1. Акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік тіркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасында акциялар эмиссияларын мемлекеттік тіркеу, акциялар эмиссияларын жою және акциялар шығару және орналастыру қорытындылары жөніндегі есептерді бекіту тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 қарашадағы N 141 V960243_ қаулысының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы қағаздарының эмиссия проспектілеріне және бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары жөніндегі есептерге сараптама жүргізуі туралы ережені бекіту жөнінде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 220 V970339_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлдi
Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге
жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру
номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары
жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне K941000_ , "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Z952155_ , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ , "Акционерлiк қоғамдар туралы" Z980281_ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және акциялардың эмиссияларын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн (ұлттық бiрегейлендiру номерлерiн) (бұдан әрi - ҰБН беру) беру, сондай-ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою үшiн берiлетiн құжаттардың тiзбесiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) эмитенттiң органы - акциялар эмиссиясы жөнiнде шешiм қабылдауға уәкiлеттi эмитенттiң органы;
2) акциялардың бастапқы эмиссиясы - эмитенттiң құрылтайшылары арасында орналастырылатын акциялар эмиссиясы;
3) акциялардың кейiнгi эмиссиясы - белгiленген және белгiленбеген тұлғалар тобының арасында орналастырылатын акциялар эмиссиясы (соттың шешiмi бойынша акциялардың қосымша эмиссиясын қоспағанда);
4) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қатынастарды реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
5) қаржы ұйымдары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс iстейтiн бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары.
2. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеудi, ҰБН берудi, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарауды, қаржы ұйымдарының (жарияланған жарғылық капитал мөлшерiне қарамастан) және жарияланған жарғылық капиталының мөлшерi 200.000 айлық есептiк көрсеткiштен кем емес акционерлiк қоғамдардың акциялар эмиссиясын жоюды уәкiлеттi органның орталық аппаратының бөлiмшесi жүзеге асырады.
3. Ереженiң 2-тармағында көрсетiлмеген акционерлiк қоғамдардың акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеудi, ҰБН берудi, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарауды және акциялар эмиссиясын жоюды уәкiлеттi органның филиалдары жүзеге асырады.
4. Акциялардың бастапқы эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге немесе ҰБН беруге арналған құжаттар заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап бiр айдың iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.
Акциялардың кейiнгi эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге немесе ҰБН беруге арналған құжаттар эмитенттiң органы акциялар эмиссиясы жөнiнде шешiм қабылдаған күннен бастап үш айдың iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.
Уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттарды отыз күн iшiнде, ҰБН беру үшiн ұсынылған құжаттарды - олар уәкiлеттi органға түскен күннен бастап он бес күн iшiнде қарайды.
2-тарау. Акциялар эмиссияларын мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi
5. Эмитент акциялардың бастапқы эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ерiктi нысанда жазылған өтiнiш;
2) эмитенттiң органының акцияларды шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi;
4) оған енгiзiлген барлық тiркелген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге жарғының нотариат куәландырған көшiрмесi;
5) соңғы аяқталған үш қаржылық жылдың және соңғы есептi кезеңнiң қаржылық есептерiмен қоса осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес акциялар эмиссиясының екi дана етiп жасалған проспектi (банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - үш данамен). Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшiн аудиторлық есептiң нотариат куәландырған көшiрмесiмен және акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы есептi кезеңнiң қаржылық есебiмен қоса берiлген соңғы аяқталған үш қаржылық жылдың қаржылық есептерi. Эмитенттiң қаржылық жылы аяқталмаған жағдайда акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы шешiм қабылданған күнгi қаржылық есеп ұсынылады;
6) тiркеушiмен жасалған шарттың көшiрмесi немесе, дербес жүргiзiлген жағдайда акциялар ұстаушылардың тiзiлiмi, - акцияларды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзуi туралы iшкi ереженiң екi данасы, бағалы қағаздар тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыратын эмитенттiң маманына уәкiлеттi орган бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берген бiлiктiлiк куәлiгiнiң көшiрмесi;
7) акцияларды құжаттамалық нысанда шығарған жағдайда - акциялардың үлгiлерi екi дана.
6. Эмитент акциялардың кейiнгi эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға:
1) осы Ереженiң 5-тармағының 1)-5), 7) тармақшаларында аталған құжаттарды;
2) соңғы қаржылық жылдың қаржылық есебiнiң шынайылығын растайтын аудиторлық есептi;
3) эмитенттiң акцияларды сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздарының ресми тiзiмiне енгiзу ниетi болған жағдайда - сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес ресiмделген, эмитенттiң акцияларын оның бағалы қағаздарының ресми тiзiмiне енгiзу мүмкiндiгi туралы сауда-саттықты ұйымдастырушының қорытындысын;
4) қоғамның төленген (шығарылған) жарғылық капиталындағы бес және одан көп акциялар процентiн иеленушi акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiнен акциялар эмиссиясы проспектiсi жасалған күнгi көшiрмесiн ұсынады. Қаржы ұйымдары акциялар эмиссиясы проспектiсi жасалған күнгi акциялар ұстаушылардың толық тiзiлiмiн ұсынады.
7. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бастапқы және кейiнгi акциялар эмиссияларын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға:
1) осы Ереженiң 5-тармағының 1)-7) тармақшаларында аталған құжаттарды;
2) құрылтайшылардың және/немесе акционерлердiң аудиторлық есептiң нотариат куәландырған көшiрмесiмен қоса берiлген соңғы аяқталған қаржылық жылдағы қаржылық есебiн, сондай-ақ бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және құрылтайшы және/немесе акционер болып табылатын ұйымның мөрiмен расталған соңғы есептi күнгi қаржылық есебiн;
3) жарғыға және құрылтай шартына өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiштi және жарғыға және құрылтай шартына нотариат растаған өзгерiстер мен толықтыруларды ұсынады (кейiнгi эмиссия кезiнде).
8. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады және эмитентке осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi;
2) эмитентке акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң уәкiлеттi органның оны тiркегенi туралы белгiсi бар бiр данасын қайтарады;
3) құжаттандырған нысанмен шығарған жағдайда - акция үлгiсiнiң бiр данасын уәкiлеттi органның белгiсiмен қайтарады.
9. Акцияларды орналастыру және айналысқа жiберу барысында акциялар эмиссиясы проспектiсiне кез келген өзгерiстер мен толықтырулар уәкiлеттi органда тiркеуге жатады.
Акциялар эмиссиясы проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға:
1) бiрiншi басшы, бас бухгалтер, ревизиялық комиссия төрағасы
(аудитор) қол қойған және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен расталған өзгерiстер мен толықтыруларды, екi данамен; 2) эмитенттiң органының акциялар эмиссиясының тiркелген проспектiсiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар редакциясын бекiту туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады. 10. Уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды оларды алған күннен бастап он бес күннiң iшiнде қарайды. 11. Акциялар эмиссиясының проспектiсiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган өзгерiстер мен толықтырулардың бiр данасын оларды тiркеу туралы белгiмен эмитентке қайтарады. 3-тарау. Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларына ҰБН беру тәртiбi 12. Эмитент акциялардың бастапқы эмиссиясына ҰБН беру үшiн уәкiлеттi органға: 1) осы Ереженiң 5-тармағының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында аталған құжаттарды; 2) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акциялар эмиссиясына ҰБН беруге өтiнiштi ұсынады. 13. Эмитент акциялардың кейiнгi эмиссиясына ҰБН беру үшiн уәкiлеттi органға: 1) осы Ереженiң 5-тармағының 1)-4), 7) тармақшаларында аталған құжаттарды; 2) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысанға сай акциялар эмиссиясына ҰБН беруге өтiнiштi; 3) ҰБН беру үшiн құжаттарды ұсыну алдында соңғы есептi кезеңге қаржылық есептi;
4) қоғамның төленген (шығарылған) жарғылық капиталындағы бес және одан көп акциялар процентiн иеленушi акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiнен акциялар эмиссиясы туралы эмитенттiң органы шешiм қабылдаған күнгі үзiндiнiң түпнұсқасын ұсынады.
14. ҰБН беру үшiн эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) ҰБН бередi және эмитентке осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҰБН беру туралы куәлiк бередi;
2) құжаттандырған нысанмен шығарған жағдайда акциялар үлгiсiнiң бiр данасын уәкiлеттi органның белгiсiмен қайтарады.
4-тарау. Акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары
жөнiндегi есептi қарау үшiн ұсынылатын құжаттар тiзбесi
және оларды ресiмдеу тәртiбi
15. Акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) ерiктi нысанда жазылған өтiнiштi;
2) акцияларды аралық (түпкiлiктi) орналастыру аяқталған есептi тоқсанның (айдың) аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептi;
3) акцияларды аралық (түпкiлiктi) орналастыру күнгi жағдай бойынша қоғамның төленген (шығарылған) жарғылық капиталындағы бес және одан көп акциялар процентiн иеленушi акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiнен акциялар эмиссиясы туралы эмитенттiң органы шешiм қабылдаған күнгi үзiндiнiң түпнұсқасын. Қаржы ұйымдары акцияларды аралық (түпкiлiктi) орналастыру аяқталған күнгi жасалған акциялар ұстаушылардың толық тізілімін ұсынады;
4) акцияларды ашық орналастыру жөнiндегi хабарлама жарияланған баспа басылымы бетiнiң осы баспа басылымы шығарылған номерi мен күнiн көрсете отырып жасалған көшiрмесiн;
5) осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi дана етiп жасалған, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi (банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - үш данамен) ұсынады.
16. Қаржы ұйымдары:
1) осы Ереженiң 15-тармағының 1)-5) тармақшаларында аталған құжаттарды;
2) акционерлердiң акциялар санының эмитенттiң шығарылған акциялар санына проценттiк арақатынасы бес және одан көп процент болатын соңғы аяқталған қаржылық жылдағы қаржылық есебiн, оған қоса аудиторлық есептiң нотариат куәландырған көшiрмесiн, сондай-ақ бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және акционер болып табылатын ұйымның мөрiмен расталған соңғы есептi күнгi қаржылық есебiн;
3) акциялар санының эмитент шығарған акциялар санына проценттiк арақатынасы бес және одан көп процент болатын акционерлер - заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшiрмелерiн ұсынады.
17. Егер орналастыруды бастағаннан не акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi соңғы есептi ұсынған күннен бастап алты ай өткенде эмитент бiр де бiр акцияны орналастырмаған болса, ол уәкiлеттi органға:
1) осы кезеңде акцияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарламаны;
2) алты айлық орналастыру мерзiмi өткен күнгi акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндiнiң түпнұсқасын ұсынады.
Уәкiлеттi орган акцияларды орналастырмау туралы хабарламаны қарау нәтижелерi бойынша эмитентке осы хабарламаны назарға алу туралы хат жiбередi.
18. Уәкiлеттi органға акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарауға эмитент ұсынған құжаттарды уәкiлеттi орган оларды алған күннен бастап он төрт күннiң iшiнде қарауы тиіс.
19. Акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту үшiн эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi
бекiтедi және осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы эмитентке хабарлама жiбередi; 2) акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептiң бiр данасын уәкiлеттi органның оны бекiткенi туралы белгiмен эмитентке қайтарады. 5-тарау. Акциялар эмиссиясын жоюға ұсынылатын құжаттардың тiзбесi 20. Акциялар эмиссиясын жою мынадай жағдайларда жүргiзiледi: 1) эмитент соттың шешiмi бойынша таратылғанда; 2) эмитент ерiктi таратылғанда немесе қайта ұйымдастырылғанда; 3) акциялардың номиналды құны өзгергенде; 4) акциялар эмиссиясы өткiзiлмедi деп танылғанда. 21. Эмитент акциялар эмиссиясын жою үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) оның ерiктi түрде таратуы немесе қайта құру және акциялар эмиссиясының күшiн жою туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесi;
3) акциялар эмиссиясын (эмиссияларын) мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) түпнұсқасы (түпнұсқалары);
4) акциялар эмиссиясы (эмиссиялары) проспектiсiнiң (проспектiлерiнiң) түпнұсқасы (түпнұсқалары);
5) акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептiң (есептердiң) түпнұсқасы (түпнұсқалары) және уәкiлеттi органның акциялар эмиссиясын (эмиссияларын) шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламасы (хабарламалары);
6) эмитент органы шешiм қабылдаған немесе сот шешiмi заң күшiне енген күнi қоғамның жарғылық капиталында шығарылған (төленген) акциялардың бес және одан да көп процентiн иеленушi акцияларды ұстаушылар тiзiлiмiнiң көшiрме жазбасының түпнұсқасы;
7) эмитент акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнде операциялардың тоқтатыла тұрғандығы туралы тiркеушiнiң мекен-жайына жiберiлген жазбаша хабарламаның көшiрмесi.
22. Мына жағдайларда акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiтпей-ақ акциялар эмиссиясының күшiн жоюға жол берiледi:
1) эмитенттiң таратылуы немесе қайта құрылуы;
2) акциялар эмиссиясының iске аспады деп танылуы.
23. Акциялар эмиссиясын акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiтпей-ақ жойған жағдайда эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) эмитент органның оны тарату немесе қайта құру туралы шешiмiнiң көшiрмесi; немесе эмиссияның iске аспағандығын тану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
3) акциялар эмиссиясын (эмиссияларын) мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) түпнұсқасы (түпнұсқалары);
4) акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң (проспектiлерiнiң) түпнұсқасы (түпнұсқалары).
24. Эмитенттiң уәкiлеттi органға акциялар эмиссиясының күшiн жоюға берген құжаттарын уәкiлетi орган оларды алған күннен бастап он бес күн iшiнде қарайды.
25. Эмитенттiң акциялар эмиссиясын жоюға ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясын жояды және эмитентке осы Ереженiң 7-қосымшасына сай нысан бойынша акциялар эмиссиясының жойылғаны туралы куәлiктi жiбередi.
26. Кейiннен акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн берумен бiрге акциялар эмиссиясын жойған жағдайда, эмитент уәкiлеттi органға осы Ереженiң 21-тармағының 1)-7) тармақшаларында аталған құжаттардан басқа осы Ереженiң 6-7 және/немесе 13-тармақтарында аталған құжаттарды ұсынады, мұндайда құжаттар акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және ҰБН-iн беру үшiн тиiсiнше белгiленген мерзiмге сәйкес қаралады.
6-тарау. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден, ҰБН-iн беруден,
акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi
бекiтуден және акциялар эмиссиясының күшiн жоюдан бас тарту
27. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тарту себептерiн мiндеттi түрде көрсете отырып акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден, ҰБН-iн беруден және акциялар эмиссиясының күшiн жоюдан бас тартады.
28. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден, ҰБН-iн беруден, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкiлеттi органның ескертпелерiн екi ай iшiнде жояды. Құжаттар қайта ұсынылған жағдайда қарау мерзiмiн есептеу жаңадан басталады.
7-тарау. Қосымша ережелер
29. Акционерлiк қоғамды қайта ұйымдастыру арқылы құрған кезде осы Ереженiң 6-тармағының 1)-7) тармақшаларында немесе 12, 13-тармақтарында аталған құжаттардан басқа эмитент мына құжаттарды:
1) эмитент органының және/немесе қайта ұйымдастырылатын (қайта ұйымдастырылған) заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру, қайта ұйымдастырылатын (қайта ұйымдастырылған) қоғам акцияларын құрылатын қоғам акцияларына айырбастау (ауыстыру) тәртiбi туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
2) бiрiгу және қосылу кезiнде - өткiзу актiсiнiң және қосылу немесе бiрiгу шартының көшiрмелерi;
3) бөлiну және бөлiнiп шығу кезiнде - бөлу балансының көшiрмесi;
4) қайта құрылу кезiнде - өткiзу актiсiнiң және жаңадан құрылған заңды тұлғаны тiркеу күнгi қаржылық есептiң көшiрмесi.
30. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысқан заңды тұлғалар тiзiлiмiн ұстаушыны (бұдан әрi - МемТiзiлiм ұстаушысы) мыналардың қорытындылары туралы хабардар етедi:
акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу;
мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ҰБН-iн беру;
акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау;
осы Ереженiң 8-қосымшасына сай нысанда жарғылық капиталына мемлекет қатысқан эмитенттердiң акциялар эмиссиясының күшiн жою.
8-тарау. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, ҰБН-iн беру,
акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi
есептi бекiту немесе акциялар эмиссиясын жою кезiнде
уәкiлеттi орган беретiн құжаттардың дубликатын беру және
түпнұсқаларын қайта ресiмдеу
31. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, ҰБН-iн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту немесе акциялар эмиссиясын жою кезiнде уәкiлеттi орган берген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда, эмитент баспа басылымында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты жариялай отырып, дубликат беру жөнiнде хабарласуға құқылы.
32. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн беру туралы куәлiктi, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаны уәкiлеттi орган мына жағдайларда:
1) заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде;
2) акциялардың түрi және/немесе санаты және шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың мөлшерi өзгермей шығару нысаны өзгерген кезде;
3) эмитент бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алған акциялардың бiр бөлiгi жойылған кезде қайта ресiмдеуi керек.
