Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1809. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ҚР МЖ 06 ИСО 3166. - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар" және ҚР МЖ 07 ИСО 4217 2001 - "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiн пайдалану қажеттiгiне, сондай-ақ өткiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi жүйелеудi жетiлдiруге байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                               ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 V991011_ қаулысымен бекiтiлген:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қолдану ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      2) 3-тармақтың 8), 9) және 10) тармақшалары алынып тасталсын;
      3) 8-тармақтағы "ақпарат беру жүйесiнде пайдаланылған Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымның (ISО) стандарттарына" деген сөздер "ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар осы Ереженiң талаптарын бұза отырып толтырылған төлем құжатын акцептеуден бас тартуға мiндеттi.";
      5) мынадай мазмұндағы 18-2-тармақпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ТББЖ кодтарына қатысты жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, екiншi деңгейдегi банктер "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамы, клиринг ұйымдары, "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамы бередi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес

 

қалыптастырады.";

     6) N 2 қосымшаға:

     төлем белгiлеу кодтары кестесiндегi:

     "0 - Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылар" бөлiмi "Жергiлiктi

бюджеттерден трансферттер" - 029 кодымен толықтырылсын;

     "1 - Ерекше аударымдар" бөлiмiндегi 130, 140, 170, 180 кодтарының

атауы ауыстырылсын және мынадай атаулары бар 131, 132, 171, 172, 181, 182

кодтармен толықтырылсын:

_________________________________________________________________________

            130 - Филиалдар мен өкiлдiктердi қаржыландыру

  131       Филиалдар мен өкiлдіктердi қаржыландыру

  132       Филиалдар мен өкiлдiктердiң қаражатты қайтаруы

  140       Төлем карточкаларын пайдаланып төлем жасау

            170 - Конференцияларға, аукционға, тендерге қатысу

  171       Кепiлдiк жарна

  172       Кепiлдiк жарнаны қайтару

            180 - Құжаттамалық операциялар

  181       Аккредитивтер бойынша операциялар

  182       Кепiлдiктер бойынша операциялар

_________________________________________________________________________

     "2 - Шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар"

бөлiмiндегі:

     "Теңгеге шетел валютасы" 211, 221 кодтарының атауы "Биржадағы теңгеге

шетел валютасы" деп жазылсын;

     "Биржадан тыс шетел валютасы" 213, 223 кодтарымен толықтырылсын;

     "4 - Кредиттер" бөлiмiндегi:

     "кредиттер", "кредиттердiң" деген сөздер "заемдар", "заемдардың"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     "9 - Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу" бөлiмi мынадай

редакцияда жазылсын:

________________________________________________________________________

             9 - Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу

          910 - Бюджет алдындағы мiндеттемелер

   911    Декларациялар, есептер

   912    Өткен жылдардағы мерзiмiнде жасалмаған төлемдердi өтеу

   913    Тексеру (қайта тексеру) актiлерi бойынша

   914    Банкроттық рәсiмдердi өткiзу кезеңiнде

   919    Басқалары

          920 - Арнайы салық режимдерi

   921    Бiржолғы талон негiзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң

   922    Патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң

   923    Жеңiлдетiлген декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерiнiң

   924    Шаруа (фермер) қожалықтары үшiн

   925    Заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер үшін

   926    Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн

   929    Басқалары

          930 - Салық санкциялары және айыппұлдар

   931    Салық заңдарын бұзғаны үшiн

   932    Тексеру (қайта тексеру) актiлерi бойынша

   939    Басқалары

          940 - Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң қайтарылуы,

          аударылуы

   941    Артық төленген сомаларды банктiк есепшотқа қайтару

   942    Қосылған құн салығын экспортерлерге банктiк есепшотқа қайтару

   943    Бюджеттiк жiктеушiнiң бiр кодынан екiншi кодына ауыстыру

   944    Сот органдарының шешiмдерi бойынша салық органдарының заңсыз

          iс-әрекетiнен болған шығындардың орнын толтыру

   945    Сот органдарының шешiмдерi бойынша салықтарды (төлемдердi)

