Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқуға iрiктеу және жiберу тәртiбi, шарттары туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1873. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 22 қарашадағы N 520 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің  м.а. 22.11.2012 N 520 бұйрығымен.

      "Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 3308 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқуға iрiктеу және жiберу тәртiбi, шарттары туралы ережесi бекiтiлсiн.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

     Министр
     мiндетiн атқарушы
     "Келiсiлдi"                             Қазақстан Республикасы
     Қазақстан Республикасы                     Бiлiм және ғылым
     Сыртқы iстер                               министрiнiң
     вице-Министрі                          2002 жылғы 23 сәуірдегі
                                              N 334 бұйрығымен
                                                  бекітілген


        Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу
     орындарына оқуға iрiктеу және жiберу тәртiбi, шарттары туралы
                        ереженi бекiту туралы
                                 ЕРЕЖЕ

                            1. Жалпы ережелер

      1. Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарына оқуға iрiктеу және жiберу тәртiбi, шарттары туралы ереже "Шетелдерде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 3308 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi.
      2. Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының құрылымдық бiрлiктерiне - дайындық бөлiмдерiне оқуға iрiктеу және жiберу қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң iшiнде жалпы бiлiмдiк дайындық деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

2. Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу
орындарына оқуға iрiктеу және жiберу тәртiбi, шарттары

     3. Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға iрiктеу және жiберуге қатысу құқығына Қазақстан Республикасынан тыс алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкiлдерi, толық жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар ие бола алады.
      4. Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне жастарды iрiктеу және жiберу қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң арасынан тиiстi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге мейлiнше қабiлеттi және даярлығы бар жастарды таңдап алу мақсатында жүргiзiледi.
      Жастарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының шетелдегi Елшiлiктерi мен бiрлесiп қолдаумен жүргiзедi.
      5. Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарына соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға iрiктеу тәртiбi, шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмiмен мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық және ведомствоаралық Келiсiмдер болған жағдайда шетелдегi мемлекеттiң мектептерi және жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдарының ұсыныстары бойынша қазақ диаспорасы өкiлдерi iшiнен үмiткерлердi, аттестат баллдарына сәйкес шетелдiк мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы қарастырады және ұсынылған үмiткерлердiң тiзiмiн Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi Елшiлiктерiне және/немесе Өкiлдiктерiне табыс етедi;
      жоғарыда атап көрсетiлген Келiсiмдер болмаған жағдайда оларды жасау кезеңiне дейiн қазақ диаспорасы өкiлдерi iшiнен үмiткерлердi iрiктеу Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң шешiмiне сәйкес шетелдегi Елшiлiктерiнiң және/немесе Өкiлдiктерiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағыттар қызметiне жауапты қызметкерлерiне жүктеледi;
      2) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi Елшiлiктерi және/немесе Өкiлдiктерi ұсынылған үмiткерлердiң құжаттарын зерделеп, талапкерлердi аттестатты ең жоғары балымен талапкерлердi iрiктейдi, Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға жiберу үшiн конкурсқа қатысуға ұсынылған қазақ диаспорасы өкiлдерi тiзiмiн жасайды;
      3) содан кейiн Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi Елшiлiктерi және/немесе Өкiлдiктерi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызметi департаментi арқылы Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органына Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға жiберу үшiн конкурсқа қатысуға ұсынылған қазақ диаспорасы өкiлдерi тiзiмiн жiбередi, аттестаттарының мөр басып куәландырылған көшiрмелерiн, талапкерлер туралы мәлiметтердi (төлқұжаттық және толық тұратын жерi туралы) қосып бередi.
      6. Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға жiберу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы ұсынылған кандидатуралардың тiзiмiн қарап шыққаннан кейiн Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға жiберу үшiн конкурсқа қатысуға ұсынылған қазақ диаспорасы өкiлдерi тiзiмiн бекiтедi;
      2) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтiлген тiзiмге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызметi департаментi арқылы Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi Елшілiктерi және/немесе Өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының оқу орындарына, соның iшiнде оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне оқуға жiберу үшiн конкурсқа қатысуға ұсынылған қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң атына шақыру қағаздарын жiбередi.