"Қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқуға іріктеу және жіберу тәртібі, шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 334 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 520 Бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқуға іріктеу және жіберу тәртібі, шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 334 бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 7 маусымда № 1873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2002 жылы тамызда № 31 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет және Ішкі істер министрліктерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                              М.Орынханов