          қайтару

   949    Басқалары

________________________________________________________________________

     Төлемдер белгiлеу кодтары кестесiнiң ескертуiндегi:

     1 - "Арнайы аударымдар" бөлiмi:

     мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын:


 
       "Төлем карточкалары пайдаланылатын төлемдер - сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдер.";
      алтыншы, жетiншi және сегiзiншi азатжолдар тиiсiнше жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы азатжолдар болып саналсын;
      жетiншi азатжолдағы:
      "шетелдiк банктер Қазақстан банкiне олар арқылы төлемдердi жүзеге асырған кезде" деген сөздер және "шет елден алынған" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мұндай код сондай-ақ қазақстандық банк делдал банк болған жағдайда бiр шетелдiк банктен екiншi шетелдiк банкке ақша аударған кезде қойылады.";
      сегiзiншi азатжолдағы "клирингтiк ұйымдардың таза позицияларды есеп айырысу ұйымдарына аударуы" деген сөздер "үстеме төлемдер есебiнiң нәтижелерi бойынша таза позициялардың сомасын аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай редакциядағы оныншы және он бiрiншi азатжолдармен толықтырылсын:
      "Аккредитив бойынша операция - эмитент банктiң бұйрық берушi клиенттiң есепшотынан осы банктiң есепшотына аккредитив бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз етуге (орнын жабуға) ақша сомасын аударуы, бұған аккредитивтердi орындағаны үшiн сыйақы сомасын аудару кiрмейдi. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде эмитент банктiң бенефициардың есепшотына ақша аударуы төлемнiң мақсатына қарай кодталады.
      Кепiлдiк бойынша операция - гарант банк клиент алдындағы кепiлдiк мiндеттемелерiн орындаған жағдайда борышкер банктiң гарант банкке ақша аударуы. Кепiлдiк жағдай болған кезде гарант банктiң клиентке ақша аударуы төлемнiң мақсатына қарай кодталады.";
      3 - "Депозиттер" бөлiмiндегi:
      екiншi азатжолдағы соңғы сөйлем екiншi сөйлем болып есептелсiн;
      үшiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талап ету бойынша берiлетiн депозиттерге банктердiң және олардың клиенттерiнiң банктiк есепшоттарындағы (оның iшiнде карт-есепшоттарындағы) ақшасы кiредi, оған шартты және мерзiмдi жинақ есепшоттарындағы ақша кiрмейдi.";
      4 - "Кредиттер" бөлiмiндегi барлық септiктегi "кредит" деген сөз тиiстi септiктегi "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5, 6 - "Бағалы қағаздар" бөлiмi мынадай редакциядағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Резидент емеске бағалы қағаздарды сату кодын мәмiлеге қатысушы резидент осы бағалы қағаздарды резидент еместiң сатып алуы ретiнде белгiлейдi.";
      "7 - Тауарлар және материалдық емес активтер бөлiмiндегi:
      төртiншi азатжолдағы "жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар," деген сөздерден кейiн "химиялық және медициналық дәрi-дәрмектер," деген сөздермен толықтырылсын;
      9 - "Бюджетке төлемдер және бюджеттен төлеу" бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл бөлiмге мемлекеттiк бюджетке төлемдер және мемлекеттiк бюджеттен төлемдердi қайтару (зейнетақы мен жәрдемақылардан басқасы) кiредi.
