"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы 1999 жылғы 7 қазандағы N 325 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 17 ақпан тіркелді. Тіркеу N 1059. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 95 Қаулысымен.

      1999 жылғы 1 қазанда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орнынан түсуін қабылдауына және Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 29-бабының 5-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер орнынан түсуге өтініш берсін.
      Мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда көрсетілген санаттары орнынан түсуі туралы өтініштері бойынша шешім қабылданғанға дейін өздерінің міндеттерін атқарсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі