Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1998 жылғы 21 қазандағы N 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 647. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145 ~V021987 бұйрығымен.

      Астана қаласындағы құрылысты қаржыландыру проблемасын жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі - Банк) салымға Банктің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасымен 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомада несие ресурстарын беруі шартымен қазынашылық органдарының шотынан 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомадағы уақытша бос ақшаны заңдарда белгіленген тәртіппен орналастыратыны назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ақшаны сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша және Банк салым бойынша міндеттемелерді (кепілді) қамтамасыз етпестен орналастыруға рұқсат берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық

департаменті орналастырылған ақшаның қайтарылуын қамтамасыз етсін.
     4. 
<*>

     Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.07.11. N 943 
              қаулысымен.  

P010943_

  
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігіне жүктелсін.
     6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі