Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1865.

Жаңартылған

      Бағалы қағаздар рыногы жұмысының айқындылық және тиімділік дәрежесін көтеру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - брокер-дилерлер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
      1) есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда:
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан мәмілелер туралы есепті;
      2) есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды және қағаз тасымалдаушыда:
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан, орындалмаған мәмілелер туралы есепті.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .      

      2. Банктер болып табылмайтын және нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің есепшоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы бар брокер-дилерлер (бұдан әрі - бірінші санатты брокер-дилерлер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын аудару жөніндегі операциялар туралы есепті ұсынсын.

      3. Тіркеушілер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес тіркеушілерде жүргізілетін дербес есепшоттар арасында бағалы қағаздарды аудару жөніндегі операциялар туралы есепті ұсынсын.

      4. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 11.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда:
      осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес мәмілелердің тараптарын көрсете отырып мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасасқан сауда-саттықтың нәтижесі туралы есепті ұсынсын.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

      5. 1-4 тармақтарда көрсетілген есептер осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес толтырылады.

      6. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.

      7. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолдансын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының және "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына және "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін;
      3) Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналына осы қаулыны жарияласын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби 
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 1-қосымша   

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

     
[кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы
күн]-ге  дейінгі кезеңде ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен [Брокер-дилердің атау септігіндегі қысқаша атауы] жасасқан мәмілелер туралы
ЕСЕП

--------------------------------------------------------------------
Бірегейлендіру коды    Шарт      Шарттың  Бағалы қағаздың  Мәміленің
                       жасасқан  нөмірі   ұлттық бірегей.  түрі
                       күн                лендіру нөмірі
--------------------------------------------------------------------
       1                2          3          4                5
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
--------------------------------------------------------------------
Бағалы     Бір бағалы  Мәміленің Контрагенттің  Кім ретінде Орналас.
қағаздар.  қағаздың    көлемі    бірегейлендіру қатысты     тыру
дың саны   бағасы      (теңге)   коды
(дана)     (теңге)
--------------------------------------------------------------------
  6          7           8            9             10        11
--------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 2-қосымша     

[кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы
күн]-ге дейінгі кезеңде ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында
Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы
қағаздарын бастапқы орналастыру кезінде
[Брокер-дилердің атау септігіндегі қысқаша атауы] жасасқан
мәмілелер туралы
ЕСЕП

--------------------------------------------------------------------
Бірегейлендіру   Шарт     Бағалы   Мәміленің Бағалы  Бір   Мәміленің
   коды        жасасқан  қағаздың  түрі      қағаз. бағалы  көлемі
                 күн     ұлттық              дардың  қағаз.  (теңге)
                         бірегей.            саны    дың
                         лендіру             (дана)  бағасы
                         нөмірі                     (теңге)
--------------------------------------------------------------------
   1             2         3         4         5       6        7
--------------------------------------------------------------------
     таблицаның жалғасы
-----------------------------------------------
Контрагенттің         Кім ретінде қатысты   
бірегейлендіру коды
-----------------------------------------------
    8                          9
-----------------------------------------------

     

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 3-қосымша     

    Ескерту: 3-қосымшаға толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

[кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы күн]-ге   дейінгі кезеңде ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен [Брокер-дилердің атау септігіндегі қысқаша атауы] жасасқан, орындалмаған мәмілелер туралы
ЕСЕП

--------------------------------------------------------------------
Рет  Бірегейлендіру Шарт жасасқан Шарттың Бағалы қағаздың Мәміленің
 N        коды           күн       нөмірі  ұлттық бірегей.    түрі
                                           лендіру нөмірі
--------------------------------------------------------------------
  А        1            2           3            4              5
--------------------------------------------------------------------
 таблицаның жалғасы
--------------------------------------------------------------------
Бағалы  Бір бағалы  Контрагенттің  Кім ретінде  Орындалмау Орналас.
қағаз.  қағаздың    бірегейлендіру  қатысты     себебі     тыру
дардың  бағасы      коды
саны    (теңге)
(дана)
--------------------------------------------------------------------
  6         7            8            9           10         11
--------------------------------------------------------------------

Бірінші басшы [қолы]                          Бас бухгалтер [қолы]

      М.О.