      Бюджет алдындағы мiндеттемелер:
      декларациялар, есептер - бұл код салық есебiнiң негiзiнде ағымдағы жылдың төлеу мерзiмiнiң басталуы бойынша бюджетке салықтар және басқа төлемдер аударған кезде қойылады. Оған арнайы салық режимдерi қолданылған кезде ұсынылған декларациялар, есептер жатпайды;
      өткен жылдарда мерзiмiнде жасалмаған төлемдердi өтеу - өткен кезеңдер үшiн салықтар мен төлемдер бойынша негiзгi берешектi (мерзiмiнде жасалмаған төлемдердi) (өсiмпұлдар мен санкцияларды қоспағанда) бюджетке аударған кезде;
      тексеру (қайта тексеру) актiлерi бойынша - салық сомасын және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеген кезде салықтық тексеру (қайта тексеру) нәтижелерi бойынша есептелген салық сомасы және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы хабарлама негiзiнде төлеуге ұсынылған салықтардың сомасын және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (өсiмпұлдар мен айыппұл санкцияларын қоспағанда) аударған кезде;
      банкроттық рәсiмдердi өткiзу кезеңiнде - банкроттық рәсiмдердi өткiзу кезеңiнде салықтардың сомасын және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (өсiмпұлдар мен айыппұл санкцияларын қоспағанда) аударған кезде қолданылады.
      Арнайы салық режимдерi шағын бизнес субъектiлерiнен, жеке кәсiпкерлерден, шаруа (фермер) қожалықтарынан, ауылшаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалардан бюджетке түскен түсiмдердi (өсiмпұлдар мен айыппұл санкцияларын қоспағанда) талдау және басқару мақсатында қолданылады.
      Салық санкциялары және өсiмпұлдар - салық төлеушiлердiң барлық санаттары бойынша бюджетке салық санкцияларын және өсiмпұлдарды аудару.
      Салық сомаларын және басқа мiндеттi төлемдердi қайтару, аудару:
      артық төленген сомаларды банктiк есепшотқа қайтару - бұл код салықтарды және бюджеттен төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi салық заңдарына сәйкес қайтарған кезде қойылады;
      қосылған құнға салықты экспортерлерге банктiк есепшотқа қайтару экспортерлерге банктiк есепшотқа нөлдiк ставка бойынша қосылған құнға салық сомасын қайтарған кезде;
      бюджеттiк жiктеушiнiң бiр кодынан екiншi кодына ауыстыру - салық төлеушi салықтар мен төлемдер сомасын қателесiп есептеген, аударған кезде салық заңдарына сәйкес бюджеттiк жiктеушiнiң бiр кодынан екiншi кодына ауыстыру;
      сот органдарының шешiмдерi бойынша салық органдарының заңсыз iс-әрекетiнен болған шығындардың орнын толтыру - бюджеттiң шығыс бөлiгiндегi бекiтiлген смета бойынша салық органдарының заңсыз iс-әрекетiнен болған шығындардың орнын республикалық бюджеттен толтырған кезде;
      сот органдарының шешiмдерi бойынша салықтарды (төлемдердi) қайтару - салық органдары сот органдарының шешiмдерi бойынша мемлекеттiк бюджеттен салықтарды (төлемдердi) қайтарған кезде қойылады.
      Басқалары - осы бөлiмнiң әрбiр тобында тиiстi топта көзделген мазмұны жағынан сай келмейтiн операциялар бойынша төлемдердiң белгiленуi көрсетiледi.";
      7) Ережеге N 3 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
 

