Шет елдегі мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшін дәлелді деп танылатын себептердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1849.

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 02.04.2015 № 11-1-2/126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Шет елдегі мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшін дәлелді деп танылатын себептердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді.

      Мемлекеттік хатшы -
      Министр

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының -
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
N 243 бұйрығымен   
бекітілген      

Шет елдегі мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшін
дәлелді деп танылатын себептердің тізбесі

      1. Дипломатиялық қызмет қызметкерінің не қызметшісінің немесе олардың отбасы мүшелерінің ұйғарылған болу мемлекетінде жұмыс істеуі үшін қарама-қайшы деп танылған айғақтар болса (медициналық қорытынды негізінде).
      2. Дипломатиялық қызмет қызметкерінің не қызметшісінің асырауындағы адамдарға күтім жасау қажеттілігі және заң бойынша оларға қамқорлық жасауға міндетті басқа адамдар болмаған жағдайда денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты тұрақты түрде бөгде адамның көмегіне зәру болуы.
      3. Жай-жапсары ұқсас елге жіберілген жағдайда климаты ауыр және күрделі әскери-саяси жағдайлары бар елдерде ұзақ жұмыс өтілінің (3 жылдан кем емес) болуы.