Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы
N 60
қаулысымен.
______________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы
N 210
қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктерді ерікті тарату ережесінің:
кіріспесіндегі "ерекшелігін" деген сөзден кейін "; ерікті түрде таратылатын банк кредиторларының комитетін (бұдан әрі - кредиторлар комитеті) құрудың және қызметінің ерекшелігін" деген сөздермен толықтырылсын.
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне
K941000_
, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"
Z952444_
, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы"
Z952155_
және "Акционерлік қоғамдар туралы"
Z980281_
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.";
2-тармақтағы "мемлекеттік емес" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) банк қызметіне аудит жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған банк активтерінің құнын бағалау туралы есеп.";
11-тармақтағы "тез арада" деген сөздер "он күндік мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы:
"жиналысы" деген сөзден кейін "оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып бір айлық мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Кредиторлардың комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын, оған қоса тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін акционерлердің жалпы жиналысы бекітуі мүмкін.";
14-тармақтың 1) тармақшасындағы "тоқтатылады" деген сөз "жойылады" деген сөзбен ауыстырылсын.
17-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші азатжолмен толықтырылсын:
"Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.";
20-тармақтағы:
"облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
"филиалдары" деген сөзден кейін "және (немесе) өкілдіктері" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың:
бірінші азатжолындағы "оның" деген сөзден кейін "тарату комиссиясы мүшелерінің ішінен тағайындалатын" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бөлімше басшысы және бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.";
22-тармақтағы "филиалын" деген сөзден кейін "және (немесе) өкілдігін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Тарату комиссиясының төрағасы оралымды басқаруды жүзеге асырады, бөлімше басшыларының жұмысын және бөлімшелердің қызметін бақылайды.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Банк шығарған акциялар жиынтығының бес немесе одан да көп процентін иеленуші таратылатын банк акционерлері банктің тарату комиссиясының құрамында өз өкілдерін ұстауға құқылы.";
26-тармақтың:
1) тармақшасындағы "мөрлерін, мөртабандарын" деген сөздерден кейін "ақпараттың электрондық жеткізгіштерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1), 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайын анықтайды және талдау есебіндегі деректермен салыстырып тексереді;";
"3-1) кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда қолда бар деректерді және жазбаша хабарлауға болмайтын себептерді көрсете отырып акт жасайды;
3-2) тарату комиссиясының құрылу күніне қарай электрондық түрдегі қолда бар есептік-бухгалтерлік ақпаратты басып шығаруды жүзеге асырады. Электрондық түрдегі мұндай ақпарат болмаған жағдайда қағаз жазбадағы ақпарат негізге алынады;";
8) тармақшадағы "күшін жою" деген сөздер "қайтарып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттың электрондық жазбаларының, сондай-ақ банктің басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;
16-2) толық материалдық жауапкершілік жүктелген адамдардың тобын, оның ішінде банктің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық және басқа есебін өңдеудің электронды жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдарды белгілейді;";
"19-1) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүлкінің жетіспеу фактісі анықталған жағдайда банкті банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті;";
28-тармақтағы "беруге" деген сөзден кейін ", сондай-ақ бұл туралы Ұлттық Банкке хабарлауға" деген сөздермен толықтырылсын.
29-тармақтың бірінші және екінші азатжолдарындағы "филиалдары" деген сөзден кейін "және (немесе) өкілдіктері", "филиалдарының" деген сөзден кейін "және (немесе) өкілдіктерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тарату комиссиясы Ұлттық Банк белгілеген мерзімде атқарылған жұмыс туралы есепті, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да береді.
Банктің филиалдары мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыратын бөлімше тарату комиссиясының төрағасына жасалған жұмыс туралы есеп ұсынады.";
31-тармақтағы "жазба" деген сөзден кейін ", сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы қайта бекіткен жоспарды және тарату кестесін" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақтағы "несиелер" деген сөз "заемдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
36-тармақтың үшінші азатжолындағы "несиелер" деген сөз "заемдар" деген сөзбен толықтырылсын;
39-тармақтағы "тәртібімен" деген сөзден кейін "және кредиторлардың комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақтағы:
"заңды" деген сөзден кейін "және жеке" деген сөздермен толықтырылсын;
"мақсатында" деген сөзден кейін "растау құжаттарының көшірмелерімен қоса" деген сөзбен толықтырылсын;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Шағым-талап ұсыну мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ ұсынылған шағым-талаптың бәрі қаралғаннан кейін банктің тарату комиссиясы бір айлық мерзімде активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу нәтижелері ескерілген аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын банктің мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген шағым-талаптар мен өтініштердің тізбесі, оларды қарау нәтижелері және банктің кредиторлары талап етпеген берешектер, кредиторлар талаптарының тізілімі туралы мәліметтер болуға тиіс.
Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар банктің аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктердің аралық тарату баланстары ескеріле отырып жасалады.
Тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен оның қосымшаларын, сонымен бірге кредиторлардың тізілімін Ұлттық Банк белгілеген нысандарда жасайды және акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі. Тарату комиссиясы бекітілген аралық тарату балансының көшірмесін қосымшаларымен бірге Ұлттық Банкке береді.";
мынадай мазмұндағы 48-1 және 48-2-тармақтармен толықтырылсын:
"48-1. Кредиторлардың тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жасайды және ол "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"
Z952444_
Қазақстан Республикасы Заңының 74-2 бабында белгіленген кезектілікке сәйкес болуы тиіс.
Кредиторлардың тізіліміне банк кредиторларының даусыз болып табылатын талаптары енгізіледі.
48-2. Сот шешімдері бойынша орындау құжаттары мойындалған талаптар болып табылады және орындалмаған соманың мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптарының тізілімінде есепке алынады.