                                           Қазақстан Республикасының Ұлттық



                                           Банкi Басқармасының 1999 жылғы

                                           N 388 қаулысымен бекiтiлген

                                           Қазақстан Республикасының

                                           мемлекеттiк жiктеуiшiн - төлем

                                           белгiлеудiң бiрыңғай жiктеуiшiн

                                           қолдану ережесiне

                                           3-қосымша




Кiм ұсынып отыр ___________________________

                         (атауы)


 
 
                     20__ жылғы _______________ төлемдер бойынша
                                (есептi кезең)
 

                                  МӘЛIМЕТТЕР



                           (бұдан әрi - Мәлiметтер)




 

___________________________________________________________________________

Ақ. |Алушы |Бенефи.|Тө. |Ақша жіберуші|Бенефициар|       Толық көрсету

па. |банк. |циар   |лем |_____________|__________|_________________________

рат.|тің   |банктің|бел.|Рези.|Эконо. |Рези.|Эко.|Төлем |Есеп.|Тө.  |Тө.|Ел

тың | ББК, | ББК,  |гісі|дент.|мика   |дент.|но. |белгі.|ті   |лем  |лем|

алы.|алушы |бенефи.|    |тік  |секто. |тік  |мика|леу   |ке.  |нің  |ва.|

ну  | банк | циар  |    |белгі| ры    |белгі|сек.|коды  |зең. |сома.|лю.|

көзі|клиен.|банк   |    |     |       |     |то. |      |дегі |сы   |та.|

    |тінiң |клиен. |    |     |       |     |ры  |      |тө.  |(мың)|сы |

    | ЖБК  |тінiң  |    |     |       |     |    |      |лем. |     |   |

    |      | ЖБК   |    |     |       |     |    |      |дер  |     |   |

    |      |       |    |     |       |     |    |      |саны |     |   |

___________________________________________________________________________

1     2       3      4    5      6      7     8    9     10     11   12 13

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________


     БАСШЫ ___________

     БАС БУХГАЛТЕР ________________

Ескерту:


 
       1. Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Орталық) белгiлеген беру форматтарымен электронды түрде ұсынылады.
      2. Мәлiметтердi уақытылы ұсыну жауапкершiлiгi басшыға жүктеледi.
 
                           Мәлiметтердi толтыру тәртiбi
      1. Ақша аударымының банкаралық жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер бойынша Орталықтың мәлiметтердi (бұдан әрi - Орталықтың мәлiметтерi) толтыру тәртiбi:
      Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақша аударымының банкаралық жүйесi (бұдан әрi - ААБЖ) арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi - өткен операциялық күнгi ақпаратты күн сайын және айлық ақпаратты есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын ұсынып отырады.
      Орталықтың мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Орталықтың мәлiметтерi бойынша 01 саны қойылады;
      2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Алушы банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi;
      3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). 2-баған сияқты толтырылады;
      4-баған - толтырылмайды;
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
      9-баған - төлем белгiлеу коды;
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
      11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
      12-баған - толтырылмайды;
      13-баған - толтырылмайды.
      2. Екiншi деңгейдегi банктердiң, "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамының Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - банктердiң мәлiметтерi):
      екiншi деңгейдегi банктер, "Казпочта" ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мәлiметтердi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын берiп отырады;
      банктердiң мәлiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлетiн (сондай-ақ Қазақстанға және Қазақстаннан жiберiлетiн), оның iшiнде банктiк есепшот ашпай жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi ақпарат кiредi;
      банктердiң мәлiметтерi:
      1) шетелдiк банктердiң Ностро және Лоро корреспонденттiк есепшоттары бойынша банкаралық төлемдерi жөнiнде, оның iшiнде "Казпочта" ААҚ жүзеге асыратын аударымдық почта операциялары бойынша;
      2) банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң екi түрлi клиенттерi арасында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша, оның iшiнде "Казпочта" ААҚ жүзеге асыратын аударымдық почта операциялары бойынша жасалады;

 

     банктердiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем бойынша мынадай

ақпарат кiредi:

     1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi

және оған банктердiң мәлiметтерi бойынша 02 саны қойылады;

     2-баған - алушы банктiң (бас банктiң) ББК қойылады;

     3-баған - бенефициар банктiң (бас банктiң) ББК қойылады.

     Халықаралық төлемдердi жүзеге асырған кезде шетелдiк банктiң ББК

(2-баған немесе 3-баған) тиiстi ақпарат болғанда толтырылады;

     4-баған - Төлем белгiсi (есеп берушi банк үшiн). Бұл баған мынадай

түрде толтырылады:

     01 - Қазақстанның банктерi арасындағы тiкелей корреспонденттiк

есепшоттар бойынша төлем;

     02 - есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей

корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;

     03 - шет елдердегi банктерден есеп берушi банк алған тiкелей

корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;

     04 - банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң жүйесiндегi

екi түрлi клиенттер арасында жүзеге асырылатын төлем. Мұндай жағдайда есеп

берушi банк әрi алушы банк, сонымен қатар әрi бенефициар банк болып

табылады;

     5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;

     6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;

     7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;

     8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;

     9-баған - төлем белгiлеу коды.