33. Эмитент уәкiлеттi органға осы Ереженiң 32-тармағында аталған құжаттарды эмитенттi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында қайта тiркеген (акционерлiк қоғамды қайта тiркеу кезiнде) күннен бастап немесе эмитент органы тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады.
34. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн беру туралы куәлiктi, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаны қайта ресiмдеу үшiн уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
2) атауының өзгеруiне байланысты заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
3) статистикалық карточканың көшiрмесiн;
4) енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
5) акциялар эмиссиясын (эмиссияларын) және акциялар эмиссияларының проспектiсiн (проспектiлерiн) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) түпнұсқасын (түпнұсқаларын) және/немесе ҰБН-iн беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);
6) акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаның (хабарламалардың) және акциялар эмиссиясының қорытындылары туралы есептiң (есептердiң) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);
7) эмитент органының жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің көшірмесі (заңды тұлғаның атауы, акциялардың түрі және/немесе санаты және шығару нысаны өзгерген кезде);
8) эмитент органының эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алған акцияларының бiр бөлiгiнiң жойылғандығы туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
9) эмитенттiң органы жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылдаған күнгi жағдай бойынша акциялар ұстаушыларының тiзiлiмiнен түпнұсқа көшiрме жазбаларын;
10) акцияларды шығару нысаны былайша өзгерген жағдайда:
құжаттандырылғанды құжаттандырылмаған нысанға - акционерлерге жiберiлген дербес хабарлама немесе баспа басылымында жарияланған шығару нысанын ауыстыру және акцияларды айналыстан алу тәртiбi туралы хабарландыру нысандарының көшiрмесiн; немесе құжаттандырылмағанды құжаттандырылған нысанға - акциялар үлгiлерiнiң екi данасын ұсынады.
35. Эмитенттiң акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн беру туралы куәлiктi, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаны қайта ресiмдеуге берген құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган:
1) құжаттардың бастапқы берiлген күнiн көрсете отырып акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және/немесе ҰБН-iн беру туралы жаңа куәлiк, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарлама бередi;
2) эмитентке проспектiсiнiң, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептiң даналарын қайтарады, оларға енгiзiлген өзгерiстердi тiркеу және жаңа куәлiктiң берiлгенi туралы белгi жасайды;
3) құжат нысанында шығару кезiнде акциялар үлгiсiнiң бiр данасын уәкiлеттi органның белгiсiмен қайтарады.
36. Қайта ресiмделген акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, ҰБН-iн беру туралы куәлiктi, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаны алған күннен бастап он күн iшiнде эмитент бұл жөнiнде қоғамның тiркеушiсiн хабардар етедi.
9-тарау. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге, ҰБН-iн беруге,
акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi
бекiтуге және акциялар эмиссиясын жоюға ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына және ресiмдеуге қойылатын талаптар
37. Эмитенттiң уәкiлеттi органға акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуге, ҰБН-iн беруге, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiтуге немесе акциялар эмиссиясын жоюға ұсынатын өтiнiшiнде осы эмитенттiң акцияларында (жарғылық капиталында үлесi) мемлекеттiң бар екендiгi (болмауы) туралы осы Ереженiң 9-қосымшасына сай нысан бойынша МемТiзiлiм ұстаушысы мөртабанының бедерi болуы тиiс.
38. Акциялар эмиссиясының проспектiсi қаржылық есеппен бiрге тiгiлуi, қағаз пломбымен бекiтiлуi тиiс, оған тiгiлген және нөмiрленген парақтардың саны туралы жазба жасалып, эмитент мөрiнiң бедерi қойылады. Акциялар эмиссиясының проспектiсiндегi мәлiметтер проспектiнi уәкiлеттi органға ұсынар алдындағы соңғы есептi кезеңде қаржылық есеп жасалған күнге сәйкес келуi тиiс. Көрсетiлген күн "акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң күнi" болып табылады.
39. Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу кезiнде ұсынылатын аудиторлық есеп эмитенттiң соңғы аяқталған қаржылық жылдағы қаржылық есебiнiң шынайылығын растауы тиiс. Егер эмитент бiрiншi қаржылық жылды аяқтамаған болса, аудиторлық есеп акциялар эмиссиясының проспектiсiмен бiрге ұсынылатын қаржылық есептiң шынайылығын растауы тиiс.
40. Акциялар ұстаушысының тiзiлiмiнен көшiрме жазбада (толық тiзiлiм) шығу номерi, күнi, тiркеушiнiң атауы мен орналасқан жерi және мынадай мәлiметтерi болуы тиiс:
1) жарияланған акциялардың саны;
2) шығарылған акциялардың саны;
3) жай акциялардың жалпысаны және оларды иеленушi акционерлердiң саны;
4) артықшылығы бар акциялардың жалпы саны және оларды иеленушi акционерлердiң саны;
5) орналастырылмаған акциялардың және эмитенттердiң қайталама бағалы қағаздар рыногында сатып алған акцияларының саны туралы мәлiметтер;
6) шығарылған акциялардың жалпы санының бес және одан да көп процентiн иеленушi ұстаушылар туралы мәлiметтер.
41. Уәкiлеттi органға акциялар эмиссиясын тiркеу, ҰБН-iн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту және акциялар эмиссиясын жою үшiн ұсынылатын құжаттар нөмiрленген және iс қағаздары папкасында бекiтiлуi тиiс.
42. Қосымша (түзетiлген) құжаттарды ұсыну кезiнде мiндеттi түрде эмитенттiң iлеспе хаты болуы керек. Iлеспе хатта шығу номерi және уәкiлеттi органның акциялар шығаруды тiркеуден, ҰБН-iн беруден, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiтуден және акциялар эмиссиясын жоюдан бас тарту жөнiндегi хатының күнi, сондай-ақ ұсынылатын құжаттардың тiзбесi көрсетiледi. Қосымша құжаттар да нөмiрленуi және iс қағаздары папкасында бекiтiлуi тиiс.
43. Эмитент егер осы Ережеде бiрiншi басшының, бас бухгалтердiң немесе уәкiлеттi тұлғалардың қолымен және эмитенттiң мөрiмен расталған көшірмелерді ұсыну белгiленбесе, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Құжаттардың көшiрмелерiнде парақтар көп болған жағдайда әрбiр параққа қол қойылады немесе құжат тiгiлiп, тiгу түйiнiне және iшiнара параққа жапсырылған қағаз пломбымен бекiтiледi. Бiрiншi басшының, бас бухгалтердiң қолдары және мөрлердiң бедерлерi жартылай қағаз пломбыға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиiс.
44. Құжаттарға ескертiлмеген түзетулер жасауға, сызуларға, тазартуларға, түзетiп жiберуге, қосып жазуға (қосымша басуға) жол берiлмейдi. Түзету кезiнде сызылған сөз анық оқылуы тиiс. Әрбiр түзету (қосымша) ескертiлуi тиiс, мысалы: "түзетiлгенi .... дұрыс", "қосымша жазылғаны ... дұрыс", "сызылғаны ... оқылмасын" деп құжатқа қол қоюшы тұлғалар растауы және эмитент мөрлерiнiң бедерлерiмен расталуы тиiс.
10-тарау. Қорытынды ережелер
45. Уәкiлеттi органға ұсынылған құжатқа эмитенттiң атынан қол қоюшы тұлға осы құжаттардағы деректердiң шынайылығына, сондай-ақ акциялар эмиссиясының проспектiсiнде көрсетiлген акцияларды шығару және орналастыру талаптарын сақтауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi көтередi.
46. Уәкiлеттi органның акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiтуден бас тарту туралы шешiмi сот тәртiбiмен керi шағымданылуы мүмкiн.
47. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысына 1-қосымша
Акциялар эмиссиясының
ПРОСПЕКТIСI
Акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң мәтiннiң эмитенттiң қаржы жағдайы және қызметi туралы объективтi ақпаратты қамтуы тиiс.
1. Акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң алғашқы бетi мыналарды қамтиды:
1) құжаттың атауын: "Акциялар эмиссиясының проспектiсi";
2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауын;
3) осы акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң бекiтiлгенi жөнiндегi белгiнi және акциялар эмиссиясы проспектiсiн бекiткен эмитент органының атауын, бекiтiлген күнiн, уәкiлеттi тұлғаның қолын және эмитент мөрiнiң таңбасын;
4) акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жазбасын;
5) мынадай жазбаны: "Уәкiлеттi органның акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуi инвесторларға проспектiде сипатталған акцияларды сатып алуға қатысты қандай да бiр ұсыным беруiн бiлдiрмейдi және уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың сенiмдiлiгiне жауап бермейдi. Уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясының проспектiсiн Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес болуына ғана қарастырды. Осы проспект эмитент жөнiндегi ақпаратты қамтиды және ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашылып көрсетiлуге жатады. Эмитенттiң лауазым тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың сенiмдi болуына жауап бередi және оның iшiнде көрсетiлген барлық ақпарат сенiмдi екендiгiн әрi орналастырылатын акцияларға не эмитентке қатысты қателестiрмейтiндiгiн растайды".