Заңды күшіне енген, ерікті таратылатын банктің ағымдағы есепшотына ұсынылған соттың шешімдері жөніндегі орындау құжаттары кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.";
50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Тарату массасын белгіленбеген мақсатқа жұмсауға жол берілмейді.".
мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
"53-1. Тиісті кезек келген кезде кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде есеп айырысудың теңбе-тең принциптерін сақтай отырып, ақшалай және (немесе) мүліктің нақты өзін беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Кредиторлардың шағым-талаптар (өтініштер) беру үшін тарату комиссиясы белгілеген мерзім өткеннен кейін мойындалған, бірақ тарату балансы бекітілгенге дейін мәлімделген талаптары кредиторлардың белгіленген мерзімде мәлімдеген талаптары қанағаттандырылғаннан кейін банктің қалған мүлкінен қанағаттандырылады.";
54-тармақтың екінші азатжолындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздер "кредиторлармен есеп айырысу үшін белгіленген кезектілік тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
57-тармақтағы "банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртіппен" деген сөздер "банкроттық негіз бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тараулармен толықтырылсын:
"6-1-тарау. Кредиторлардың комитеті
57-1. Кредиторлардың мүддесін қамтамасыз ету және оларды банкті тарату ісіне қатыстыра отырып шешім қабылдау мақсатында кредиторлардың комитеті құрылады.
57-2. Банк кредиторлары комитетінің құрамын кредиторлардың талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап он күндік мерзімде тарату комиссиясы қалыптастырады, тарату комиссиясы төрағасының қолы қойылады және бекіту үшін Ұлттық Банкке жіберіледі.
57-3. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың тізіліміне енгізілген талаптар сомасы ең көп кредиторлардың, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"
Z952444_
Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында көзделген кредиторлар санатының әрқайсысынан кемінде бір кредитордың кіруіне құқығы бар.
57-4. Кредиторлардың комитеті кемінде үш адам болатын мүшелерінен тақ саннан тұрады.
57-5. Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартуға құқылы.
57-6. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне комитеттің алғашқы мәжілісінің өткізілетін жері және күні туралы хабарлайды.
Кредиторлар комитетінің алғашқы мәжілісі кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс. Кредиторлар комитеті алғашқы мәжілісте дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған жағдайда шешуші дауыс құқығы берілетін комитет төрағасын сайлауға міндетті. Кредиторлар комитетінің төрағасы комитет жұмысының жоспарын жасап, бекітеді.
57-7. Кредиторлар кеңесінің бұдан кейінгі мәжілістері комитет белгілеген тәртіппен және мерзімде шақырылады.
57-8. Кредиторлар комитеті мынадай қызметті жүзеге асырады:
1) банкті таратуға қатысты барлық құжаттармен танысады;
2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы шағымдарды қарауға қатысады;
3) банкті тарату барысында кредиторлардың құқықтарының, заңды мүдделерінің және заңнама талаптарының бұзылғаны туралы, сонымен бірге тарату комиссиясы мүшелерінің өз міндеттерін тиісті түрде орындамауы туралы Ұлттық Банкке хабарлайды;
4) тарату комиссиясының іс-әрекеті туралы Ұлттық Банкке немесе сотқа шағымданады;
5) көпшілік сауда-саттықта мүлікті сату және тарату комиссиясының мәжілісі сияқты кез келген тарату ісін жүргізген кезде оған қатысуға құқығы бар кредиторлар комитеті мүшелерінің ішінен кредиторлардың өкілін сайлайды;
6) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жағдайы туралы ақпарат беруін талап етеді;
7) таратылатын банктің дебиторлық берешегінің өндіріп алу мүмкін емес көлемін бекітеді;
8) тарату комиссиясы ұсынған банктің тарату массасын іске асыру жоспарын бекітеді;
9) тарату шығыстарының сметасын, оған қоса тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін бекітеді;
10) жекелеген кредиторларға хабар беру мүмкін емес екендігі туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді;
11) таратылатын банктің балансынан мүлікті есептен шығару туралы тарату комиссиясының актісін бекітеді;
12) осы Ережеге сәйкес өзге де іс-қимыл жасайды.
57-9. Кредиторлар комитетінің мәжілісі хаттамамен ресімделеді.
57-10. Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
57-11. Банктің барлық қалған кредиторлары кредиторлар комитетінің мәжілісіне кеңесші дауыс құқығымен қатысуға құқылы.
6-2-тарау. Тарату комиссиясының қызметін бақылау
57-12. Тарату комиссиясының қызметін бақылауды Ұлттық Банк жүзеге асырады.
Ұлттық Банк тарату комиссиясының қызметін бақылауды мынадай жолдармен:
1) тарату комиссиясының есеп пен қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілеу;
2) банктің тарату комиссиясының ұсынуы бойынша кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.
57-13. Егер банктің тарату комиссиясының қызметін тексеру не Ұлттық Банкке берілген мәліметтерді талдау нәтижесінде кредиторлар мен акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, сондай-ақ тарату процесін жүргізуде заңмен реттеудің өзге де тәртібінің бұзылғаны анықталса, Ұлттық Банк банктің тарату комиссиясына көрсетілген құқық бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқама жібереді.
57-14. Тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк кредиторлардың бұзылған құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сотқа не прокуратура органдарына өтініш жасауға құқылы.";
59-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне" деген сөздер "әділет органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Тарату комиссиясының өкілеттіктері әділет органынан банктің таратылуын тіркеу туралы бұйрықты алғаннан соң банктің құжаттарын архивке сақтауға өткізіп, бұл жөнінде Ұлттық Банкке хабарлағаннан кейін тоқтатылады.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
3. Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату ісін бақылау басқармасынан осы қаулыны алған күннен бастап төрт күндік мерзімде ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы