Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.
"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Z010246_ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн халықтың табысын анықтау мәселелерiндегi тәсiлдердi жетiлдiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө V021782_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне:
5-тармақта "1-қосымша" деген сөздердегi "қосымша" деген сөздiң алдынан "үлгілiк"деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақта:
"2-7 қосымшалар" деген сөздердегi "қосымшалар" деген сөздiң алдынан "үлгiлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
"құны" деген сөзден кейiн "аймақтардың ерекшелiктерi және тиiстi жергiлiктi атқару органы мәлiметтерiнiң негiзiнде орташа көрсеткiштерге енгiзiлетiн түзетулер ескерiле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Табысты есептеу үшiн облыстық (Астана және Алматы қалаларының) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдарына статистика жөнiндегi облыстық органдар ұсынатын 2-7 үлгiлiк қосымшаларында көрсетiлген өнiмдерге облыстарда өткен жылы қалыптасқан орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
Ұсынылған бағалар аймақтардың ерекшелiктерi ескерiле отырып түзетiлуi және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асырушы аудандық (қалалық) уәкiлеттi органдарға жiберiлуi мүмкiн.".
9-тармақта "8-қосымша" деген сөздердегi "қосымша" деген сөздiң
алдынан "үлгiлiк"деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: "Учаскелiк комиссиялардың қорытындысына сәйкес адамның (отбасының) материалдық жағдайын төмендеткен мәлiметтердi өтiнiш берушi әдейi ұсынған жағдайда, атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшерiн қайта қарауы мүмкiн.". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Келісілді: Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары 2002 жыл 11 сәуір Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.