Акциялар эмиссиясы проспектiсiнiң мәтiнi
1-бөлiм. Эмитент жөнiнде жалпы мәлiметтер
2. Эмитенттiң атауы.
Осы тармақта эмитенттiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толық әрi қысқартылған атауын көрсету қажет.
Егер эмитенттiң жарғысында эмитенттiң шет тiлiндегi толық және қысқартылған атауы көзделген болса, осы атауды қосымша көрсету қажет.
3. Эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
Осы тармақта эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң күнiн және номерiн, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауын көрсету қажет.
4. Эмитенттiң атауы өзгерген жағдайда оның алдында болған барлық
толық және қысқартылған атауларын, сондай-ақ олардың өзгертiлген күндерiн көрсетіңіз. Егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта құру нәтижесiнде құрылған болса, қайта құрылған заңды тұлғаларға және эмитентке қатысты заңды мұрагерлiгi туралы мәлiметтердi көрсету қажет. 5. Салық төлеушiнiң тiркеу номерi. 6. Эмитенттiң орналасқан жерi туралы ақпарат, байланыс телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почтаның мекен-жайы. 7. Эмитенттiң банктiк деректемелерi. 8. Эмитенттi құру және оның қызмет мақсаты. 9. Эмитентке тағайындалған рейтингiлердiң болуы немесе халықаралық және/немесе отандық рейтинг агенттiктерi шығарған бағалы қағаздар туралы мәлiметтер. 10. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атаулары, тiркеу күндерi, орналасқан жерлерi және почталық мекен-жайлары. 11. Эмитенттiң қаржылық есеп беруiне аудит жүргiзетiн (жүргiзген) аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың фамилиясы, аты, әкесiнiң аты). 2-бөлiм. Эмитенттiң органдары және құрылтайшылары/акционерлерi 12. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымын және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес құзыретiн көрсету қажет.
13. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң мүшелерi.
Осы тармақта:
1) эмитенттiң директорлар кеңесi мүшелерiнiң әр бiреуiнiң, оның iшiнде директорлар кеңесi төрағасының фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын, туған жылын;
2) эмитенттiң директорлар кеңесi мүшелерi әр қайсысының хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта алып отырған лауазымдарын, оның iшiнде қосымша жұмыстарын;
3) директорлар кеңесiнiң мүшелерiне тиесiлi акциялардың эмитент шығарған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасын;
4) директорлар кеңесiнiң мүшелерiне еншiлес және тәуелдi ұйымдарда тиесiлi акциялардың (жарғылық капиталдағы үлестерiнiң) осы ұйымдар шығарған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасын көрсету қажет.
14. Эмитенттiң коллегиялық (жеке дара) атқарушы органы.
Осы тармақта:
1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органы функциясын жүзеге асыратын адамның фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын, туған жылын немесе эмитенттiң коллегиялық атқарушы органы мүшелерiнiң әр қайсысының фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын, туған жылын;
2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органы функциясын жүзеге асыратын адамның немесе эмитенттiң коллегиялық атқарушы органы мүшелерiнiң әр қайсысының хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта алып отырған лауазымдарын, оның iшiнде өкiлеттiгiн көрсете отырып, қосымша жұмыстарын;
3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органы функциясын жүзеге асыратын адамға немесе эмитенттiң коллегиялық атқарушы органы мүшелерiнiң әр қайсысына тиесiлi акциялардың эмитент шығарған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасын көрсету қажет.
15. Эмитенттiң директорлар кеңесi, атқарушы орган мүшелерiне және басқа да басқарушы адамдарға төленетiн сыйақы.
Осы тармақта эмитенттен осы Қосымшаның 13 және 14 тармақтарында көрсетiлген адамдардың (адамдар тобы ретiнде) акцияның эмиссиясы жөнiндегi шешiм қабылданған күнге дейiнгi соңғы үш айда алған сыйақының (ақшамен, бағалы қағаздармен немесе қандай да бiр басқа да нысанда) және жалақының жалпы мөлшерiн көрсету қажет.
16. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
Осы тармақта:
1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiн;
2) эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерiн;
3) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы санын;
4) эмитент бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтердi (фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын, туған жылын);
5) филиалдар мен өкiлдiктердiң басшылары туралы мәлiметтердi (фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын, туған жылын) көрсету қажет.
17. Эмитенттiң құрылтайшылары/акционерлерi.
Осы тармақта эмитент құрылтайшыларының/акционерлерiнiң жалпы санын және эмитент акцияларының бес және одан астам процентiне ие құрылтайшылар/акционерлер туралы ақпаратты (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауын, орналасқан жерiн немесе жеке тұлғаның фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын) көрсету қажет;
Егер эмитент болып қаржы ұйымы болса, қаржы ұйымының дауыс беретiн акцияларының он және одан астам процентiне тiкелей немесе жанама ие, қаржы ұйымының дауыс беретiн акцияларының он және одан астам процентiмен дауыс бере алатын немесе қаржы ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шарт күшiмен не басқа да тәсiлмен әсер ете алатын акционерлер жөнiндегi ақпаратты көрсету қажет.
18. Эмитент акциялардың бес және одан астам процентiне (үлесiне) ие ұйымдар жөнiндегi мәлiметтер.
Мәлiметтер заңды тұлғаның толық атауын, орналасқан жерiн, акционерге тиесiлi акциялардың (үлестердiң) эмитент шығарған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасын, қызмет түрiн, оның бiрiншi басшысы туралы ақпаратты қамтуы тиiс.
19. Эмитент акцияларының он және одан астам процентiне (үлесiне) ие ұйымдар жөнiндегi мәлiметтер.
Мәлiметтер заңды тұлғаның толық атауын, орналасқан жерiн, эмитентке тиесiлi акциялардың (үлестердiң) ұйым акцияларының (үлестерiнiң) жалпы санына проценттiк ара қатынасын, қызмет түрiн, оның бiрiншi басшысы туралы ақпаратты, сондай-ақ қаржы көрсеткiштерiн: меншiк капиталын, активтерiн, акциялар эмиссиясы проспектiсiн жасау күнiне дейiнгi соңғы үш жылда және соңғы есептi тоқсанда алынған таза кiрiстi қамтуы тиiс.
20. Эмитент қатысатын өнеркәсiп, банк, қаржы топтары, холдингтер,
концерндер, ассоциациялар, консорциумдар туралы ақпарат. Осы тармақта аталған ұйымдардың толық және қысқартылған атауын, орналасқан жерiн көрсету қажет. 21. Эмитенттiң басқа да аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер. Осы тармақта осы Қосымшаның 13-19 тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар жөнiндегi мәлiметтердi көрсету қажет. 3-бөлiм. Компания қызметiнiң сипаты 22. Эмитент қызметi саласындағы жалпы үрдiстердiң, оның iшiнде эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша қысқаша сипаты. Осы тармақта: 1) эмитенттiң бәсекелесушiсi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының iшiндегi орташа алғандағы салалық көрсеткiштермен және егер бұл мүмкiн болса, орташа алғандағы әлемдiк көрсеткiштермен эмитент қызметiнiң салыстырмалы сипаттамасы көрсетiледi. 23. Эмитентке қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензияның болуы туралы мәлiметтер.
24. Өткiзiлген өнiмнiң (орындалған жұмыстың, көрсетiлген қызметтiң) соңғы үш жылда немесе нақты болған кезеңдегi көлемi.
Эмитенттiң өткiзiлген өнiмнiң (көрсетiлген жұмыстың, қызметтiң) көлемiндегi соңғы үш жылда болған өзгерiстерiн талдау.
25. Эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сату (жұмыс, қызмет) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.
26. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмысын, қызметiн) сатуды ұйымдастыру бойынша қызметi. Осы тармақтың талаптары экономиканың өндiрiс секторында өз қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Осы тармақта эмитенттiң негiзгi өнiм берушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтердi көрсету қажет. Эмитенттiң өнiм берушiлерден және тұтынушылардан тәуелдiлiк дәрежесi, оның iшiнде:
1) барлық жеткiзiлiмдердiң он проценттен астам келетiн эмитенттiң өнiм берушiлерiнiң атаулары, олардың жеткiзiлiмнiң жалпы көлемiндегi үлесi. Осы көздердi болашақта қолдануға қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;
2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмысын, қызметiн) өткiзгеннен түскен жалпы түсiмнiң он проценттен астам келетiн тұтынушылардың атаулары, олардың өткiзудiң жалпы көлемiндегi үлесi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмысын, қызметiн) өткiзуге әсер ететiн мүмкiн болатын терiс факторлар ашылып көрсетiлуi тиiс.
27. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн басты факторлар:
1) эмитент қызметiнiң мерзiмi, мерзiмдi сипаттағы эмитент қызметiнiң түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсiндегi үлесi;
2) эмитентке жеткiзiлетiн (көрсетiлетiн) шикiзаттағы (жұмыстағы, қызметтегi) үлесi және өткiзiлетiн өнiмнiң жалпы көлемiндегi эмитент экспортқа өткiзетiн өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) үлесi;
3) эмитенттiң нақты шарттары мен мiндеттемелерi. Акцияларды шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалынуы (жасалған) немесе орындалуы (орындалған) тиiс мәмiле (өзара байланысты мәмiлелер) жөнiндегi мәлiметтер, егер мұндай мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерi баланстық құнының он процентiнен асатын болса;
4) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен болған сот процестерiнiң мәнiн сипаттау қажет және олардың нәтижелерi бойынша эмитенттiң қызметi тоқтатылуы немесе өзгеруi, оған нақты ақшалай және өзге де мiндеттемелер жүктелуi мүмкiн;
5) эмитентке және оның лауазымдық тұлғаларына уәкiлеттi және/немесе сот органдары соңғы бiр жыл iшiнде салған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Салынған санкцияның күнiн, санкцияны салған органды, салу себептерiн, санкцияның түрiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияларды орындау дәрежесiн көрсету қажет;
6) тәуекел факторлары. Эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн тәуекел факторларын егжей-тегжейлi талдауды ұсыну қажет (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындағы акциялардың бағасына әсер ететiн тәуекелдер, биржадан тыс рыноктағы акциялардың бағасына әсер ететiн тәуекелдер, рынок көлемiнiң және рыноктағы өнiм құнының өзгеруiне байланысты тәуекелдер,
эмитент акцияларының құнына әсер ететiн тәуекелдер, инфляциямен, девальвациямен және банк процентiнiң ставкасымен негiзделген тәуекелдер, шығарылатын өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiне байланысты тәуекелдер, елдегi саяси ахуалдың өзгеруiне байланысты тәуекелдер, заңдардың өзгеруiне байланысты тәуекелдер, әлеуметтiк факторларға байланысты тәуекелдер). 4-бөлiм. Қаржылық жай-күйi 1-тарау. Қаржылық емес ұйымдар Активтер 28. Инвестициялар.
Осы мәселе жөнiндегi ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзiмдi инвестициялар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздар портфелi бөлiгiнде сатуға арналған бағалы қағаздар портфелi.
Көрсетiлген құрылымға сәйкес эмитент қызметiнiң соңғы үш жылы үшiн тиiстi есепшоттар бойынша дебеттiк және кредиттiк айналымдар ұсынылуы тиіс.
29. Дебиторлық берешек.
Осы тармақта дебиторлық берешектiң құрылымы ашылып көрсетiлуi тиіс:
1) дебиторлар бойынша; дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес процентiнен астам мөлшерде эмитент алдында дебиторлық берешегi бар ұйымдардың атаулары немесе эмитенттiң алғашқы он ең iрi дебиторларының тiзiмi көрсетiлуi тиiс;
2) дебиторлық берешектiң валютасы бөлiгiнде және оны өтеу мерзiмi
бойынша; жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан сайын бөлiнуi тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып, берiлуi тиiс. Сондай-ақ дебеттiк және кредиттiк айналымдар туралы ақпарат мыналар бойынша бөлек ашылып көрсетiлуi тиiс: (1) ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi берешектер, (2) эмитент қызметiнiң негiзгi түрi бойынша соңғы үш жылда өнiмдi (жұмысты, қызметтi) өткiзуге байланысты туындайтын дебиторлық берешек. Жарғылық капитал 30. Бұл тармақта эмитенттiң шығарылған (төленген) жарғылық капиталы, құрылтайшылардың/акционерлердiң акцияларының ақысын төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiнiң орындалу дәрежесi туралы деректер берiлуi тиiс, сондай-ақ: 1) акциялардың түрлерi мен санаттарына қарай бөлiнген жалпы саны; 2) эмитенттiң шығарылған акцияларының әрбiр түрi мен санатының саны берiлуi тиiс. Мiндеттемелер 31. Заемдар.
Бұл тармақта облигациялардың қолданылып жүрген шығарылымы, банктiк заемдар және кредиттiк желiлер туралы ақпарат берiледi. Заемдар туралы ақпарат мiндеттемелер валютасы мен оларды орындау мерзiмiне қарай берiлуi тиiс. Валюталардың түрлерi бойынша жылдық өлшемдегі орташа проценттiк ставка көрсетiлуi тиiс, жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сома тоқсан бойынша, қалған сома жылдарға бөлiне отырып көрсетiлуi тиiс.
Тиiстi есепшоттар бойынша дебеттiк және кредиттiк айналымдар.
32. Эмитенттiң негізгi қызметiн жүзеге асыруымен байланысты кредиторлық берешек (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).
Бұл тармақта кредиторлық берешек құрылымы:
1) кредиторлар бойынша; берешек сомасы және кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан да көп процентi мөлшерiнде эмитенттiң берешегi бар ұйымның атауы немесе эмитенттiң алғашқы он iрi кредиторының тiзiмi берiлуi тиiс;
2) кредиторлық берешектiң валютасына және оны өтеудiң мерзiмiне
қарай; жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сома тоқсан бойынша, қалған сома жылдарға бөлiне отырып көрсетiлуi тиiс. Дебеттiк және кредиттік айналымдар туралы ақпарат соңғы үш жылдағы ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi берешектер бойынша бөлек берiледi. Қаржы нәтижелерi 33. Қаржы нәтижелерiнiң талдауы. Бұл тармақта эмитенттiң сатқан өнiмiнiң (көрсеткен қызметiнiң, жұмысының) соңғы үш жылдағы көлемi туралы ақпарат өнiмнiң (қызметтiң) әрбiр түрi бойынша ақшалай баламасымен, сондай-ақ осы көрсеткiштердiң жақын жылдағы орындалуының болжамы көрсетiледi. 34. Эмитенттiң соңғы үш жылдағы кiрістерi мен шығыстарының құрылымы. Басқа ақпарат 35. Эмитент қызметiне, бұрын берiлген кепiлдiктер, сотқа арыздану және басқа оқиғалардың нәтижесiнде туындауы мүмкiн мiндеттемелерге қатысты өзге ақпарат. 2-тарау. Қаржы ұйымдары Активтер 36. Инвестициялар және бағалы қағаздар портфелi.
Бұл мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда берiлуi тиiс: басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзiмдi инвестициялар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздар портфелiне қарай сатуға арналған бағалы қағаздар портфелi, өзге инвестициялар.
Эмитент стратегиясының қысқаша сипаттамасы берiлуi тиiс: басқа
ұйымдардың капиталына қатысу, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздар портфелiн басқару. 37. Жарғылық капитал. Бұл тармақта эмитенттiң жарғылық капиталы туралы деректер шығарылған (төленген) жарғылық капиталының көлемi, акционерлердiң жарғылық капиталындағы акциялары бойынша ақы төлеу мiндеттемелерiн орындау дәрежесi көрсетiле отырып берiлуi тиiс, сондай-ақ: 1) акциялардың түрлерi мен санаттарына қарай бөлiнген жалпы саны; 2) эмитенттiң шығарылған акцияларының әрбiр түрi мен санатының саны берiлуi тиiс. Эмитенттiң шығарылған және орналастырылған акцияларының әрбiр түрi мен санатының саны берiлуi тиiс. Мiндеттемелер 38. Банкаралық заемдар. Бұл тармақта эмитенттiң банкаралық заемдар рыногындағы позициясының сипаттамасы берiлуi тиiс. 39. Депозиттер (салымдар). Бұл тармақта депозиттiк базаның сипаттамасы берiлуi тиiс, оның iшiнде:
1) заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiне (салымдарына) қарай және мерзiмдi депозиттер (салымдар) мен талап ету бойынша депозиттерiне (салымдарына) қарай депозиттердiң (салымдардың) өсу динамикасын;
2) тартылған депозиттердің (салымдардың) валютасына қарай депозиттер (салымдар) бойынша орташа сыйақы;
3) заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiне (салымдарына) қарай депозиттердiң (салымдардың) уақытша құрылымы (жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сома тоқсан бойынша, қалған сома жылдарға бөлiне отырып көрсетiлуi тиiс);
4) соңғы үш жылдағы валютаның түрлерiне қарай депозиттер (салымдар) бойынша дебеттiк және кредиттiк айналымдар.
40. Облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы және соңғы үш жылдағы өтелген облигациялар туралы мәлiметтер.
41. Эмитент активтерiнiң бес процентiнен асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдардың шарттары (сомасы, өтеу кестесi, сыйақы мөлшерi), эмитент активтерiнiң бес процентiнен асатын мөлшердегi соңғы үш жылдағы тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлiметтер.
42. Эмитенттiң ашылған кредиттiк желiлерi туралы басқа ұйымдардан алынған мәлiметтер.
Қаржы көрсеткiштерi
43. Қаржы нәтижелерiнiң талдауы.
Бұл тармақта соңғы үш жылдағы маңызды деген қаржы көрсеткiштерiнiң
динамикалық талдауы берiлуi тиiс: сатылған өнiм (көрсетiлген қызмет, жұмыс), таза кiрiс, проценттiк және проценттiк емес кiрiстер мен шығыстар және тағы басқа. Сондай-ақ аталған көрсеткiштердiң жақын жылдағы орындалу болжамы берiлуi тиiс. 44. Соңғы үш жылдағы кiрiстер мен шығыстардың құрылымы. 45. Эмитенттiң ойынша маңыздырақ болып табылатын және эмитент қызметiн сипаттайтын қаржы коэффициенттерiнiң есебi. 46. Қазақстан Республикасының эмиссия проспектiсi күнi белгiленген пруденциалдық нормативтер және орындалуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң мағынасы. Басқа ақпарат 47. Эмитенттiң акциялар эмиссиясы туралы шешiм қабылдағанға дейiн соңғы алты ай iшiнде берiлген кепiлдiктердiң көлемi мен саны. 48. Эмитенттiң бұрын оларға берiлген кепiлдiктер, сотқа арыздану нәтижесiнде туындауы мүмкiн мiндеттемелерiне қатысты өзге ақпарат. 5-бөлiм. Бағалы қағаздар эмиссиясы туралы мәлiметтер 49. Бағалы қағаздардың барлық тiркелген эмиссиясына қатысты мыналар көрсетiлуi тиiс:
1) әрбiр шығарылымның бағалы қағаздарының жалпы саны, түрi, санаты және номиналды құны, шығару нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден өткiзген және/немесе ҰБН берген орган, мемлекеттiк тiркеу номерi және бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден өткiзген немесе ҰБН берiлген күнi;
2) бағалы қағаздарды орналастырудың басталған және аяқталған күндерi. Егер бағалы қағаздарды орналастыру аяқталмаса, орналастыруды бастаудың нақты күнi және бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге және/немесе ҰБН беруге ұсынылған құжаттардағы деректерге сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың аяқталған күнi көрсетiледі;
3) орындалмаған мiндеттемелердiң мөлшерi мен оларды орындаудың өтiп кеткен мерзiмi туралы ақпаратты қосқанда эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамау, облигациялар бойынша сыйақы төлемеу (төлеудi кешiктiру), жай және артықшылық берiлген акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеудi кешiктiру) фактiлерi туралы мәлiметтер;
4) бағалы қағаздардың қандай да бiр эмиссиясы тоқтатылған немесе болмаған деп танылған жағдайда, бағалы қағаздар эмиссиясын тоқтату немесе болмаған деп тану туралы шешiм қабылдаған мемлекеттiк орган, шешiмнiң қабылданған күнi және негiздемесi көрсетiледi;
5) өтеу күндерi және облигациялар бойынша төлемдердiң жалпы мөлшерi;
6) бiр акция (жай, артықшылық берiлген) дивидендiнiң сомасы және
соңғы үш қаржы жылы iшiндегi әрбiр жыл үшiн акцияның әр түрiне төленген дивидендтердiң жалпы сомасы. Дивидендтердi есептеу және төлеу бойынша берешек болған жағдайда себебi көрсетiледi; 7) сауданы ұйымдастырушылардың атын қосқанда эмитенттiң бағалы қағаздарын саудалаушы негiзгi рыноктар. 6-бөлiм. Шығарылатын акциялар туралы мәлiметтер 50. Акциялар туралы мәлiметтер: 1) шығару құрылымы; акцияның түрi мен санаты көрсетiлуi тиiс (жай, дауыс беру құқығы жоқ немесе дауыс беру құқығы бар артықшылық берiлген); 2) шығарылатын акциялардың саны; 3) бiр акцияның номиналды құны; 4) акциялар эмиссиясының жалпы көлемi; акциялар эмиссиясының жалпы көлемiн номиналды құны бойынша көрсету қажет; 5) артықшылық берiлген акциялар бойынша дивидендтердiң ең төменгi белгіленген мөлшерi.
51. "Алтын акция" болған жағдайда эмитент органдарының қай шешiмiмен "алтын акцияның" иесi вето құқығына ие екендiгiн көрсету қажет.
52. Эмитенттiң айырбасталатын бағалы қағаздары:
айырбасталатын акцияларды шығарған және орналастырған кезде мұндай айырбастаудың тәртiбiн және шарттарын көрсету қажет.
53. Акцияларды орналастыру тәсiлi.
54. Акцияларды төлеу шарттары және тәртiбi.
55. Эмитенттi тiркеушi жөнiндегi мәлiметтер:
тәуелсiз тiркеушiнiң толық және қысқартылған атауын, оның орналасқан жерiн, телефон номерiн, сондай-ақ оның иелiгiндегi бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензия туралы деректердi (номерi, берiлген күнi, лицензияны берген орган) көрсету қажет;
акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзген жағдайда уәкiлеттi орган берген бiлiктiлiк куәлiгiне ие адамның фамилиясын, атын, болса - әкесiнiң атын, куәлiктiң берiлген күнiн және номерiн көрсету қажет.
56. Бағалы қағаздарды орналастыруға қатысатын ұйымдар жөнiндегi деректер:
акцияларды орналастыруға қатысатын ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерiн, олардың функцияларын, орналастыру тәсiлдерiн және эмитент пен осы ұйымдар арасындағы шарттың (шарттардың) маңызды талаптарын, сондай-ақ аталған ұйымдарға бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияларының номерлерiн, берiлген күнiн, қолданылу мерзiмiн көрсету қажет.
7-бөлiм. Қосымша ақпарат
57. Акцияларды шығаруға кететiн шығындар сомасы.
58. Инвесторларға арналған ақпарат.
Әлеуеттi инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және акциялар эмиссиясының проспектiсiмен таныса алатын орындар туралы ақпаратты ұсыну қажет.
59. Эмиссия проспектiсiне бiрiншi басшы, бас бухгалтер, ревизиялық комиссияның төрағасы (аудитор) қол қойып, эмитенттiң мөрi қойылады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 2-қосымша
Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы
КУӘЛIК XXXX жылғы XX ай [эмиссияномерi] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi [тiркеушi органның атауы, тiркеу номерi және күнi] тiркелген [қайтатiркелген] акциялар эмиссиясын (эмитенттiң атауы және орналасқан жерi) мемлекеттiк тiркеуден [реттiк номерi] өткiздi. Номиналды құны [санменжәнежазбаша] акциялар эмиссиясының көлемi [санмен және жазбаша] жарияланған жарғылық капитал кезiнде [санмен және жазбаша] болды. Эмиссия КZІС ______ ұлттық бiрегейлендiру номерi тағайындалған [санмен және жазбаша] жай атаулы акцияларға және КZIV _________ ұлттық бiрегейлендiру номерi тағайындалған, дауыс беру құқығымен дивидендтердiң ең төменгi белгiленген [санмен] мөлшерде [санменжәнежазбаша] процент артықшылық берiлген атаулы акцияларға және КZІР ________ ұлттық бiрегейлендiру номерi тағайындалған, дауыс беру құқығынсыз дивидендтердiң ең төменгi белгiленген [санмен] мөлшерде [санменжәнежазбаша] процент артықшылық берiлген атаулы акцияларға бөлiнген. Акциялардың шығарылымы [шығарылымнысаны] нысанда жүзеге асырылады. Эмиссия [эмиссияномерi] номерiмен Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілдi. Басшы [қолы] [фамилиясы, аты және болса - әкесінің аты] MO
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 3-қосымша
Мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ұлттық бiрегейлендiру номерiн (ұлттық бiрегейлендiру номерлерiн) беруге ӨТIНIШ --------------------------------------------------------------------------- 1-бөлiм. ЭМИТЕНТ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР --------------------------------------------------------------------------- Эмитент атауы Тұрған орны Акционерлiк Ашық Жабық қоғамның типi (белгiлеу^) Жарияланған жарғылық капиталдың мөлшерi (эмиссия валютасымен) Шығарылған (төлем жасалған) жарғылық капиталдың мөлшерi (эмиссия валютасымен) Эмитенттi құру Жекешелендiру Қайта құру Жаңадан тарихы нәтижесiнде нәтижесiнде құрылған қоғам (белгiлеу^) Байланыс телефондары Байланысу факсi Біріншi басшы Директорлар кеңесiнiң Төрағасы және мүшелерi Аудитор (аудиторлық ұйым) Ревизиялық комиссияның мүшелерi немесе ревизор Регистратор --------------------------------------------------------------------------- 2-бөлiм ОСЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАР ЭМИССИЯСЫ (ЭМИССИЯЛАР) ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР Бiр акцияның номиналды құны (эмиссия валютасымен) Эмиссияның рет номері Эмиссияның көлемi (эмиссия валютасымен) Шығарылған акцияның нысаны (белгiлеу^) Құжаттамалық Құжаттамасыз --------------------------------------------------------------------------- 3-бөлiм. ЭМИССИЯ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР Эмиссия валютасы Қазақстан АҚШ Eypo (белгiлеу^) теңгесi доллары Эмиссия валютасы бағамы Эмиссияның реттiк номері Бiр акцияның Номиналды құны (эмиссия валютасымен) Эмиссия көлемi (эмиссия валютасымен) Акцияны шығару Құжаттамалық Құжаттамасыз (белгiлеу^) Акцияны орналастыру Жабық Жеке меншiктi тәсiлi (белгiлеу^) Акция түрлерi Акциялардың саны Бiр артықшылықты акция дивидендiнiң ең аз мөлшерi Төлем жасау мерзiмi Жай Х Дауыс алу құқығы бар ең аз белгiлi мөлшерлi дивидендi бар артықшылықты акциялар --------------------------------------------------------------------------- 4-бөлiм. АКЦИЯЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕР (Келесi акция эмиссиялары кезiнде толтырылады) Эмитент органының акциялар эмиссиясы туралы қабылдаған шешiмiнен кейiнгi келесi күнгi жағдай бойынша акция ұстаушылардың жалпы саны Шығарылған (төленген) жарғылық капиталда бес және одан да көп проценттiк үлестерi бар акция ұстаушылар Заңды тұлға атауы Заңды тұлғаның Шығарылған Шығарылған немесе болса жеке тұратын жерi және (төленген) акциялардың тұлғаның фамилиясы, жеке тұлғаның жарғылық жалпы санына өз аты-жөнi мекен-жайы капиталдағы қатысы олардың тиісті акцияларының саны Заңды тұлғаның атауы Заңды тұлғаның тұратын Сатып алынған немесе фамилиясы, аты, жерi және жеке тұлғаның акциялардың саны болса жеке тұлғаның мекен-жайы әкесiнiң аты --------------------------------------------------------------------------- Басшы [қызметi] [қолы] [фамилиясы, аты және болса - әкесiнiң аты] Бас бухгалтер [қолы] [фамилиясы, аты және болса - әкесiнiң аты] Ревизиялық комиссия төрағасы [қолы] Немесе ревизор [фамилия, аты және болса - әкесiнiң аты] М.О. Толтырылған күні
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 4-қосымша
Акцияларға ұлттық бiрегейлендiру номерiн (ұлттық бiрегейлендiру
номерлерiн) беру туралы
КУӘЛIК
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi [тiркеушi органның атауы, тiркеу номерi және күнi] тiркелген [қайтатiркелген] акциялар эмиссиясына [эмитенттiң атауы және орналасқан жерi] ұлттық бiрегейлендiру номерлерiн [ұлттық бiрегейлендiру номерiн] [эмиссияның реттiк номерi] бердi.
Номиналды құны [санменжәнежазбаша] акциялар эмиссиясының көлемi
[санмен және жазбаша] жарияланған жарғылық капитал кезiнде [санмен және жазбаша] болды. Эмиссия КZIС ______ ұлттық бiрегейлендiру номерi тағайындалған [санмен және жазбаша] жай атаулы акцияларға және КZІV ________ ұлттық бiрегейлендiру номерi тағайындалған, дауыс беру құқығымен дивидендтердiң ең төменгi белгiленген [санмен)мөлшерде[санменжәнежазбаша] процент артықшылық берiлген атаулы акцияларға және КZІР _________ ұлттық бiрегейлендiру номерi тағайындалған, дауыс беру құқығынсыз дивидендтердiң ең төменгi белгiленген [санмен] мөлшерде [санменжәнежазбаша] процент артықшылық берiлген атаулы акцияларға бөлiнген. Акциялардың шығарылымы [шығарылымнысаны] нысанда жүзеге асырылады. Эмиссия [эмиссияномерi] номерiмен Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлдi. Басшы [қолы] [фамилиясы, аты және болса - әкесiнiң аты] М.О.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 5-қосымша
XXX жылдың XX айы мен XXX жылдың XX айы аралығындағы
кезеңдерiнде акцияларды орналастыру қорытындысы туралы ЕСЕП 1. Эмитент атауы: 2. Тұрған жерi және банктiк деректемелерi: Қызмет көрсетушi банктiң атауы және оның тұратын жерi: банктiң коды, 3. Акция эмиссияларын мемлекеттiк тiркеу күнi және номерi 4. Қоғамның жарияланған және шығарылған (төленген) жарғылық капиталдары жөнiнде мәлiметтер 5. Акциялар жөнiнде мәлiметтер: шығаруға жарияланған акциялардың жалпы саны _____________________, __________ сомадағы номиналдық құны ___________; атаулы жай акциялар ______________, __________ сомадағы номиналдық құны ___________; атаулы артықшылықты (дауыс алу құқығы жоқ немесе құқығы бар) ________, _____________ сомаға, номиналдық құны ________________, _______________ дивидендтiң бiр акцияға ең төменгi белгiлi мөлшерi _______________ 6. Акцияларды орналастыру туралы мәлiметтер: 1) акцияларды орналастыруды бастау және аяқтау күндерi (келесi есеп ұсынылған жағдайда - акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу немесе ҰБН беру сәтiнен бастап орналастыру кезеңi iшiндегi төленген ақы сомасын көрсете отырып, алдыңғы есептiң бекiтiлген күнi); 2) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында акцияларды орналастыру туралы ақпарат (акциялардың санаты, құны және соңғы сауданың өткен күнi); 3) орналастырылған акциялардың саны. 7. Акциялар: 1) ақшамен; 2) бағалы қағаздармен; 3) мүлiктiк құқықтармен; 4) жердi иелену құқығымен; 5) интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне берiлген құқықпен; 6) эмитенттiң таза кiрiсi есебiнен; 7) өзге тәсiлмен төленедi.
Осы тармақтың 1)-6) тармақшаларын толтырған кезде акциялардың төлемiн растайтын бастапқы құжаттарға сiлтемелер жасау қажет.
8. Тiркеушi туралы мәлiметтер:
1) тәуелсiз тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi немесе акционерлер
тiзiлiмiн жүргiзетiн маманның фамилиясы, аты, болса - әкесiнiң аты; 2) шарттың номерi және күнi немесе __________________________ маманның бiлiктiлiк куәлiгiнiң номерi. 9. Акцияларды ашық орналастырғанда баспасөз басылымының атауы және акциялар эмиссиясы жөнiндегi хабарламаның жарияланған күнi. 10. Дивидендтердi төлеу туралы мәлiметтер: 1) дивидендтердi төлеу кезеңдiлiгi және мерзiмi; 2) дивидендтердi төлеген кезде есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз, ресiмделетiн құжаттар); 3) дивидендтердi уақытылы емес төлеу жағдайлары орын тапса, эмитенттiң қолданған шараларын көрсетiңiз. 11. Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталындағы акциялардың бес және одан астам процентiне ие акционерлiк қоғамдар туралы мәлiметтер: --------------------------------------------------------------------------- Заңды тұлға - ! Заңды тұлға - ! Акционер иелiк ! Шығарылған акционерлердiң ! акционерлердiң ! ететiн ! акциялардың толық атауы ! нақты орналасқан ! акциялардың ! жалпы санының немесе жеке ! жерi немесе жеке ! жалпы саны, ! проценттiк тұлға - ! тұлға - !оның iшiнде жай ! арақатынасы акционерлердiң ! акционерлердiң ! және артықшылық ! аты-жөндерi ! мекен-жайы !берiлген акциялар ! --------------------------------------------------------------------------- Есепке бiрiншi басшы, бас бухгалтер, қоғамның ревизиялық комиссиясының төрағасы (аудиторы) қол қояды. Есеп тiгiлуi, қағаз пломбамен бекiтiлуi және эмитенттiң мөрi қойылуы тиiс.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 6-қосымша
Акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы есептi
бекiту туралы
ХАБАРЛАМА
ХХХХ жылдың XX айы эмиссия номерi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының 24-бабына сәйкес [эмитенттiңатауыжәнеорналасқанжерi] [эмиссияныңреттiкномерi] акциялар эмиссиясын шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы есептi бекiттi.