     Орындаушы [қолы,телефон нөмірі]

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби 
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 4-қосымша     

[кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы күн]-ге дейінгі кезеңде ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен [Брокер-дилердің атау септігіндегі қысқаша атауы] орындаған мәмілелер туралы
ЖИЫНТЫқ ЕСЕП

--------------------------------------------------------------------
Рет Бірегейлен. Мәміле   Эмитенттің Бағалы  Мәміленің Бағалы қағаз.
 N  діру коды   жасасқан    атауы   қағаздың   түрі   дардың саны
                  күн                ұлттық             (дана)   
                                    бірегей.
                                    лендіру
                                    нөмірі
--------------------------------------------------------------------
 А          1           2           3        4        5           6
--------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы
--------------------------------------------------------------------
Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)      Мәміленің көлемі (теңге)
--------------------------------------------------------------------
               7                                 8
--------------------------------------------------------------------

     Бірінші басшы [қолы]                 Бас бухгалтер [қолы]

      М.О.

     Орындаушы [қолы,телефон нөмірі]

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби  
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 5-қосымша    

      Ескерту: 5-қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

[Брокер-дилердің ілік септігіндегі қысқаша атауы] [кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы күн]-ге
дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын аудару жөніндегі операциялар туралы
ЕСЕБІ

--------------------------------------------------------------------
Бұйрық    Бұйрықтың  Бағалы қағаздың  Бағалы     Бір бағалы қағаздың
берілген  нөмірі     ұлттық бірегей.  қағаз.       бағасы (теңге)
күн                  лендіру нөмірі   дардың
                                      саны (дана)
--------------------------------------------------------------------
  1           2             3            4                 5    
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
--------------------------------------------------------------------
Операция   Операцияның Иелігінен  Алушы   Қарсы    Қарсы бұйрықтың
тіркелген  түрі        шығарушы         бұйрықтың       номері
күн                                        күні
--------------------------------------------------------------------
   6          7           8        9        10            11
--------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 6-қосымша    

      Ескерту: 6-қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

[Тіркеушінің атау септігіндегі қысқаша атауы] жүргізетін дербес есепшоттар арасында [кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы күн]-ге дейінгі кезеңде бағалы қағаздарды аудару жөнінде жүргізілген операциялар туралы
ЕСЕП

--------------------------------------------------------------------
Бұйрық   Бұйрықтың Бағалы қағаздың Бағалы қағаздардың Шарт бойынша
берілген  нөмірі   ұлттық бірегей. саны (дана)        бір бағалы 
күн                лендіру нөмірі                     қағаздың ба.
                                                      ғасы (теңге)
--------------------------------------------------------------------
  1           2               3                  4             5
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
--------------------------------------------------------------
Сатушының   Сатып    Ескерту Қарсы     Қарсы     Операцияларды
 коды      алушының          бұйрықтың бұйрықтың тіркеу күні
             коды            күні      номері
--------------------------------------------------------------
   6          7        8      9          10            11
--------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби 
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 7-қосымша    

[Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының ілік септігіндегі қысқаша атауы] [кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы күн]-ге дейінгі кезеңде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен оларды бастапқы орналастыру кезінде жасасқан сауда-саттықтың нәтижесі туралы    ЕСЕБІ

--------------------------------------------------------------------
Күні  Сатып алушының  Сатып алушы  Бағалы қағаздар   Бағалы қағаздың
       коды           кім ретінде  эмитентінің атауы ұлттық бірегей.
                      қатысты                        лендіру нөмірі
--------------------------------------------------------------------
 1         2             3               4                   5 
--------------------------------------------------------------------
      таблицаның жалғасы
--------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың  Бір бағалы  Мәмілелердің   Сатушының  Сатушы кім
саны (дана)         қағаздың    көлемі (теңге)   коды     ретінде
                    бағасы                                қатысты
                    (теңге)
--------------------------------------------------------------------
      6                 7             8             9           10
--------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби 
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 8-қосымша    

      Ескерту: 8-қосымшаға толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының ілік
септігіндегі қысқаша атауы][кк.аа.жж форматтағы күн]-нен бастап [кк.аа.жж форматтағы күн]-ге дейінгі кезеңде мәмілелердің тараптарын көрсете отырып мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасасқан сауда-саттықтың нәтижесі туралы
ЕСЕБІ

--------------------------------------------------------------------
Күні  Сатып алушының  Сатып алушы          Бағалы қағаздың   Бағалы
         коды         кім ретінде қатысты  ұлттық бірегей.   қағаз.
                                           лендіру нөмірі    дардың
                                                              саны
--------------------------------------------------------------------
 1        2                 3                   4                5
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
-----------------------------------------------------------------
Мәмілелердің    Бір бағалы       Сатушының  Сатушы кім  Орналас.
көлемі (теңге)  қағаздың         коды       ретінде     тыру
                бағасы (теңге)              қатысты
-----------------------------------------------------------------
      6                 7          8          9           10
-----------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби 
қатысушыларының және бағалы  
қағаздармен сауда-саттық   
ұйымдастырушылардың апта және ай
сайынғы есепті ұсыну тәртібі 
туралы" Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130
қаулысына 9-қосымша     

      Ескерту: 9-қосымшаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысымен .

"Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы
қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысының 1-8 қосымшаларын толтыруға нұсқау

      1. 1-8 қосымшаларды толтырғанда рәміздік белгілер латын әліпбиінің бас әріптерімен көрсетіледі.
      2. 1, 3, 6, 8 қосымшаларда "Бірегейлендіру коды", "Контрагенттің бірегейлендіру коды", "Сатушының коды", "Сатып алушының коды" бағандарын толтырғанда бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушысының уәкілетті орган берген бірегейлендіру коды көрсетіледі.
      3. 1, 3, 5, 6, 8 қосымшаларда "Шарт жасасқан күн", "Мәміле жасасқан күн", "Бұйрық берілген күн", "Күні" бағандарын толтырғанда "кк.аа.жж." форматтағы күн көрсетіледі.
      4. 1, 3 қосымшаларда "Мәміленің түрі" бағанын толтырғанда мынадай рәміздер пайдаланылады:
      В - сатып алу;
      S - сату.
      5. алынып тасталды
      6. 1, 3 қосымшаларда "Кім ретінде қатысты", "Сатып алушы кім ретінде қатысты", "Сатушы кім ретінде қатысты" бағандарын толтырғанда мынадай рәміздер пайдаланылады:
      B - брокер;
      D - дилер.
      7. 1, 3 қосымшаларда "Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)", "Мәмілелердің көлемі (теңге)" бағандарын толтырғанда деректер мәміле жасалған күнге көрсетіледі.
      7-1. "Орналастыру" бағанын толтыру кезінде 1, 3, 8-қосымшаларда мынадай символдар пайдаланылады:
      "1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
      "2" - бағалы қағаздарды екінші рет орналастыру.
      8. 5 қосымшада "Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)" бағанын толтырғанда деректер мәміле жасалған күнге көрсетіледі.
      9. алынып тасталды .
      10. 5-қосымшада:
      1) "Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)" бағаны сатып алу-сату мәмілесі негізінде бағалы қағаздарды аудару бойынша операция жасалған жағдайда толтырылады;
      2) "Операцияның түрі" бағанын толтырғанда мынадай рәміздер пайдаланылады:
      "Т" - бағалы қағаздарды бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының есепшотына/нан тізілім ұстаушыдағы, бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардағы басқа дербес есепшотқа/тан аудару жөніндегі операциялар;
      TI негізі кепілдікке беру, сыйға тарту, мұрагерлікке қалдыру, сот органдарының шешімі болып табылатын операцияларды қоспағанда, нақтылы ұстаушы ішіндегі бағалы қағаздарды аудару жөніндегі операциялар;
      3) бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушысы бағалы қағаздарды иелігінен шығарушы ретінде қатысқан жағдайда "Иелігінен шығарушы" бағанын толтырған кезде оған уәкілетті орган берген бірегейлендіру коды көрсетіледі;
      4) бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушысы бағалы қағаздарды алушы ретінде қатысқан жағдайда "Алушы" бағанын толтырған кезде оған уәкілетті орган берген бірегейлендіру коды көрсетіледі;
      5) нақтылы ұстаушы ішінде бағалы қағаздарды аудару жөніндегі операциялар жүргізілген жағдайда "Иелігінен шығарушы", "Алушы" бағандарын толтырған кезде мынадай рәміздер пайдаланылады:
      Р - жеке тұлғалар;
      L - заңды тұлғалар.
      11. 6-қосымшада:
      1) "Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге)" бағаны сатып алу-сату мәмілесі негізінде бағалы қағаздарды бір дербес есепшоттан басқасына аудару жөніндегі операция жасалған жағдайда толтырылады, мұндайда деректер операция жасалған күнге көрсетіледі;
      2) "Сатушының коды" бағаны егер сатушы бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы болып табылған жағдайда толтырылады;
      3) "Сатып алушының коды" бағаны егер сатып алушы бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы болып табылған жағдайда толтырылады;
      4) "Ескерту" бағанын толтырған кезде мынадай рәміздер пайдаланылады:
      "1" сатып алу-сату мәмілелерінің негізінде бағалы қағаздарды бір дербес есепшоттан басқасына аудару жөніндегі операциялар;
      "2" негізі кепілдікке беру, сыйға тарту, мұрагерлікке қалдыру, сот органдарының шешімі болып табылатын операцияларды , сондай-ақ тараптардың бірі осы бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мәмілелер бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының жеке шоттары бойынша операцияларды қоспағанда, бағалы қағаздарды бір дербес есепшоттан басқасына аудару жөніндегі басқа операциялар.