"Қазақстан Республикасында жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясын жүргiзудiң көрсеткiштерi мен ережесi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігі төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегі N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 13 мамырдағы N 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 13 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1884.

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасында жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясын жүргiзудiң көрсеткiштерi мен ережесi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 V011620_ Бұйрығына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 4-1/18/2295/а қайта жүргiзген құқықтық сараптамасына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасында жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясын жүргiзудiң көрсеткiштерi мен ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 V011620_ Бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясын жүргiзу ережесiнде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Әйелдiң тiлегi бойынша: етеккiрдiң 20 күнге дейiн кешiгуi, етеккiрдiң 20 күн кешiгуiнен жүктiлiктiң 12 аптасына дейiн, әлеуметтiк көрсеткіштерiмен 12 аптадан 22 аптаға дейiн жүктiлiк мерзiмiнде; ал жүктi әйелдiң өмiрiне қауіптi медициналық көрсеткiшi және оның жүктiлiк мерзiмiнен тәуелсiз келiсiмi бар болса жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясы жүргiзiледi. Жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясы меншiктiк нысанынан тәуелсiз, көрсетiлген қызметке лицензиясы бар, стационарлық жағдайдағы емдеу-алдын алу ұйымдарында жүргiзiледi.".
      10-тармақ алынып тасталсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Етеккiрдiң 20 күнге дейiн кешiгуiнiң ерте мерзiмiнде, сондай-ақ етеккiрдiң 20 күннен артық мерзiмiнен жүктiлiктiң 12 аптасына дейiн кешiгуi кезiнде жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясы перинатальдық орталық базасында, перзентхана үйiнде, қалалық және облыстық клиникалық көп бейiндi ауруханаларда, сондай-ақ өзiнiң құрамында операциялық блоктары, реанимация және жедел емдеу бөлiмдерi бар мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы ұйымдастырылған стационарларда, күндiз емделу стационарларында жүргiзуге рұқсат беріледі.".

     12-тармақ алынып тасталсын;
     16-тармақтың 2-тармақшасы алынып тасталсын;
     22-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Жүктiлiктiң 12 аптасына дейiнгi мерзiмде күндiз емделу стационары 
жағдайында асқынусыз жүргiзiлген жүктiлiктi жасанды тоқтату операциясынан 
кейiн пациент 3-4 сағат бойы медицина қызметкерiнiң бақылауында болуы 
керек.".
     2. Емдеу-алдын алу жұмысы департаментi (Сағын Х.Ә.) Қазақстан 
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы Бұйрықтың тiркелуiн қамтамасыз 
етсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
     
     Министрдің м.а.
     
     
     Мамандар: 
             Омарбекова А.Т.
             Шарипова М.Е.