 
       Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша келiп түскен халықаралық төлемдердi көрсеткен кезде 5, 6, 9-бағандарды төлемдi жiберген корреспондент банктiң тапсырмасы және/немесе төлем жасау үшiн негiз болатын басқа да (төлемдiк емес) құжаттар негiзiнде есеп берушi банк толтырады;
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
      11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
      12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi;
      13-баған - ел. ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. 1-бөлiм. Елдер кодтары" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне сәйкес толтырылады. Есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - бенефициар банктiң елiнiң коды; есеп берушi банктiң шет елдердегi банктерден алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - ақша жiберушi банктiң елiнiң коды, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын төлемдер үшiн - Қазақстан Республикасының коды - КZ қойылады.
      Төлем карточкаларын пайдалана отырып шет елдерде жүргiзiлетiн операцияларды көрсеткен кезде, ел осы карточкалардың бас офисiнiң тұрған жерi бойынша қойылады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан аумағында жүргiзiлетiн операцияларды көрсеткен кезде, ел КZ деп қойылады.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң мәлiметтерi):
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi жалпы алғанда Ұлттық Банктiң барлық жүйесi бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын қалыптастырылады;
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi Қазақстан Республикасының аумағында (сондай-ақ Қазақстанға және Қазақстаннан жiберiлетiн) Ұлттық Банк жүргiзетiн төлемдер мен аударымдарды көрсетуге арналған;
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi:
      1) шетелдiк банктердiң Ностро және Лоро корреспонденттiк есепшоттары бойынша банкаралық төлемдерi бойынша;
      2) банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң екi түрлi клиенттерi арасында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша жасалады.
      Ұлттық Банктiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Ұлттық Банктiң мәлiметтерi бойынша 03 саны қойылады;
      2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Төлем немесе ақша аударымы өткiзiлген корреспонденттiк есепшот бойынша алушы банктiң БИК және банктiң/банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның ЖБК қойылады;
      3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады.
      Халықаралық төлемдердi жүзеге асыратын кезде шетелдiк банктiң ББК (2-баған немесе 3-баған) тиiстi ақпарат болғанда толтырылады;
      4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
      02 - Ұлттық Банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
      03 - шет елдердегi банктерден Ұлттық Банк алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлем;
      04 - Ұлттық Банк пен оның клиентi арасында немесе Ұлттық Банктiң жүйесiндегi екi түрлi клиенттер арасында жүзеге асырылатын төлем. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк әрi алушы банк, сонымен қатар әрi бенефициар банк болып табылады;
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
      9-баған - төлем белгiлеу коды.
      Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша келiп түскен халықаралық төлемдердi көрсеткен кезде 5, 6, 9-бағандарды төлемдi жiберген корреспондент банктiң тапсырмасы және/немесе төлем жасау үшiн негiз болатын басқа да (төлемдiк емес) құжаттар негiзiнде Ұлттық Банк толтырады;
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
      11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
      12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi;
      13-баған - ел - ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. I бөлiм. Елдер кодтары" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес толтырылады. Есеп берушi банктен шет елдердегi банктерге жiберiлген тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - бенефициар банктiң елiнiң коды; есеп берушi банктiң шет елдердегi банктен алған тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша төлемдер үшiн - ақша жiберушi банктiң елiнiң коды, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын төлемдер үшiн - Қазақстан Республикасының коды - КZ қойылады.
      4. Клиринг ұйымдарының және орталықтың клиринг жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - клиринг жөнiндегi мәлiметтер):
      клиринг ұйымдары және Орталық клиринг жөнiндегi мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-сiне дейiн ай сайын, сондай-ақ Орталық - өткен операциялық күнгi мәлiметтi күн сайын берiп отырады;
      клиринг жөнiндегi мәлiметтер Қазақстан Республикасының аумағында бөлшек төлемдер бойынша ақша ағынын көрсетуге арналған;
      клиринг жөнiндегi мәлiметтер 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған клиринг ұйымдарының мәлiметтерi бойынша 04 саны қойылады;
      2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi;
      3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады;
      4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
      05 - банкаралық клирингтiк төлемдер;
      06 - шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы төлемдер.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен бюджеттiк ұйымдар арасында банкаралық клирингте жүзеге асырылатын ақша аударымдары 05 - төлем белгiсiмен ғана көрсетiледi;
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
      9-баған - төлем белгiлеу коды;
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
      11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
      12-баған - толтырылмайды;
      13-баған - толтырылмайды.
      5. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамының Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi):
      Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын ұсынылып отырады;
      Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi Қазақстан Республикасының аумағында бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн барлық операциялар бойынша ақша ағынын көрсетуге арналған;
      Орталық депозитарий мәлiметтер жасаған кезде әрбiр төлемдi көрсеткен кезде мәмiленiң екi жағын да көрсетедi: бағалы қағаздарды сатып алушыны ақша жiберушi ретiнде, бағалы қағаздарды сатушыны - бенефициар ретiнде. Ақша жiберушi және бенефициар инвесторлар немесе бағалы қағаздармен өздерi үшiн операциялар жасайтын алғашқы дилер банктер болуы мүмкiн;
      Орталық депозитарийдiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:
      1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Орталықтың мәлiметтерi бойынша 04 саны қойылады;
      2-баған - бағалы қағаздар үшiн төлем жасалатын банктiң ББК қойылады;
      3-баған - бенефициар банктiң ББК қойылады;
      4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:
      07 - биржа рыногында жасалған мәмiле бойынша төлем;
      08 - биржадан тыс рынокта жасалған мәмiле бойынша төлем;
      5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;
      6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;
      7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;
      8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;
      9-баған - төлем белгiлеу коды;
      10-баған - есептi кезеңдегi төлемдер саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;
      11-баған - төлемнiң сомасы мың теңгемен, үтiрден кейiн бiр белгi;
      12-баған - толтырылмайды;
      13-баған - толтырылмайды.";
      8) Ережеге N 4 қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының 2002 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енетiн 1-тармағының 1), 5), 7) және 8) тармақшаларынан басқасы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      3. Ақпарат технологиясы департаментi (Молчанов С.Н.) 2002 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген мәлiметтердi өңдеу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi пысықтап, өндiрiстiк пайдалануға берсiн.
      4. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және филиалдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне, "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына, "Мемлекеттiк зейнетақы төлеу жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк

 

кәсiпорнына, екiншi деңгейдегi банктерге, "Казпочта" ашық акционерлiк

қоғамына, "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздардың орталық

депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамына және клиринг ұйымдарына жiберсiн.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсiн.


     Ұлттық Банк

       Төрағасы


     КЕЛІСІЛДІ:

     Қазақстан Республикасының               Қазақстан Республикасының

     Мемлекеттік кіріс министрлігімен        Қаржы министрлігімен

     2002 жылғы 22 ақпанда                   2002 жылғы 26 ақпанда


     Қазақстан Республикасының               Қазақстан Республикасының

     Еңбек және халықты әлеуметтік           Ұлттық қауіпсіздік

     қорғау министрлігімен                   комитетімен

     2002 жылғы 21 ақпанда                   2002 жылғы 1 наурызда

     Қазақстан Республикасының             

     Экономика және сауда министрлігінің

     Стандарттау, метрология және

     сертификаттау жөніндегі комитетімен

     2002 жылғы 4 наурызда    



     Мамандар:

         Омарбекова А.Т.

         Икебаева Ә.Ж.