Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 28 ақпандағы N 61. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1825.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 V991059_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріндегі:
      3-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны орналасқан үйден 50 метр радиуста күзетілетін және бақыланатын аймақ болмаған жағдайда, бөлмеге электромагниттік арналар бойынша ақпараттың жария болмауынан қорғайтын құралдар орнатылуға тиіс.";
      28-тармақтағы:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны осы Ереженің талаптарын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы бекіткен Төлем жүйесін пайдаланушылардың жұмыс орындарын аттестациялау жөніндегі іс-шаралардың жоспарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аттестациясынан өтуі тиіс.";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" деген сөздер алынып тасталсын;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Төлем жүйесін пайдаланушының осы Ережелерде белгіленген шарттар мен талаптарды орындауын тексеруді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тиісті комиссияны тағайындайды.";
      30-тармақ алынып тасталсын;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Комиссия төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына жүргізілген тексеру негізінде оның нәтижелері туралы есеп жасайды, оған комиссия мүшелері, төлем жүйесін пайдаланушының басшылығы бұрыштама қойып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына ұсынылады.";
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Төлем жүйесін пайдаланушы осы Ережелердің барлық талаптарын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйесін пайдаланушыға аттестациядан өткені туралы жазбаша растауды жібереді.";
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Төлем жүйесін пайдаланушы осы Ережелердің талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оған аттестациядан қайта өту мерзімін белгілеуге құқылы. Сонымен қатар мұндай пайдаланушы аттестациядан өткенге дейін оған қызмет көрсету тоқтатылуы мүмкін.";
      34-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу 
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік 
кәсіпорнына жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін. 
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     Мамандар:
        Икебаева А.Ж.
        Омарбекова А.Т.