Акциялар эмиссиясы [эмиссиянытiркегенұйымныңатауы] тiркелген/акцияларға ұлттық бiрегейлендiру номерi [акцияларға ұлттық бiрегейлендiру номерлерi] [эмиссиянытiркегенұйымныңатауы] тағайындалған және деректер Бағалы қағаздардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне [Бағалы қағаздардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне акциялар эмиссиясы жөнiнде мәлiметтер енгiзiлген күнi және эмиссияның номерi] номермен енгiзiлген. Эмиссия номиналды құны [санменжәнежазбаша] [санменжәнежазбаша] атаулы акцияларға және [санменжәнежазбаша] артықшылығы бар акцияларға жарияланған [санменжәнежазбаша] жарғылық капиталдағы [санмен және жазбаша] сомаға бөлiнген.
XXXX жылдың XX айындағы ахуал бойынша аталған эмиссияның акциялары орналастырылған және толық төленген/[эмиссияның валютасы көрсетiлiп, санменжәнежазбаша] сомаға [санмен және жазбаша] атаулы жай акциялар және [категориясы көрсетiлiп, санмен және жазбаша] артықшылығы бар атаулы акциялар орналастырылмаған.
Басшы қолы [фамилиясы, аты, М.О. болса - әкесiнiң аты]
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 7-қосымша
Акциялар эмиссиясын жою туралы
КУӘЛIК
XXXX жылдың XX айы [эмиссияномерi]
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi [эмитенттiң атауы және орналасқан жерi] [эмиссияныңреттiкномерi] акциялар эмиссиясын жарияланған [санменжәнежазбаша] жарғылық капиталдағы [санмен және жазбаша] сомаға жойды.
Акциялар эмиссиясы тiркелген/ акцияларға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерi XXXX жылдың XX айында тағайындалған.
Аталған эмиссия бойынша [эмиссияның валютасы көрсетiлiп, санмен және жазбаша] сомаға акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы есеп [эмиссиянытiркегенұйымныңатауы] XXXX жылдың XX айында бекiтiлген.
Акциялар эмиссиясы [акциялардың номиналдық құнының өзгеруiне, қоғамның қайта құрылуына, таратылуына, акциялар эмиссиясы өзiн ақтамады деп табылуына] байланысты жойылды.
Басшы Қолы [фамилиясы, аты, М.О. болса - әкесiнiң аты]
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 8-қосымша
Мемлекеттiң жарғылық капиталға қатысуымен мемлекеттiк
кәсiпорындар мен мекемелердiң, заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушыға
(Мемлекеттiк тiзiлiмдi ұстаушыға)
ХАБАРЛАМА
Уәкiлеттi орган _______________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның немесе уәкiлеттi орган филиалының атауы ) мынаны хабарлайды:
акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы;
акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы;
мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН беру туралы;
мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН беруден бас тарту туралы;
акциялар эмиссиясын жоюдың мемлекеттiк тiркелуi туралы;
алдыңғы акция эмиссияларының жойылуын мемлекеттiк тiркеумен қатар
келесi акциялар эмиссиясының мемлекеттiк тiркелуi туралы; алдыңғы акциялар эмиссиясы жойылуын мемлекеттiк тiркеуден бас тартумен қатар келесi акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы; акция шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы; акция шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекітуден бас тарту туралы; Мына эмитенттiң _________ жылғы ____ _____ N ____ өтiнiшi негiзiнде (Мемлекеттiк тiзiлiмдi ұстаушының таңбасына сәйкестелген өтiнiштiң реттiк номерi) Атауы: (мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркелу) куәлiгiне сәйкес) Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркелудiң) негiзгi мәлiметтерi Күнi (к/а/ж) Номерi КҰЖК коды Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеудiң) өзгеше мәлiметтерi Ұйымдық-құқықтық нысаны ААҚ ЖАҚ орналасқан жерi: бастапқы мемлекеттiк тiркеу күнi (к/а/ж) Бiрiншi басшы: (лауазымы, аты) Тiркеушi туралы мәлiмет Атауы: Орналасқан жерi: Шарт жасалған күнi мен номерi Акциялар эмиссиясы туралы мәлiметтер (соның iшiнде алдыңғы акциялар эмиссиясы (эмиссиялары) жойылғанда) Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын (мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеуден немесе ҰБН беруден бас тарту туралы хат) акциялар эмиссиясының мемлекеттiк тiркелуi немесе ҰБН беру туралы куәлiгi Күнi (к/а/ж) Номерi Жай акциялар бойынша мәлiметтер Акциялар эмиссиясының мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiкке немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН беру туралы өтiнішке сәйкес. ҰБН Нақты құны Саны Сомасы (теңге) Артықшылық берiлген акциялар бойынша мәлiметтер Акциялар эмиссиясының мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiкке немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН беру туралы өтiнішке сәйкес. ҰБН Нақты құны Саны Сомасы (теңге) Эмиссияның жалпы сомасы (нақты бағасы бойынша, теңге) Шығарудың реттiк саны Шығарылу нысаны құжаттандырылған құжаттандырылмаған Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi эмиссия номерi Акциялар эмиссиясын (эмиссияларын) жою туралы мәлiметтер (тiркелген немесе мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған) Эмиссияны (эмиссияларды) жою (эмиссияны (эмиссияларды) жоюдан бас тарту) туралы хат Күнi (кк/аа/жж) Номерi Күшiн жоюдың негiздемесi: эмитенттiң таратылуы эмитенттiң қайта құрылуы жарғылық капиталдың азаюы эмиссия құрылымының өзгеруi өзгесi (атап көрсетiледi) Шығарылымның реттiк номерi Жай акциялар бойынша деректер (Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi куәлiкке немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН беру жөнiндегi өтiнiшке сәйкес) ҰБН Номиналды Саны Сомасы құны Артықшылық берiлген акциялар бойынша деректер (Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi куәлiкке немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН тағайындау жөнiндегi өтiнiшке сәйкес) ҰБН Номиналды Саны Сомасы құны Эмиссияның жалпы сомасы (номиналды құны бойынша, теңгемен) Акциялар эмиссиясын жою туралы куәлiк берiлген күнi Акциялар эмиссиясын жою туралы куәлiктiң номерi Эмиссияның Бағалы қағаздардың Мемлекеттiк тiзiлiмiндегi номерi бұдан әрi әрбiр жеке шығарылым бойынша Акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы (бекiтiлген немесе бекiтуге келiсiм берiлмеген) есеп жөнiндегi мәлiметтер Есептi бекiту немесе бекiтуге келiсiм бермеу туралы хат Күнi (кк/аа/жж) Номерi Эмиссияның мемлекеттiк тiркеуден өткенi жөнiндегi деректер (Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi куәлiкке немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН тағайындау жөнiндегi өтiнiшке сәйкес) Шығарылымның реттiк номерi Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН тағайындау туралы куәлiк берiлген күнi Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу немесе мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясына ҰБН тағайындау туралы куәлiктiң номерi Тiркелген эмиссияның жалпы сомасы (номиналды құны бойынша, теңгемен) Эмиссияның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi номерi Эмиссияның орналастырылуы жөнiндегi деректер (Акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы есепке сәйкес) Акцияларды орналастырудың басталу күнi (кк/аа/жж) Акцияларды орналастырудың аяқталу күнi (кк/аа/жж) Орналастырылған эмиссияның жалпы сомасы (номиналды құны бойынша, теңгемен) Бұл да, тiркелген эмиссияға (%) Орналастырылмаған акциялардың саны
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру номерiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен бекiтiлген Ережеге 9-қосымша
Мемлекеттiң жарғылық капиталға қатысуымен мемлекеттiк
кәсiпорындар мен мекемелердiң, заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушылар таңбаларының Үлгiсi МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫМЕН МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫМЕН Республикалық бөлiмше XX филиал 20 __ ж. "__"_________ 20 __ ж. "__"_________ N ____________________ N ____________________ Оператор: ____________ Оператор: ____________ МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ Республикалық бөлiмше XX филиал 20 __ ж. "__"_________ 20 __ ж. "__"_________ N ____________________ N ____________________ Оператор: ____________ Оператор: ____________ Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.