратты беруге байланысты даулар сот арқылы шешіледі.

      10. <*>
       Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34   бұйрығымен

      11. Лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ақпарат заңнамада белгіленген тәртіппен берілуі мүмкін.

      12. Өтініш беруші берген мәліметтердің растығына Комитет жауапты емес.
       Ескерту: 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34   бұйрығымен

      

                                       Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің
                                      2002 жылғы 27 қыркүйектегі
                                     N 145  бұйрығымен бекітілген
                                  Туындыларды және сабақтас құқықтар
                                  объектілерін пайдалануға арналған
                                 лицензиялық шарттарды тіркеу туралы
                                        нұсқаулыққа 1-қосымша

          Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
          Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет
                N ____ мемлекеттік тіркеу куәлігі

    ___________  қ.                          200__ жылғы "__" _____

__________________________________________________________________
 (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері
___________________________________________________________________, 
              немесе атауы, заңды деректемелері)
___________________________________________________________________
________________________ берілді 

     200___ жылғы "__" ________ N ____ _____________________________
___________ лицензиялық шарт негізінде
     Лицензиар______________________________________________________
____________________________________________________________________

     Лицензиат______________________________________________________
____________________________________________________________________
     Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар 
объектісінің түрі___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     Қолданылу мерзімі __________________________________ 
     Мерзімі ______________________________ дейін ұзартылған 

      Комитет төрайымы  _______________ 

      

                                       Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің
                                      2002 жылғы 27 қыркүйектегі
                                     N 145  бұйрығымен бекітілген
                                  Туындыларды және сабақтас құқықтар
                                  объектілерін пайдалануға арналған
                                 лицензиялық шарттарды тіркеу туралы
                                        нұсқаулыққа 2-қосымша

                                     Комитеттің төрайымына      
                                       (тегі, аты-жөні)        

                      ______________________________________________
                        (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты,
                      _____________________________________________ 
                        тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін - заңды
                             тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)     
                      телефоны: ____________________________________

                          ӨТІНІШ

Мен (Біз) _________________________________________________________
           (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты; заңды 
           тұлға үшін - заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)
___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиардың тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы мен заңды 
                             деректемелері) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар
объектісінің түрі __________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Өтінішке қосымша беріледі: 1. ________________________
                                  ________________________
                               2. ________________________
                                  ________________________
                               3. ________________________
                                  ________________________ 

20 ____ жылғы "__" _________           _________________________
                                      (өтініш берушінің қолы)     

     

                                       Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің
                                      2002 жылғы 27 қыркүйектегі
                                     N 145  бұйрығымен бекітілген
                                  Туындыларды және сабақтас құқықтар
                                  объектілерін пайдалануға арналған
                                 лицензиялық шарттарды тіркеу туралы
                                        нұсқаулыққа 3-қосымша 

           Лицензиялық шарттардың  мемлекеттік тізілімі

--------------------------------------------------------------------
Р/с!Өтініштің келіп  !Тіркелген күні   !Мемлекеттік тіркеу!Өтініш 
   ! түскен күні     !(күні, айы, жылы)! куәлігінің нөмірі!берген 
   !(күні, айы, жылы)!                 !                  !заңды 
   !                 !                 !                  !тұлғаның
   !                 !                 !                  !тегі,
   !                 !                 !                  !аты,әке.
   !                 !                 !                  !сінің
   !                 !                 !                  !аты
   !                 !                 !                  ! немесе
   !                 !                 !                  !атауы --------------------------------------------------------------------
 1 !        2        !        3        !        4         !    5   --------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Лицензиар туралы мәліметтер!Пайдаланылатын туындының!Күні және !Ес.
 (тегі, аты, әкесінің аты  !   түрі және (немесе)   !мемлекет. !кер.
 немесе ұжымдық негізде    !сабақтас құқықтар объек.!тік тіркеу!ту.
   мүліктік құқықтарды     !     тісі               ! куәлігін !лер
басқаратын ұйымның атауы,  !                        !алғаны ту.!
лицензиялық шарттың нөмірі,!                        !ралы қолы !
күні, қолданылу мерзімі)   !                        !          !
--------------------------------------------------------------------
            6              !          7             !    8     ! 9 
--------------------------------------------------------------------