Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1974.

Қолданыстағы
      Банк қызметін реттейтін заңдарды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Ең аз резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы 


                                 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі    

Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысымен бекітілген


                    Ең аз резервтік талаптар туралы ереже

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Z952155_ , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің ең аз резервтік талаптарды орындауының тәртібін белгілейді.
      1. Ең аз резервтік талаптардың мөлшері резервтік талаптар нормативінің мәнін өтелу (толық немесе ішінара) мерзімі ағымдағы және одан кейінгі айларда басталатын банктің міндеттемелерінің көлеміне көбейту жолымен анықталады.
      Резервтік талаптар нормативінің мәнін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілейді.
      2. Міндеттемелер:
      клиенттер депозиттерінің;
      клиенттердің сонымен бірге клирингті, құжаттамалық есеп айырысуды, транзиттік есепшоттарды қолданғанда орындалмаған ақша төлемдері мен аударымдарының;
      айналысқа шығарылған борыштық бағалы қағаздардың;
      ол тартылған күннен бастап есептегенде өтелу мерзімі кемінде бес жыл болатын реттелген борыштың сомасы ретінде есептеледі.
      Міндеттемелерді есептеген кезде басқа банктер алдындағы міндеттемелер алынып тасталады.
      3. Банктердің ең аз резервтік талаптарды орындауының екі тәсілі белгіленеді:
      1) банктің ақшасын резервтік активтердің қалыптастырылу кезеңінде резервтік активтердің орташа көлемі резервтік талаптарды анықтау кезеңіндегі ең аз резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп резервтік активтерге орналастыру.
      Сонымен бірге, банктің ақшасын резервтік активтерге орналыстыру резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі әрбір күнгі резерв активтерінің көлемі резервтік активтер орналастырылған күннен кейінгі резервтік талаптарды анықтау кезеңіндегі күндерге есептелген ең аз резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай түрде жүргізілуі тиіс.
      Ең аз резервтік талаптарды анықтау кезеңі он төрт күнтізбелік күннен тұрады және бірінші сейсенбіде басталып, осы кезеңнің соңғы дүйсенбісінде аяқталады.
      Резервтік активтерді қалыптастыру он төрт күнтізбелік күннен тұрады және резервтік талаптарды анықтау кезеңі басталатын аптаның бірінші бейсенбісінде басталып, резервтік талаптарды анықтау кезеңі аяқталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.
      Резервтік активтер:
      қолма-қол ақшаның;
      Ұлттық Банктегі корреспонденттік есепшоттардағы, депозиттердегі ақшаның;
      Ұлттық Банкке берілген овернайт (бір түнге берілген) кредиттердің;
      барлық резервтік активтердің 20 процентінен аспайтын сомадағы тазартылған алтынның сомасы ретінде есептеледі;
      2) айдың әрбір күніне депозитке салынған ақша сомасы осы айдың бірінші жұмыс күніне есептелген ең аз резервтік талаптардың мөлшерінен кем болмайтындай етіп, ай сайын Ұлттық Банкке теңгемен депозитке салу.
      Ақшаны депозитке салу әр айдың 5-ші күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      4. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ең аз резервтік талаптарды орындайды.
      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болып табылатын, резервтік активтерді қалыптастырудың қатарынан үш кезеңі ішінде ең аз резервтік талаптарды орындау тәртібін үш рет және одан да көп бұзған банктер, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болып саналмайтын банктер осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ең аз резервтік талаптарды орындайды.
      5. Банк ең аз резервтік талаптарды орындау үшін осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәсілден оның 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәсілге көшкен кезде банктің Ұлттық Банкке депозитке салынған ақшасы резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде бірінші күні банктің корреспонденттік есепшотына аударылады.
      Банк осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәсіл бойынша ең аз резервтік талаптарды орындауды банкті жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне енгізу туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдағы резервтік активтер қалыптастырудың алғашқы кезеңінен бастап жүзеге асыра бастайды.
      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылатын және осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ең аз резервтік талаптарды орындаған банк осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ең аз резервтік талаптарды орындау үшін қатарынан алты ай бойы ең аз резервтік талаптарды орындаған жағдайда ғана көшірілуі мүмкін.
      6. Банк осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәсілден осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәсілге көшкен кезде банк ақшаны теңгемен Ұлттық Банкке мынадай мерзімге депозитке салуы керек:
      банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, банктің шығарылған күніне, осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген сомада;
      ең аз резервтік талаптарды орындау тәртібін үшінші рет бұзуға жол берілген кезеңнен кейін резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің басында үш жұмыс күні ішінде, үшінші тәртіп бұзылған күннен кейінгі жұмыс күнінде осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген сомада.
      7. Банктер ең аз резервтік талаптардың орындалуы жөніндегі есепті Ұлттық Банкке осы Ереженің 1 қосымшасына немесе 2 қосымшасына сәйкес нысанда мынадай мерзімнен кешіктірмей беруге тиіс:
      осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәсілге сәйкес ең аз резервтік талаптарды орындаған банктер үшін - резервтік активтерді қалыптастырудың есепті кезеңінің соңғы күнінен кейін бесінші күні;
      осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәсілге сәйкес ең аз резервтік талаптарды орындаған банктер үшін - есепті айдан кейінгі айдың бесінші күні.
      8. Банктер Ұлттық Банк белгілеген нысандар бойынша және мерзімде резервтік активтер мен ең аз резервтік талаптарды есептеу үшін Ұлттық Банкке мәліметтер береді.
      9. Егер банктің Ұлттық Банкке депозитке салған ақшасының қалдығы банктің ең аз резервтік талаптарының мөлшерінен асып кететін болса, жоғарыда көрсетілген шектен асып кеткен ақша сомасы банктің корреспонденттік есепшотына аудырылады.
      10. Банк осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда Ұлттық Банк банкке Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген ықпал етудің шектеу шараларын немесе санкцияларды қолдануға құқылы.
      11. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
                                 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі    

Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысымен бекітілген Ең аз резервтік талаптар туралы ережеге N 1 қосымша


              __________________________________________________

                              (банктің атауы)
              РЕЗЕРВТІК ТАЛАПТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
_________________________________________________________________________
Күні| Ең аз |Міндет.|Резерв.|            Резервтік активтер
    |резерв.| теме. | тік   |   
    | тік   | лер   |актив. | Ұлттық Банктегі |Қолма-қол| Тазар. |Резерв.
    |талап. |       | терді |  корр. есепшот. |   ақша  | тылған |  тік
    |тардың |       |қалып. |  тардағы ақша   |         | алтын  |активтер
    |анық.  |       |тасты. | қалдығы, Ұлттық |         |        |жиынтығы
    | тау   |       | ру    | Банкке овернайт |         |        |  
    |кезеңі |       |кезеңі |  (бір күнге)    |         |        |
    |       |       |       |   кредиттер     |         |        |
    |       |       |       |_________________|         |        |
    |       |       |       |теңге. | Шетел   |         |        |
    |       |       |       | мен   |валютасы |         |        |
    |       |       |       |       |  мен    |         |        |
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
                                           Резервтік активтер
_________________________________________________________________________
 1       2         3        4         5     6      7       8      9
_________________________________________________________________________
   1 (дүйсенбі       
   2 (сәрсенбі)       
   3 (бейсенбі)        1 (бейсенбі)     
   5 (дүйсенбі)        2 (жұма)     
   6 (сейсенбі)        3 (дүйсенбі)     
   7 (сәрсенбі)        4 (сейсенбі)     
   8 (бейсенбі)        5 (сәрсенбі)     
   9 (жұма)            6 (бейсенбі)     
                       7 (жұма)     
                       8 (дүйсенбі)     
                       9 (сәрсенбі)     
_________________________________________________________________________
Кестені толтыру жөнінде түсініктеме:
3, 5-9-бағандардағы мәндер бүтін мың теңгемен көрсетіледі;
3, 5-9-бағандардағы 500-ге тең және одан аз мәндер нольге дейін 
дөңгелектенеді, 500-ден асатын мәндер мыңға дейін дөңгелектенеді.
Бірінші басшы _______________  _____________
                (аты-жөні)        (қолы)
Бас бухгалтер_______________  _____________
                (аты-жөні)        (қолы)
Мөрдің орны


                                 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі    

Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 300 қаулысымен бекітілген Ең аз резервтік талаптар туралы ережеге N 2 қосымша


            __________________________________________________

                            (банктің атауы)
      
              Резервтік талаптардың орындалуы туралы есеп
_________________________________________________________________________
Күні | Міндеттеме. |Ең аз резервтік |Ұлттық Банкке |  Ең аз резервтік
     | лер сомасы  |  талаптардың   |  депозитке   |  талаптар туралы
     |             |    мөлшері     |салынған ақша |ережемен белгіленген 
     |             |                |   сомасы     |    Ұлттық Банкке
     |             |                |              | депозитке салынуға
     |             |                |              |     тиісті ақша 
     |             |                |              |    сомасы, мерзімі
_________________________________________________________________________
 1         2               3              4                   5
_________________________________________________________________________
Кестені толтыру жөнінде түсініктеме:
2-5-бағандардағы мәндер бүтін мың теңгемен көрсетіледі;
бағандардағы 500-ге тең және одан аз мәндер нольге дейін дөңгелектенеді, 
500-ден асатын мәндер мыңға дейін дөңгелектенеді.
Бірінші басшы _______________  _____________
                (аты-жөні)        (қолы)
Бас бухгалтер_______________  _____________
                (аты-жөні)        (қолы)
Мөрдің орны
     
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж.